Он саусаққа-он саулық,
Сыйғызып берген Бір Алла.
Қарама-қарсы бес қуат,
Бөлгені оң- солыңа.
Он бірінші қуатты,
Өндір деген жаныңа.
Бол дегені Алланың,
Құпия білім тағдырға.
Қарсылыққа тұрсаң қасқайып,
Жалғанарсың жұлдызға.
Аспандағы шырағың,
Жалғыз әсер Бір Алла.
Бөлеп жанды жарқырап,
Қарап тұрар тағдырға.
Хабар беріп Алладан,
Ашылса көзің майдайда.
Екі санмен жұптасып,
Некеден нығмет аларға.
Үшінші асу қарсылық,
Жеткізер меже қайратқа.
Некесіз таза қайрат жоқ,
Жалғанарсыз зинаға.
Адамның болар екі ұлы,
Бір жан бір мал бағарға.
Көкке жалғар несібең,
Төртінші белес басыңда.
Күміс жібің үзілмес
Ардан келер хабарға.
Бесінші деннің саулығы,
Күнаға қарсы тұрарға.
Бес қуатты өнермен,
Меңгеру керек алайда.
Алтыншы саты бірлігін,
Алты жанды жалғауға.
Алтау араз бұл сезім,
Иттік мінез боларға.
Жетінші белес жеткенге,
Жүректі тегіңе қосарға.
Жеті ата аруағың,
Бұртұтас жүрек боларға.
Аруағыңды көтеріп,
Мәртебесін аларға
Сегіздің бар сындары,
Сегіз түрлі жындарға
Қарсы қойып ақылды,
Сегіз қырдан бір сырға
Ақылмен айла қосылып,
Кісілік болар адамға.
Сегізсіз жоқ тура жол,
Жалғанбай кітап аянға.
Меңгере алсаң дәрежең,
Жалғанар мәңгі жандарға.
Тоғызыншы торқалы тойыңмен,
Пешеніңді маңдайда
Төбе астырар төрелік,
Жеткізді деп, шүкір Құдайға.
Оныңа жетіп оңайлық,
Меңгерген ісін жалғанда.
Тоғыз түрлі жан болар,
Тоғысқан дәуір заманда.
Құранда бар аяты,
Үш жүз жылға толғанда.
Хикметіне Раббы жалғанып,
Айналасың бүтін, мәңгі Адамға!
(Қыркүйек 2018 жыл)
**** ***