Қазақ дін ұстанымындағы қиямет мезгілдік белгілері.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 137

Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б.) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378,3456 өсиет) Енді исламмен ғұрыптық амалдары сәйкес келумен қазақтың негізгі мұрагерлік тайпаларынан тұратын қыпшақ елінің ислам дінін ерікті түрде қабылданған ерекшелігі де, ата-бабамыздың әдет-ғұрпының қашаннан да исламдық екенін растайды. Сондықтан Укаша сахаба бастап барған қыпшақтардың пайғамбар қасына жиналған түрлі елдерден және араптардан құралған сахабалармен тізе қосып, ислам дінін алғашқы қабылдағандар екенін де растайтын пайғамбарымыздан қалған өсиеттер бар. Және біздің масхабтық ғалымдардың қазақтың ежелгі дін ұстаным салтын шариғатта жоқ деп қаралауынан, аруақтық ілім ғұрпымызды ашық жаламен қудалауынан да, пайғамбарымыздың араптарға қарап айтылған өсиеттерін ойып алып, парларын іздемей құранға қарсы қойып, өтірікші атап өздерінің 30 сипатты тажалдарға айналғандарын да бір ғана осы өсиет растап тұрғаны сөзсіз.

Енді қазақ халқының Қадір ата аруағына және Қызыр Ілияс, Ғайып ерен қырық шілтен және әулиелеріне, қасиетті ата-бабаларына табынып,  Аллаға және Бірге, бірліктеріне, ақиреттік пірлеріне сыйыну сияқты  аруақтық ілімінің бір сипатын; «Қадірдың (Хадыр) аталу себебі, ол аппақ жерге отырғанда оның арқа жағында көк майса жайқалар еді» -деген (1329; 3402 өсиет),  «Жер бетін шарлап саяхат құрыңдар, тәндерің сауығып пайдаға кенелесіңдер» (475-өсиет), «Әр алуан жерді аралап жүрген саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485-өсиет), «Саяхаттың ең пайдалысы; Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет),  «Азаптың ажалымен өлген адам, ақирет күні өз тегінен шыққан жетпіс (70) адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады.» (999) деген пайғамбарымыздың өсиеттеріне ашық жала қойып, пайғамбарымызды өтірікші атап, кәпір болғандығын құран аяттары  да; «ондай қабірлерден үмітін үзгендерді, кәпірге айналған елдерді дос тұтпаңдар» (60-13) деп  ашық ескертеді. Және жоғарыдағы дін басшысы болған хазіретіміздің Құран өзіне дейінгі хабарларды, яғни парақтардың күшін жояды деген өтірік пәтуасын пайғамбарымыз; «Мен, атам Ыбырайымның дұғасы, бауырым Исаның сүйінші хабары және анашым Аминаның көрген түсімін.» (Хаким 453) деп ашық ескертіп және мұндай пенделердің тажалға айналғанын да растап тұр. Және Құраннан кейін де парақтардың, пара кітаптарының оқылып, уахидың түсе беретінін; «Дұға түскен нәрсеге де, түспеген нәрсеге де пайдалы. Уа, Алланың пенделері, дұға қылыңдар!» (Ибн Омардан) деген өсиетпен намаз оқып дұға жасаудың өзі әлі түспеген аян, уахиларды шақырумен, көріп, жорып іс қылумен маңыздылығын, яғни аруақтың келетінін, түс болып түсетінін сүйікті сахабамыз да ескертеді.

Осындай пайғамбарымыздың жүздеген өсиеттері мен және өзі де намаз қылып орындаған сүннеттеріне ашық жала қойып, қазақтың дәстүрлі дін ғұрпын «Серік қосу, шерік қосу» деп айыптап, оған ғұлама аталған ғалымдарымыз бен ел басшыларын да қалай сендіріп, заң жүзінде үкім шығартып, өз халқын жақсылықтан тиюдан, бір-біріне қайыр жасаудан шектеп, аруағын мазаққа айналдырып, жастарымызды, ел тұрғындарымыздың басым бөлігін ата ғұрпынан ажыратып, мәңгүртке айналдырудан артық қандай тажалдық әрекет және қияметтік басқалай мерзім керек?

