Қатын деген кие еді  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 122

Қатын деп байлы әйелді,

Байлыққа рухқа кенелді

Қа-деген Аққа тең еді,

Тын-деп алған киені.

Қатын мен Алтын қарасаң,

Ұқсастық қасиет жарасқан.

Қатын болу арман деп

Әйелдер бұрын сырласқан.

Болғанда қатын арманда,

Болмаған да арманда.

Қатындық текті меңгеру,

Кез-келгенге жазған ба?

Ендігі шайтан әйел көп,

Сөз ұқпас надан шайтан боп.

Жақсы сөз жарым-ырыс деп,

Сөз айттым әйелге қатын деп.

Ыза боп ашу шақырған,

Ырысын құдай алмаған.

Надандар ғой жез өкше,

Тәндері қара сұқтанған.

Қатын деп айтсам қуанған,

Нәзіктер бар ұнатқан.

Тегіне тартқан ақ жаулық,

Киесіне сөздің жалғанған.

Жоғалсын нәзік жансыздар.

Көбейсін ұғымды жандылар,

Қазақтың таңын атқызар,

Сөз құнын білген қатындар!

(маусым 2014 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *