Қызын сыйлап аялап,
Алқанға салған қазақ.
Жан ашырып, тілекшім деп,
Сый құрметпен баққан қазақ.
Қызын сыйлап аялап,
Алқанға салған қазақ.
Жан ашырып, тілекшім деп,
Сый құрметпен баққан қазақ.
Әркімге таңдау еркін берген Алла,
Қысымды көрсетпейді ешбір шала.
Қайсысын таңдасаңдар Құдай жақтар,
Мейлің сүй, мейлі датта, мейлі мақта.
Ата-ана қадірін,
Балаң білсе дұрыстық.
Ата-ана бағып қаққанын,
Даулап шықса бұрыстық.
Қазығы түзу қадалған,
Салт-дәстүрің ақталған.
Ниеті берік, сенім мол,
Ұлт болған алға бастаған.
Байлық жиып мақтанғаның,
Жұрттан асып тойлағаның.
Дүниелік жиған боқты,
Ақиреттен артық көріп, мас болғаның.
Шілде айының 6-7 -і жұлдызынан алыс жақыннан сын түсер. Тоғысқан күндер болады.Татулықты жандандырар көкірегі ояған пенделер болады. Тал ағашының шыбығында санайтын адамдар ке зедеседі. Сан сақты ұрарларда болар іштері тарлана. Самұрай құсының биігіне жетер пенделер де кездестірер. Сарқылмас талаптылар молаяр. Шегірді шиірер де кез жетті. Тамшылаған үн Тау төстікке жалғанар. Растықты-шындықты белгі ретінде ұстанатын пенделер бар.
Қарсылықты арттырмай,
Қасіретке қадам бастырмай.
Шыдамдылық, төзімді,
Тәрбиелей білсең қалдырмай
Табанды сонда боларсың.
Жарықтың түсіп сәулесі,
Жасырынды паш етер.
Қараңғы түссе қарайып,
Түнек болып күнә өсер.
Қамкөңіл пенде жаныңа,
Жылулықты сыйлайды.
Табылып әр кез қасыңда,
Жақсылықты жақтайды.
Жазымыштан озымыш жоқ демек,
Көтердің деген сөз, бос емес
Тағдырдың салған тәлкегін,
Қарсылықтан текті меңгермек.