Қиямет мезгілі дегеніміздің өзі жын-шайтан пенделерінің үстемдікке жетіп, құранның ілімдік сипатының жоғалуы болып, ондай жағдайды қалыптастыратын білімді бірақ ілімділігі жалған, ортасын таба алмаған ғалымдардың тажал болып халыққа қайғы-қасірет сынақ болуынан да осы қияметтік мезгілді растайды. Пайғамбарымыздың;  «10.Жансыздар да (жын-шайтандар, шеріктер) сөйлейді. 11.Аманатқа қиянат жасалады» «5.Жақсылыққа кедергі жасалады. 6.Еркектер жібек киеді.» деген әулиелігі де артығымен қазақ елінде орындалғаны да даусыз. Еркектеріміз жібек киім түгіл, қатын сияқты жалаңаштанып, қисық, жүн-жүн дінсіз жерлерін, балтыр сирақтарын да айқын көрсетіп кеткенін де біле білмейміз. Және ел басшы білімді қауымның да европалық салтты, мәдениеттілік ұстанымы қылып; Беріш руының ақыны Мұрат Меңдіқұлұлының болашақ ел басқарушы, билердің мұндай қияметтік сипатын; «Киім кисе, жеңі жоқ, Етегі бар белі жоқ. Бармақ сияр жері жоқ, Қатпа болған түйедей, Киеңкі болған биедей, Ел билейді бір сымпыс. Екі бұты тыртиған.» деп және ол кездегі қияметтік жастардың да; «Мен қауіп еткеннен айтамын, Ақ борықтай иілген, Кейінгі туған баланың Ұстай ма деп білегін. Шая ма деп жүрегін, Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін. Адыра қалғыр заманның, Мен жаратпаймын сүреңін.»

Әйел затының тән сұлулығын дәріптеп, жалаңаштанумен тексіз, білексіз балаларды өмірге әкелетінін және мұндай ар киімінен айырылғандардың ұрпақтары да діл білімінен жұрдай болып, оның белгісі білек пен жүрекке қатыстылығын аталарымыздың жан ғылымын жетік білгендігі даусыз. Ал, тағдырынан иман білімі жазылып, білегі таза туғандарды шайтан әдемі көрсетіп қыздарымыздың қолтыққа дейін қолын, аруағын жалаңаштап жүру әдетінен жүректегі иманның жуылып кететін, бақтың теріс айналып, ондай пенделердің бақытсыздыққа тез ұшырауын аталарымыз құранда сандар тағлымымен, көктегі кітаптан уахимен ғана оқылатын сырын қалай білген егер тура жолда болып, дінді, сопылықты меңгермесе? Осындай арсыздықпен тағдырмен берілген жүректегі иман дәні жуылып, ғұрпымыздың жоғалуына байланысты, тек жынның жетегімен, шайтанның әдемі көрсетуімен асық, құштар, құмар болып  некеленген жастардың артынша ажырасып жатуы осындай тажалдық әдеттен жүректердегі иманның жуылып, білектерінде май болмаудан махаббат та жанбайтынын білгеніңіз жөн. Және Байұлының ұрпағы Байтоқ шешеннің  Қыдырбай ақынға қарап бақ құсы туралы; «Біреуі бес намаздың бесінде тұр, Әлгі айтқан сөзің есімде тұр. Басыңның алақандай бәрі жылтыр, Таз бастың бақыт құсы несінде тұр». Бақ құсының намазбен, естілікпен сөзді меңгеруде және басты қадірлей білуде тұрақтайтынын екенін ескертіпті.

