Шайтанның соғысы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 46

Алыстан байқап қимылды,

Көзі шалар қиядан.

Аңғарып жыртық бойыңды

Самғап ұшып жалғанған.

Күп орнатар ойыңа,

Оң солыңнан, ораған.

Тосқауыл қойып алды –артқа,

Ойыңның үнін оқыған.

Сасық иіс баурап ап,

Бойыңды түгел жаулаған.

Қарсылық үнді күшейтіп,

Жын-жықбырды көбейтіп

Ойыңды матап байлаған.

Алдыңғы шепте ұрыс сап,

Ежірейтіп көзіңді

Ту сыртыңнан қадалған

Жынға жалғап береді.

Мысыңды басып іштегі,

Алып қашар мазаңды.

Тербетіп терең ұйқыға,

Батырады жаныңды.

Қас көздің арасын,

Теріске жалғап ойыңды,

Жұмып көзді ашқанша,

Үзеді үннен тағдырды.

Ажыратып мойынды,

Жүректен ұрлап ойыңды.

Перілікке жалғанып,

Ібіліске беріп қолыңды.

Шайтанның қылып саудасын,

Сауықшыл сайран қызыққа,

Бересің түгел бойыңды.

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *