Пайымдау мен долбарлау(193)

Бөлім: Зікір өлеңдер 46

Ерік күші ақылдың,

Жұмсасаң тәнді таңдамас.

Қисыққа бұрсаң оныңды,

Айла боп шара таптырмас.

Оңға бұрып ширатсаң,

Солдан залым жалғанбас.

Көлеңкеңді кірлетпей,

Жолынан нұрдың құр қалмас.

Қолда өнер іс болса,

Мидағы ақыл құр жатпас.

Тазартпай басты жынынан,

Таза ақылдан сеп болмас.

Босқа жатып таза ақыл,

Иісі шығып болар нас.

Сасығы өтіп бойыңа,

Ойыңды оңға бұрғызбас.

Тері оймен, ақылың

Ақиртке көпір сала алмас.

Жаның шықпай түнектен,

Көгіне жолға жалғанбас.

Тәңір қылмай ойыңды,

Тануға өзіңді қадам бас.

Білімді меңгер ақылмен,

Көпке еріп болма мас.

Дайын білім ескірген,

Ілім боп жол таптырмас.

Көп шуылдақ сайраған,

Ортасын тауып оңдырмас.

Ескірген тәпсір ойынан,

Терісін тауып тазартпас.

Дін ісі мен Құдайдың,

Ажыратып ісін жоба алмас.

Жол көрсетер түнектен,

Көктегі бізбен дос болмас.

Ақталып іші арамнан,

Сопылықпен дәстүр жүре алмас.

Жалғантар таза ақылға,

Доссыз ауыз тұшымас.

Төртеуді түгел қылатын,

Аманат мирассыз жалғанбас.

Аталар жолын ұстанған,

Құдайсыз қурай сындырмас.

Ақ батамен шындықтан,

Хабарын алған құр қалмас.

(Қараша 2018 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *