Өмірдің мәні өзгеру,
Күнәні өртеп меңгеру.
Тазартып ескі «рұқ»-ыңды,
Зейнетін бойды теңгеру.
Киелі рухтың зейнетін,
Киімің жарық киетін.
Өнермен ал бес қуатты,
Нәсілдік тек енетін.
Таза ақыл жан суатын,
Киелі рухтың қуатын.
Өсірсең рухтың егінін
Аруағың бұл туатын.
Өмірдің мәні түрлену,
Жаныңа өзге мән беру.
Жан туып жаннан шығатын,
Ақиретке сый беру.
Өлімді ажалсыз меңгеру,
Мың өліп қайта тірілу.
Күнәдан толық тазарып,
Адамдық атқа сай келу.
Ар, иман және махаббат,
Дене боп қайта жаралад.
Ұрығы болып өмірдің,
Қайтадан адам жер басад.
Мансұқ қып жан сырын,
Діншілер оқып тәпсірін.
Шайтандай елді азғырды,
Өмірдің мәнін жасырып.
Жаның бар құдай ұшқыны,
Ескіден дәстүр ұстыны.
Аманаты еді атаңның,
Болмасын киімің жұпыны.
Қайтарсаң жан баланы,
Маңдайда жұлдыз жанады.
Төбеден атаң жалғанып,
Шопан боп сені бағады.
Рухыңнан кие жан өсір,
Жарыңа дән боп бұл бекір.
Суарып оны баптасаң,
Аласың шарап көл-көсір.
Әйелсіз жаның өсер ме?
Етексіз, бойсыз бекер де,
Жаулықсыз болса қатының,
Қанынан қуат келер ме?
Жан өспей арың жетілмей,
Дүние ісің болар бекердей.
Тозақта жанып жарыңмен,
Жүресің қайта тірілмей.
(Сәуір 2014)