Қатынның тәрбиесі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 65

Қатынды бастан баланы жастан деген,

Даналық қазағымда дәстүр білген.

Қатынның басын қисық қабырға деп,

Пайғамбар сындырып алма оны деген.

Бастың тәрбиесі ақ жаулықпен,

Нәзіктер қаны азбас салтын білген.

Басының қанымен, суы арамданса,

Шайтанына жындылық бастан енген.

Тұқыммен қуаланар тегі ағаш болып,

Анасына қарап қызын ал деген көріп.

Аманаты бұл аталар талайы сыyнан өткен,

Қатынның әкесінен ұлдың тегін біліп.

Нәзікте бойы жетсе басын бос қоймаған,

Құда түсіп, әмеңгер деп басын байлаған.

Бір мысал тәрбиесінен қатынды бастан,

Баяндап берсем жесірлерге үлгі қылсам.

Мінезі жаман тегі мықты болғанменен,

Талайлар үйленіп қызға опық жеген.

Тоғыз байға тиіпті тұрақ таппай,

Талақ деп қоя берген қатын екен.

Көрші ауыл өзеyнің келесі жағасында,

Еркек болған талақ қылған талайын да.

Екі жақтың құрбы қатарлары келіседі,

Күз айында екеуін некемен қоспасын ба.

Сырnтарынан екеуіне күледі әзіл қылып,

Тең теңімен тезек қабымен болды қызық.

Қашан айқай шығарып ажырасар деп,

Күтумен шаршайды олар көрмей қызық.

Бастары екі тентек қосылып отасады,

Бір күні тамақ ішіп оңаша отырады.

Мысығы келіп сүйкенген қожайынға,

«Мысығым бір айтамын» деп  айтады.

Мысығы қайдан оны түсіне алсын,

Қайта-қайта тамақ сұрап сүйкер басын.

Қолына алып оны басын шауып тастап,

Түк болмағандай тамағын ері ішіп алсын.

Қоразы тағы бір күн тынбай айқайлаған,

«Бір айтам» дегенді қайдан түсіне алсын.

Басын оның да шауып алды балтаменен,

Артына кезек итіне келіп, басын шапсын.

Қыс болды мұз қатып өзенге енді,

Төркіндеуге қатыны да ниеттенді.

Шанаға жегіп алып жалғыз атын,

Дүниесін артып алып, мұзға келсін.

Аты тұр үркектеп мұзды баспай,

Қамшылаған егісін тыңдай қоймай.

«Бір айтам атым енді жүрмесең» деп

Ат байғұс тұр мелшиіп қозғала алмай.

Қолына балтасын тағы да алды,

Жалғыз атын сол жерде сойып алды.

Ет терісін арбаға және артып,

Үстіне шығып еркегі жатып алды.

Қатын көріп ауылын тұр жете алмай,

Бұл жағдайға қалай енді шыдап тұрғай.

Сендей еркек көрсем ойбай көзім шықсын,

Бір айтам деп өлтірген мұның, деді қалай.

Енді қалай жетеміз менің төркініме,

Сыртынан қарап осылай мен жүремін бе.

Арбаны кім сүйрейді ат таппасаң,

Дегені қатын ыздан әлде мен сүйреймін бе?

«Бір айтам деді» ері бас көтеріп,

Қатын шошып кетті мұны естіп.

Арбаның жетегін алды да мойынға асып,

Арбаны сүйреп кетті мұзды басып.

Екі жақтан қарап тұр мұны көріп,

Қатынын келе жатқан атқа жегіп.

Махаббатың бұл да бір күші шығар,

Халық тұр бұл жағдайға баға беріп.

Еркек көп бір айта алмай бойдақ жүрген,

Жынды қатын жесір көрсе бұға берген.

Тәуекел деп екі-үшеуін бірден алып,

Бәріне бір-ақ айту осылай керек десем.

Кәрі қыз көп мінезім жынды деген,

Кел көрейік, байға ти маған десем.

Құдайым өзің жар бол, қолдауың бер,

Тәуекел мен де бір үлгі салып көрсем.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *