Торықпастың күйі(194)

Бөлім: Зікір өлеңдер 52

Сөз қадірін түсінген,

Өз қадірін біледі.

Ақылдың өлшеп өлшемін,

Торықпас күй кешеді.

Әдемі сөзден не пайда?

Әсемдік іште болмаса?

Маржан сөзден не пайда?

Тыңдар құлақ болмаса?

Сөз түсінбес қадірсіз,

Астарын сөздің іздейді.

Үңіліп сөздің үніне,

Қатесін табам демейді.

Күлтектеп майда сөз айтқан,

Асырмас дауды басынан.

Тереңнен толғап сөйлесе,

Сыр шертер еді аруақтан.

Құлағын тігіп тылсымға,

Алар еді ар үнін.

Басылмас еді еңсесі,

Тазарар еді түс-аян.

Түс көрмей ишан болдым деп,

Айтқаны болар тым арзан.

Көрсоқыр дінші пенде көп,

Көретін көзі жүрек жабылған.

Жүрек көзі ашылмай,

Толымды болмас еш Адам.

Ілімді сопы аталған,

Алдаған өзін құр мақтан!

Мен жанынан ғылымды,

Өсірген тақуа аталған.

Құлшылығың болсын деп Маған,

Қадірін Адам арттырған.

(Қараша 2018 жыл)

*****    ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *