Намазға, дүниеге қатар шоқыну  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 57

Ислам бірлік дін еді,

Тұрағы  діндер жүрегі.

Намаз деп ислам діңгегі,

Пайғамбардың сүннеті.

Оқылған бес намазың,

Күніне бес рет тазардың.

Үйіңнің алды өзен боп,

Сыртыңан кірді жуғаның.

Тазалық басы дініңнің,

Сақтаған оны киімің.

Ғапыл да болар намазың

Жалаңбас, ашық білегің.

Жаннатқа кірер жүрегің,

Тазалығымен ішкі дүниенің.

Адал еңбек, тер төгіп,

Тазарса қанмен жүз етің.

Иманмен бірге енетін,

Серігің тағдыр білетін.

Аруағың кітап-ғұмырың,

Екі қол іспен өнетін.

Масһабшы дінші шоқынған,

Намазды дейді оқысаң.

Жаннатқа намаз кіргізбек,

Құдайың болды осыдан.

Мешітке кірсең құтылдың,

Күнәсіз болып сен шықтың.

Мешіт пен намаз құтқармақ,

Мұсылман жанын және рұқын.

Мешіт те, намаз да құтқармас,

Ақылың кем, жүрек болса лас.

Күзетшің қорған, аруағың,

Араша тұрар ғұмыр кітабың.

Терістеп құран аятын,

Тажал ғой дінші жаятын.

Орындау ісін жоғалтып,

Намаздың шүкір санатын.

Тәубесі және жоғалған,

Інжілмен күнә ақталған.

Күнәлі рұқты өліммен,

Қайырым мен сауап аталған.

Сопылық қалған тәураттан,

Біліммен ғылым суаттан.

Тау, тасты, жерді арлап,

Нұрына Раббың жалғанған.

Табиғаттан қуат нәр алған,

Жануар, жәндік құс болған.

Адамзатқа болар қызметші,

Белгісін беріп Алла хабардан.

Жын-шайтан шыққан адамнан,

Еңбекке жегіп тазартқан.

Дәуіт пен Сүлеймен үлгісі,

Даналық, ғылым намаздан.

Шоқынтып имам алдайды,

Оқысаң деп намаз қорғайды.

Тазарса зейнет өрісің,

Дене, бой намаз сақтайды.

Құдайым  өзі қорғайды,

Аруағыңмен мұны барлайды.

Сақтансаң сақтар деген ғой,

Намазың күзетші болмайды.

Мешітті де адамдар қорғайды,

Намазбен қуатын жинайды.

Таусылмас қуат емес қой,

Үнемдеп намазын жұмсайды.

Тазартып бойды ұсынған,

Ақыл мен ойың іс болған.

Ішіңнің мүлкі тазармас,

Мың жылдай намаз оқысаң.

Қырық қожа қырдан асырған,

Қырықта ақыл толтырсаң.

Ақылсыз иман енбейді,

Имансыз құшылық бос қалған.

Киімің әдет ғұрпыңмен,

Дәстүр-салт ізгі ісіңмен.

Төрт ақыл түгел бірленсе,

Иман нұр тоғыз кісіңнен.

Намазбен екі аяттан,

Үкімін берген жаратқан.

Намазды алып екі аят,

Құлшылық ісін жоғалтқан.

Күн, түні шықпай отырсаң,

Намазды оқып шоқынған.

Исламға жат надандық,

Масһабпен наным жоғалтқан.

Мақсаты діннің тірегі,

Басқартпақ ғылымға жүректі.

Үш түрлі ғылым негізді,

Меңгерген пайғамбар сүннеті.

Елшіліктер ісін діндерді,

Пайғамбарымыз толық меңгерді.

Пайғамбарлық болып қасиеті,

Раббыдан елшілік нұр бермекші.

Түрлентіп бүгін ғаламды,

Діннен түрлі білім таралды.

Білімнен шығып керемет,

Ілімін-ғылым әлем алмады.

Ел билік бүгін надан-ды,

Діннен ислам бас тартты.

Зиялы білімді қауым да,

Меңгермей дінін бос қалды.

Дүниеге байлық шоқынған,

Мәңгілік елге жоспар құрғызған.

Арсыз ел салтын алғызған,

Имансыз, жансыз бос қалған.

Мәдениетін, әдебін жоғалтқан,

Тарихын тастап заң жазған,

Атасының жол дәстүрін соттаған

Имансыз дінге шоқынтқан,

Ақырзаман үкімін болдырған

Тажалдар кім аңғар осыдан!

***  ****

Намаздың ханы пір Мұхаммед,

Алламен арада дәнекер елшісі деп.

Елшілік дін тазасын жалғаушы ғой,

Шапағатпен адамзатқа уахи бермек.

Ханафи артық болды дінге дерек,

Намаздың ханы болдық тәпсір білсек.

Үш намаздың бірін алып, екісі қалды,

Масһабты жол атаған тажал демек.

Төрт масһабпен бір сүнетті бөліп алып,

Құранды түсінеді төртпен халық.

Төрт ақылды түгелдеген түркі елі,

Дәстүріне масһабтың бірін жамап алып.

Исламды бірлік діні деп атаған,

Бар әлем дінін бірлей біл болсаң Адам.

Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйгізетін,

Ғылыммен бір иманмен болмақ ислам!

(Б.Т.К мамыр 2015 ж)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *