Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Тоқал алу үшін бәйбішенің ұлықсаты керек деген шайтанның әрекеті. Әйелдер өз еркімен бәйбішелікке келісетін болса, онда қанында шайтаны тазарған, жеті жанды ұжданы болғаны. Мұндай әйелді қазіргі таңда кездестіру де өте қиын, мүмкін де емес. Сондықтан бұл тұқымды сақтау, текті нығайтудың, қатынының жандық, қан тектік кемісін толтырудың амалын еркектердің өзі қолға алып аруақтың жәрдемімен атқарса ғана нәтижелі болады.
Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған.
Нәпсінің қызуына кім төзерін,
Қыз дүние қызықтырған Жаңаөзенім.
Мал ашуын баса алмай төбелескен,
Адайдың ұрпағына жын енгенін.
Өмірден талай көп халық,
Көбейтпей жанын арды алып.
Төмендеп қайта кеткенді,
Тозаққа түсіп құлданып.
Бұл тақырыптың қоғам арасында үлкен тартыс болып; ОВ» ты алып тастаған қазақ болып аталып, иманы күшейіп, арлы болады деген жолдаумен көптеген пенделердің, әсіресе жастардың бұл әрекетті қолдап, енді мұны ерлік санап, ал мұндай атаулармен аталғандарды сатқын атап, қарсылық ұйымдастырып жатқаны жасырын емес. Әрбір таңбаның тәңірлік киесі болып және адам атының тылсым ақиретпен үш түрлі ақпараттық жүйеге жалғанып яғни; жануарлық, құстық және адамдық жаннат егелеріне жалғанумен байланысты болатыны; дінде де ғылымда да белгілі кітаптық білімі жоқ екені сөзсіз.