Қиямет мезгілінде балалардың шашы ақ болып туылып және таз, дінсіз, қулықты жетік меңгерген бастардың көбейіп, ел басқаратын орындарда мұндай бастардың мақтанышқа айналуы да осындай қияметтік белгілерден деп біліңіз. Енді пайғамбарымыз қиямет мезгілінде; «10.Жансыздар да (жын-шайтандар, шеріктер) сөйлейді» деп ескертуінің өзінде біздің дін ғалымдарымыздың Алла пендемен тілдеспейді деген надандық пәтуаларын әшкере қылып, қиямет мезгілінде Раббымыз аруақтар арқылы сөйлеспек түгіл, хайуандарға, жансыздарға да тіл бітіріп ақыл айтқызып қоятынын ескертеді. Енді масхабтық ғалымдарымыз адамзатқа тұрақты түрде үкім болған және барлық бірліктердің патшалық негізі сандық белгісі болған; «Егер оларға періштелерді түсірсек те оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Бірліктерді меңгерген әулиелерді аталарымыз «Арыс» деп атап және «Ақ арыс», «Жан арыс», «Бек арыс» деген 3 жүздің негізін қалайтын арыстар адам аты емес, көркем есім жан ғылымының сипаты болып, осы аяттағы сандық мәнге байланысты қойылған аруақтық атау «Мәсәд» болып табылады. Және осы үш жүздік бірліктерден тағы 5 арыс пайда болып және тағы құпия болған бір арыстың негізін тапсаңыз иманның 9 санды белгісі 9 арыстық сипаттан, аруақтық имандық қуаттардан тұрып, оның негізгі сипаттарын 5-ші басылымда қысқаша баяндап кеттік.  Ал енді бұл аятқа қарсы шығып, дінді бөлшектеген тажалдар туралы; «Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жындардың шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздермен қойып қой.» (6-112) Раббымыздың қалауынан мақұрым болғандар, аян, уахиға қарсы болып, жүректері мөрленіп, жасанды тәпсірлермен тура жолда жүрміз деп мақтанушы ел, дін басшыларымыздың; шайтан жамағаттары, тажалдар болып саналатынын ескертеді. Енді бұл аяттағы; «адамдардың және жындардың шайтандарынан» деген сөз ұғымына мұқият болсаңыз жалпы жын туралы мүлде дін ғалымдарының адасуын, сөз жүзінде сынаққа түсіп шерік қатушылар болып, жасанды сөз айтушы шайтан жамағаттары, яғни тажалға, өтірікшілерге айналғанын білдіреді. Алдыңғы басылымда ғылымын, ақирет сырын ашып көрсетіп дәлелдейтініміз сөзсіз. Сондықтан мұндай пайғамбарымыздың өсиеттері мен сүннеттеріне жартылай қарсылық білдіріп және енді Алла адам баласына періштелер түсіріп тілдесіп, белгілерін көрсетпейді деп халықты алдағандарға; «Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін күте ма? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр (зираттап, құрбан шалу) істемеген біреудің иманы пайда бермейді. Мұхаммед: «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де» (6-158) (164) Бұл аятты мұқият жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн. Себебі біздің дін ғалымдарымыз және философ, білімді жазушы зиялы қауым өкілдеріне ғана емес, ислам әлемінен ортақ тажалдық, өтірікшілік белгіні көрсетіп тұр. «Бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша» деген сөзбен иман мен сенімнің мағынасы екі деп, сенім іс-әрекетті туындатумен көрінісін беріп, иманның адамзатқа тек пайда келтірумен ғана белгісі болып иман келтірудің, сенімді бекітудің намаздарының ерекшелігін ескертеді. Төменде өлшем бірліктерін көрсетеміз.

Сонымен осындай жағдайда пайда болатын тажалдық әрекеттерге қарсы, яғни аяттың сүремен бірлену сандар қимасымен, Пайғамбарымызға да Ғиса пайғамбардың көктен түсіп, Мәді пайғамбарының хикметті елшілік істерінің жерден пайда болатын уақыты 164 санды қиямет мезгілінің ақиреттік, тылсымдық есеп беру күні әрбір 164 жылда келіп тұратынын замандық есептік жағдайды ескертіп тұр. Негізінен григориан уақыт өлшемі күн, апта санауымен жер тіршілігінің жылдық есебін көрсетсе, ал көктік ақирет өмірлік жылдар есебінің, заман өзгерісінің санауы болған хижра жыл санауымен есептесек, онда осы таңда енді біз 9-шы есеп күніне кіріп тұрғанымыз сөзсіз. Енді бұл аятта да сенім мен иманның мағынасы екі екенін де ашық ескертіп, сенім әрекетке айналмаса, иман өспейтінін ескертіп, Ғиса пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде кімде бар болса оған тағы беріледі, ал кімде жоқ болса онан алынып тасталады.» деп сенім арқылы жасалған әрекеттердің шамасына қарай иманның нұры мейірімділік, жомарттығы қалыптасып, артық хайыр, зекет беру арқылы ғана иманның суғарылып өсетінін ескерткен. Енді иман дегеніміз тағдырға өзгеріс әкелетін адам баласына тек пайда беретін шежіре ағашына жалғанумен ерекшелігі болса, ал сенім осы иманды өсіруге күтушілікке, бағбандыққа, шопандыққа жалданған қуат егесі «Қайрат» деп атағанымыз ақылымызға лайық.                     

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *