«Әрбір адамның жаны Алланың еркінде, егер қаласа Алла тағала адамдардың жанын түзу жолға сала алады, қаласа ақиқат жолынан тайдырады. Дүниедегі өлшем атаулының бәрі Алланың еркінде. Қаласа бір халықты билікке көтеріп, алға оздырады, ал басқа бір халықты ақырет күніне дейін азапқа салады».

Алла тағаланың барлық жаратқан нәрселерінде бағыты,қырлары суықтық, ыстықтық, жарық, қараңғы белгілерінің айырмашылығы мен өзіндік заттық, нәрселік сипатын алады. Біз көрмеген, көре алмайтын барлық жаратылыс тегінде қасиет белгісі бар. Сондықтан Құранда адам үйі деген аят бар


«Шайтан» сөзі негізінен терең ұғымдағы, ішкі  сыртқы шамасы бар, тербелістік өлшемі және жаратушымыздың түсірген белгілі бір мақсаттағы іс орындаушысы. Құранда  көп тәпсірлерде аздырушы, азғын деп түсіндіріледі. «Егер мен қаласам бәріңді тура жолға салар едім, егер арада бір сөз өтпесе» деген ескерту аят бар Құранда.

 

     Адам тұлғасы қасиет, қабілеттерді меңгеру нәтижесінен өзгеріске ұшырап дамып, түрленіп отырады. Негізінен тұлғалық түрлену тілге және ананың қанына тәуелділікте болады. «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деген дана қазақ. «Алып анадан туады» дейді тағы да. Даналық та ана сүтімен қалыптасады. Ол тек қызға қырық нәрсені тыйым сала білгенде және ұлт ерекшілігін қалыптастыра білген жанұядан ғана шығады ондай жандар.

     Дүние айналған мұхит? Жер бетінің  басым бөлігін  су алып жатыр. Әлемнің шырағы — күн. Ол барып әлемдік зор мұхитқа шомылады.  Онан көтерілген бу аспанға ұшып, бұлт болып айналады. От пен судың шарпысуынан жел туындайды.  Сол жел бұлтты айдап, аспан әлемінде от пен судың  ұшқыны  шарпысады.

     «Және ол, сендерді бір-ақ кісіден жаратқан. Сендерге уақытша орын тұрақ бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан ашық баян еттік». (Әнғам -98) Сол тұратын орынды бақша деп атаған Құранда.

     «Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар (19) Әрине оларды  да аталарын да  ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық» (Әнбия-44). Жаратылған нәрселердің бәрі бір жағдайдан бір жағдайға өтеді деп ескертеді жаратушымыз, сол өткелді өлім деп атаймыз.

    «Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де,  оның белгілерінен. Күдіксіз  бұларда тыңдаған  қауым үшін  белгілер бар (Рұм – 23). Кеңшілік деп көрінбейтін өмір жиілігінен несібе жинауды ескертеді, яғни ұйқы кезінде есту қасиетінің тазарудан өтіп, есеп беріп отырады.

     Ұйқы, ұзақ ұйқы, естен тану белгілерінің бәрі кіші өлім деп аталып, ал жанның толық шығу болмысын Ажал деп атайды. Ажалдың белгілеген орындаушысы бар. Және сипаттары да адамзат тіршілік ету нәтижесіне байланысты болатын құбылыс. «Ақыры олардың әрбіріне өлім келген сәтте – Раббым! Мені дүниеге қайтар!