Ел басшы болып Нұрсұлтан,
Өнер, білім қуғызған.
Шаруаның түрлі істерін,
Меңгеріп қуатты ел қылған.
Ел басшы болып Нұрсұлтан,
Өнер, білім қуғызған.
Шаруаның түрлі істерін,
Меңгеріп қуатты ел қылған.
Тастан қашап мүсінін ойғызамыз.
Ескерткіш деп өлілерге қойғызамыз,
Анда-санда той жасап, гүл апарып,
Риза қылдық деп аруағын мәз боламыз.
Өзін-өзі сынаған,
Нақылын алып бабадан.
Текті қазақ қашанда,
Құдайдан жоба сұраған.
Сөз жазамын уәзінмен,
Бабалар өткен ізімен.
Қалдырған өсиет өлеңмен
Құранның жеті үнінен.
Ет етке, сорпа бетке деген қазақ,
Сорпасыз ет қорытылмай қылар азап.
Бек, билері қазақтың кісі болып,
Халық малдан айырмасы болар аз-ақ.
Білімі ақылдан озып тұрған,
Атақ, шен ар-ұжданнан биік болған
Жалынып, жалбарынтып үлкендерін,
Ел билік үш тілге тоқтау салған.
Құдайсыз қурай сынбайды,
Желсіз тірлік болмайды.
От пен су шарпыссып,
Жел туып, ғаламды қозғайды.
Діннен бөлек заң жазған,
Билігі қазақ жын болған.
Әлемнен жинап дүние ісін,
Дүниеге елді шоқынтқан.
«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.
Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып, және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ.
Жалпы жер әлемінде қияметтік мезгілдің жүріп жатқаны әрбір есті пендеге күнделікті болып жатқан тосын оқиғалар мен түрлі азап, аурулардың да артып келе жатқанымен де белгілі екені сөзсіз. Әрине мұндай жағдайда қарсылық түнек күштерінің де ықпалы мен білім тұрғысында жасап жатқан, көрсететін кереметтері де артып, халықты құтқарушы болып іс басында отырған ібілістің ұрпақтарының да ойластырып жатқан түрлі шешімдері, заңдары, қарарлары да халықты рухани ұйқысынан оянбауына, ақ пен қараның арасын таба алмай, тіптен өзінің не үшін жаратылғанын да білмеуге мәжбүрлеп жатқаны да жалған емес.
Әрбір пенденің бұндай заманда қоғамға тарихи оқиғаларға баға беріп, өзінің өмірдегі орнын, не үшін, кім үшін өмір сүріп, болашағына керекті қандай рухани дүние байлығын жинап, обал сауабын ажырата білу үшін де өзінің ішкі дүниесін жан, рұқ, иман, сенім қуаттарының жаратылысын (атрибуттарын) түсініп, денсаулығының, ақылының, естілігінің қандай жағдайда жоғалып, қандай жағдайда адамдығы жоғалмай өсіп өркендейтінін де білім тұрғысында меңгеру де шартты. Ол үшін де ата-бабаларымыздың біздерге мирас болған естілік жадына, мирас көместік тұрғыдағы кітаптарына жанымызға ұйқы кезінде аян, уахи болып берілетін құпия білімдерін меңгерудің жолын, амалын, намаздарын да түсініп меңгеруді ақылдылық, ғылымды болу деп атаймыз.