Қазақ қандай ел болған?  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 78

Өлшеммен бәрін жаратқан,

Дәм тұзың қазақ жарасқан.

Дәм таусылса дүниемен,

Өліммен бәрін ажыратқан.

Ортасы болып ғұн, сақтан,

Туған қазақ алаштан.

Алты арыстан тегі қазақтың,

Алты рет дінді таратқан.

Рұқ, жанымен мал баққан,

Қуатын әлем қолға алған.

Лат пен Ғұза тағдырын,

Аруақ деп кітабын ататқан.

Келерін діннің болжаған,

Шариғатқа кітап нұр шашқан.

Ізбөрі -бес таңба кітабын,

Укаша сахаба апарған.

Пайғамбар бұған таң қалған,

Батасын беріп, ұнатқан

Иманды іздеп табатын,

Ел шығады деп қыпшақтан.

Қиында қыстау күн болған,

Жаулардан дінді аздырған.

Қызылбастан да келген намазды,

Имансыздық деп Абай атаған.

Таза ақылдан жоба алған,

Дәстүрмен дінін жол қылған.

Ясауи баба құрмамен,

Пайғамбарға тікелей жалғанған.

Сахабалар ізін жалғаған,

Әлемде жоқ біздей ел алған.

Кетірген жолдан шындықты

Қазақта көп әулие аталған.

Құраннан кітап тарқатқан,

Раббыдан түскен аяттан.

Ғалым мен сопы қазақтан,

Таза ақылмен дінді тазартқан.

Тәпсірілік білім масһабтан,

Құлшылығы діннің аталған.

Тура жол- құдайлық ақыл деп,

Бүгінде жау көп алдаған.

Дүние мен байлық заманнан,

Ар, ұятсыз текті аздырған.

Елегінен өтіп талайлар,

Жұт пен соғыс жалмаған.

Алтын да ғасыр орнаған,

Қазақта кедей болмаған.

Аста төк ойын сауықпен,

Әлсіреп діннен сын болған.

Әлемге үлгі бола алған,

Алты рет дінді тазартқан.

Жауынген сақ пен ғұн елі,

Тектілер деп әлем атаған.

Қазақта мұндай болмаған,

Елбасы сөзі мақтаннан.

Таразыға қойып байлықты,

Ішіп-жемге мәз қылған.

Рұқ пенен жаның жоғалған,

Арсыздық індет жайлаған.

Орысқа бодан болғанмен,

Бүгіндей қазақ азбаған.

Оқуы рас намаз аз болған,

Сәжде емес ол түгел дінге алған.

Сана мен жете жоғалып,

Ақсақалдар түгел азбаған.

Ар, ұят бар жерде дін тұрған,

Дәстүр деп қазақ атаған.

Көт ашқан қыз қатының,

Кеңесте бірақ болмаған.

Біліммен өнер рас алған,

Дінің бар орта топтардан.

Халықтың көбі арсыз боп,

Қияметік азаппен сын алған.

Ел билік арсыз болғаннан,

Біліммен ғана заң жазған.

Ар, жанын ұятын сатумен,

Есеппен жүріп мал тапқан.

Ібіліске ұрпақ боп алған,

Иманын елдің ұрлатқан.

Жете мен сана тәрбиесін,

Ханыңда жоқ әдеб ұстанған.

Бұрында рас болмаған,

Білімді түгел қолға алған.

Әр заманның бар өнері,

Әлемнен қазақ кем болмаған.

Арсыздық мұндай қылмаған,

Дәстүрін артқа тастаған.

Отыз елдің еріп соңына,

Қызығын дүние қумаған.

Расында қазақ болмаған,

Малдан жан артық ойлансаң.

Жанында атап садаға,

Арына берік ел болған.

Өзге елдің салтын алмаған,

Саудаға жерін салмаған.

Әлемге билік жүргізген,

Хандар көп қазақ атадан.

Ойшылдық саннан тараған,

Сандыбат сарай салдырған.

Ясауи, Әл-Фараби даналар,

Жер анамен көкті жалғаған.

Әлемге қуат қосқаннан,

Кең байтақ жер сыйға алған.

Әлемнің құс жолымен

Жерімен қазақ жалғанған.

Қиында қыстау күн болған,

Қазақтың дінін аздырған.

Бүгінгідей заман болмады,

Білімге есік ашылған.

Білімсіз қазақ  азбаған,

Әулиелер шығып жоба алған

Таза ақыл дінсіз рұхынан,

Уахимен дінді тазартқан.

Ғалыммен, дінші мақтанған,

Философ, психолог аталған.

Таза ақыл рұхқа жалғанбай,

Есек көп кітап арқалған.

Ойынан қуат жоғалған,

Біліммен ғана ойланған.

Ұстанып дәстүр ортасын,

Әулиелігі жоқ  жалғанған.

Дүниемен ғана байланған,

Әлемдік салтқа табынған.

Жан жоғалған халықта,

Мәңгілік тұрмас бұл жалған.

Болашақты енді ойласаң,

Өлімсіз кім бар жаралған.

Құнды мен құнсыз байлықты,

Таза ақыл керек тарқатқан.

Ата жолың дәстүр аталған,

Құдайдан жол-жоба алған.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Риза ғып аруақты тазартқан.

Таза ақыл-рұққа жалғанған,

Мирасың кітап арыстан.

Көгеріп көктер адамзат,

Ақиреттен уахи, бата алған.

Бұрында қазақ болмаған,

Бүгінгі күннің қамын ойлаған,

Жан өлтіріп ар сатып,

Раббына қарсы болмаған.

(Мамыр 2016 жыл)

****   ****

2 thoughts on “Қазақ қандай ел болған?  

  1. Ассалаумалейкум аға. Қалай жағдайыңыз.

    Келерін діннің болжаған,

    Шариғатқа кітап нұр шашқан.

    Ізбөрі -бес таңба кітабын,

    Укаша сахаба апарған.
    Осындағы ізбөрі-бес таңба деген кітаб Еврей халқының немесе Мұса пайғамбардың пятикнижие кітабына қатысы бар ма? Егер қатысы болса қазіргі қолданыстағы пятикнижие кітабы мен сіз насихаттап жүрген бес таңба кітабының арасында айырмашылық бар деп ойлайсыз ба?

    1. Еврейлердің айтып жүргені Мұса пайғамбарымыздың өсиет еткен, бес таңба кітабы әлемге ортақ қазақ ұлтының мирасы ғой. Құран қалай әлемге ортақ болса олда сондай. Тек қана ол қазақтың жерінде тығулы жатқанын ғана әлем түгіл қазақтың зиялы қауымыда мойындауға құдайсыздықтары кедергі болып жатыр. Ал Мұсаның тегі сақпен, ғұндардан алты алаштан шығады. «Тексіз деп Еврейді батыстан қудым, текті болсын деп Керейді тудым» деген Алдай анамыз. Еврейлердің түп аталарының зияраты Маңғыстау өңірінде. Жақып пайғамбар Балқаштың бойында жерленген. Жүсіп пайғамбардың құдығы Балқаш өңірінде Қарой деген жерде, кезінде Кенған жері деп аталған. Мұны Шәкәрім атамызда өлеңге қосқан. Керей мен Еврей бір аталықтан тарайды ғой.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *