Дүние желден жүйрік, судан терең,
Жан жұсап тәнді, ар іздеген.
Әр пендеде әр түрлі күнкөріс бар
Бір әке, бір шешеден туғанменен.
Дүние желден жүйрік, судан терең,
Жан жұсап тәнді, ар іздеген.
Әр пендеде әр түрлі күнкөріс бар
Бір әке, бір шешеден туғанменен.
Қар жауып қаңтар келді сықырлаған,
Қаңтарда жорықтарға шыққан еді бабам.
Ақша қар, қас сұлудай көңіл тербеп,
Сұлуға қандай ақын сөз арнамаған?
Бөлім: Без рубрики
Сонымен биылғы жылғы ел басының жолдауын қазақ елінің тұрғындары түгіл көптеген өзге елдің сарапшылары да жіті бақылап күтіп отырғаны да белгілі жағдай. Биылғы жылғы жолдаудың көптеген саясат өкілдеріне де соққы болғаны сөзсіз. Ел биліктен қателік, сылтау іздеп, дау-дамай туғызып өздерін халық алдында жақсылар қатарында көрсетуге де жолын кескен, халықтың да көптен күткен шешімдері де шығып ел еңсесін бір көтеріп тастағаны да сөзсіз. Ең басты ғылымға, ауыл шаруашылығына, әлеуметтік даму барысындағы алда тұрған өзге елдердің қатарына қосылуға деген игі шаралардың да басталуы да көңілге қуыныш әкеледі.
Жылан да жылжып өтіпті.
Кісінеп жылқы жетіпті.
Сықырлап аяз, қар қаңтар боп,
Қозғалысқа қолқабыс келіпті.
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Қатыны болса пысық, ұйқысы ашық.
Ерін де арсыздықтан сақтар тартып
Ерте тұрған қатынның бір ісі артық.
Жинауды неге білім жек көрелік,
Білім — байлық, ақылмен ес білерлік.
Кемесін Нұхтың мініп оймен шарлап,
Бұл теңізден несібе жеп көрелік.
Адал еңбек еткенге дәулет келер,
Өнер білсең дәулетің сәулеттенер.
Көңілдің қөркі болар жарың болса,
Бақ қарап, ғазиз басың құрметтелер.
Қамысты қанша жақсаң шоғы болмас,
Етексіз қатын табанында кие болмас.
Қойны салқын, төсекке қырау тұрып,
Қазығы ондай қатын ыссыз болмас.
Жаңбырмен жан еніп жер көгерсе,
Батамен қуаттанып ер көгерсе.
Дәстүрі еді бұл түркінің меңгер деген,
Діннен жоба, жұлдыздан аян түссе.
Алтынды күте алмаса жез болады,
Қайтуы асыл заттың тез болады.
Қыз күнінде бәрі жақсы болғанымен,
Жаманды кімге құдай кез қылады.