Қазіргі таңда ел билігі мен дін муфтиятымыздың және ақпараттық өкілетіктердің еліміздегі болып жатқан рухани зұлымдықтарды себебін шет елден келген дін ағымдарының әрекетімен, ұлт дәстүрінің халыққа, жастарға құндылығын дұрыс түсіндірмеуден деп, ата дәстүрін діріптеу сипаты белең алып келеді. Сонымен Ханафи масһабына енді мартрубилік білімді қосып, қазақтың дәстүрі тарихат, мағрипат, ақиқатпен сопылық негізде емес, шариғат тұрғысында бес парызбен шектелген деген ұғымды тықпалау басталып кетті де.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қазіргі таңда «Мәңгілік ел», «Ұлт жобасы», «Жүз қадам», «Нұрлы жол», «Тероризмен күрес» т,б дін муфтиятымыздың таза құдайлық ақылға жалғанған тура жолы, үш тілді меңгеріп мемлекетіміздің барлық тұрғынын ғылымды меңгертіп, бір есті, ойшыл данышпандар еліне айналдыру сияқты қазақ ұлты түгіл барлық ел тұрғындарының денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ, текті ұрпақты тәрбилеп бақытты өмір сүруіне, сөз жүзінде ел билеу саясатында барлық іс шаралар қамтылған. Мұндай шараларды нұр отан партиясының арқасында жүзеге асырып жатқанымызды да мақтан қылудан шаршамайтын болдық.
Ислам дін ғалымдарының, арап ұлтының Адам атадан бастап тегі сақталған және діннің тазасын меңгерген негізгі қауым қожалар деп халықты алдайтынын, пайғамбарымыздың мына өсиетінен анықтауға болады. « -Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең құрметтісі кім?-деп сұрағанда: -Ең тақуалары,-деді. Адамдар: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. Сонда пайғамбар:-Ол Алланың пайғамбарының ұлы Жүсіп, Алланың пайғамбарының ұлының әкесі де (Жақып) Алланың пайғамбарының ұлы, ал атасы (Ысқақ) Алланың сүйікті досының (Ыбырайым) ұлы,-деді. Олар тағы да: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. –Сонда сендер арабтардың арғы аталары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһиляттағы ең жақсылары-егер дінді түсінсе, Исламдағы ең жақсылары болады,-деп айтты»,-деген» (1345-өсиет)
Қандай да бір дін ұстанымдарын алып қарасаңыз сол діннің түскен елінің тарихымен және Адам атамызға дейінгі кезеңдік адамзаттың тарихынан хабар береді. Ал ислам діні алғашқы арап еліне түскен уақыт пен өзіне дейінгі әлемнің барлық ұлттарының дін ұстанымынан, тарихынан қысқа түрде баяндайды. Олай болса, қазақ ұлтының исламдағы және құранның аяттарындағы орны қандай? Және құраннан бастау алған, әлемнің осы заманға дейінгі тағдыры, кітабы дін ұстанымдары да болуы керек емес пе? Және бүгінгі таңдағы рухани жағдайымыздың себебі өткен жылдарымыздағы ұстанған саясатымыздың, шығармашылығымыздың, ел басқарған азматтардың болжампаздығымен жастарға берген үлгілерінен, бағыт бағдарыларынан пайда болғанына да дәлел беріп көрейік….
Қазақ едік құдайға шын иланған,
Дәстүрімен ата-баба қолдау болған.
Бөріктің намысы бір, деп атап,
Бас қадірін ар қуатын сақтай алған.
(жалғасы 2-бөлім)
Шайтан қашықта емес; өзіңде, қаныңда, туысқаныңда, ұрпағыңда үнемі қасыңнан табылады. Йодтың, су тегінің және натрий қышқылының қосындысы түрінде адам тәнінен де, көктен де орын алады. Сыртан Ібіліс «теріс ой» болып сөзді салады. Қазақтың елдігін ұрпағын аздыру үшін ең күшті, қаиетті аманатын яғни әлмисақтан бергі антын бұзса болды, Абыл мен Қабыл арасында болған қызғаныш пен көре алмастық, ағайынын оп оңай өлімге қиятын, қастандықтың құрбанына ұшырау даусыз. Аз ғана қазақ ондай дертке сынақтарға ұшырап, нәтижесін әрбір пенде бастан өткеріп жатырмызда. «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ!»
Қазақта дін ұғымын түсіндіру үшін; дін- «діңің» деген сөзді жиі пайдаланамыз. Олай болса; «дің» дегеніміз-өзек, өзек- тіреу ал тіреуіміз сүйеу. Ойшыл, білімді ғалымдар алдымен өздерінің ақылы мен еңбегіне сүйенеді. Ал өсек теріп, адам аулаған құмардың тірегі не болу керек? Ғылыммен діннің арасында қандай байланыс, қатынас бар? Немен толтырып қалай өлшенеді? Осы мәселеге кірісіп, оның шындық мазмұнын түсіну үшін, діннің де ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу қажет. Ондай білімді адам баласын діни сауатты ( ата текті (аталық), қасиетті) немесе ғалым деп атағанымыз абзал.
Қазақ елі көгілдір терезе арқылы Астана қаласының күнінде халық қыдыратын ең басты көшелерді жаңбырдан соң топан су басқанына куә болды. Бірақ бұл жаңбырдың қазақ халқы тек қана осы көшелердің ауданына жауғанын білмейтіні сөзсіз. Бұл хикметты тек қана Құдай патшалғынан хабардар, аруақтарған бата алып, тылсым құпия
VII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ
Бөлім: Без рубрики
Діндар болса да құдайсыздар деп кімдерді атаймыз?
Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төкені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36) Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы, діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығымен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда.
ҒЫЛЫМ КЕЛУ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ БОЛУ.
Ғылым мен ғалымдықтықтың мәні неде? Осы асыл сөздердің мағынасын түсінуден қалып, білім қалай пайда болады, ілім неден шығады дегенге толық жауап беретін жазушылар немесе «психоллог» жан танушы ғалымдар, болмаса сөз табушы сәуегей «филлософтардың» еңбегін қазіргі таңда кездестіре алмайсың. Мүмкін жарыққа шықпай баспасөзге жеткізуге қолы қысқа болып жүрген қазақ ағайындар, басқалай шабыт егелері болса, алдын ала кешірім сұраймын. Енді ғылымдықпен, ғалымдықтың ара жігін ажырату үшін Абай атамызға жүгініп; — Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.-деп ғылымға күтім болып және оны естіп, тыңдап және үйрететін шәкірт болу керек екендігі және ғылым тылсым сырымен байланыстылығын ескерткен.