«Мен бір сөзге көптеген сөздердің ұғымдарын сыйғызу үшін жіберілдім» деген Мұхаммед пайғамбарымыз. Құран аяттарының сөз ұғымдары мен арап елінің діл білімнің айырмашылығы да көп. Сондықтан арапттардың өзі құранды толық түсініп кітабына, таза ақыл ойнына жалғанулары да мүмкін емес. Себебі құран әлемнің барлық сөз атауларының жинағы және әлемдік ділдің ақ бұлағы болып табылады. Әрбір ұлттың өз тілдеріне аударылуы арқылы ғана құраннан алатын кітабы ой қуаттары болуымен маңызды.

Адам атымызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жүп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын, деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді : «..Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49)

Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;

Әдеттегідей жарты жыл бұрын Раббымыздың ескертуін жариялап; Шілде айыда; Жауын-шашын көп болады. Таулы жерлерде су тасқындары болып, халық шығынға ұшырайды. Берекеті кетеді. Жол апаттары орын алады. Шығындар көп болып, ел қазынасына көп қаржы шығын болады. Егінге де өсіп жетілуіне зиян келеді деген сынақтың толық көрнісін байқадық. Астана қаласын қайта-қайта топан су қаптап және ол негізгі ел билігінің ордасы маңында болғанымен, бұған мән беріп шара қолдануға ұмтылған ел басшы, дін басшыларымыз болған жоқ.

Қазіргі таңда жер сату керек пе, жоқ па деген биліктің ұстанған саясатына халықтың ақшаға, дүниеге қызықпай жер сатылуға, меншікке де берілуге қарсылық наразылығының туындатып жатқаны да сөзсіз. Бұл мәселенің ел биліктің дүние, мал табу мен дін ұстанымдары тұрғысындағы саясатымен, ел басымыздың қандайда бір жолдауы мен орындалмай жатқан шешімдеріне қарамай, дүниемен ғана бақытты, мәңгілік ел болатына сенім білдіріп және арсыздыққа негізделген заңдарына да бас шұлғып келісе беретін қазақ халқының ендігі кенеттен аяқ астынан дүрлігетіндей не себеп?

Қияметтік мезгілдің хақиқатын халыққа түсінікті болуы үшін, кейінгі үш жыл бойы жарты жыл сайын, алдын-ала қазақ еліне және әлемдегі болатын сынақтарды Раббымыздың жариялаумен келеміз. Әрине бұл деректердің қазіргі таңда 70-80 пайыздық тұрғыда нақты белгісі түсіп, ескертілген және тосынан да ескертусіз апатты жағдайлардың орындалып жатқаны да хақ. Сонымен бірге төтенше оқиғалардың, апаттардың, ауа-райлық құбылыстардыңда мемлекеттің қазынасына , жеке-жеке пенделердің де басына үлкен шығындар келтіріп жатқанын күнделікті естіп, көріп куә болып отырмызда.

Сонымен қазақ еліндегі дід, діл, тіл дауының арты жер дауымен, шаруашылық, өндірістің дағдарысымен, қияметік жағдайдың түрлі белгілері түсіп, мезгілсіз ажал, апаттарға да бойымыз үйренгені сонша, аз ғана уақытқа тыныштық орнаса болды, енді мұндай қиын-қыстау жағдай болмайтындай, құдайдан уәде алғандай дүние-байлықтың уайымына қайта кірісіп жатамыз. Алматыдағы нөсердің бұрынғы замандарда болмағанын, табиғаттың мұндай құбылыстарында білім тұрғысында европа, немесе өзге құрлықтардан ауып келген желдің салдарынан деген пәтуа шығарып; «Е қалыпты жағдай ғой» деп бұл құдайдың ісі еместігіне де көңіл тоқтата саламыз.

Хақиқатқа жүгінсек; айдан-айға, күнен күнге халықтың рухани азғындық батпағына батып, сасық иістермен, жаман қылықты көлеңкелермен яғни уақыттың бейнеленген ұсақ бөлшектерімен (рухани көлеңке, қара қуатты өрістермен), әлемдік уақыттың қара түнектік күшін арттыруға жаппай жарысқа түсуімізге де, әлемдік уақыт қозғалыстың теңдігін сақтауға жаратушы тарапынан түскен нұр қуатының біреулерге оң, біреулерге теріс әсерімен табиғаттымыздың да құбылысымен белгілі болып жатқаны да хақ.

Алматыдағы болып жатқан сынақтардың да себебі арсыздықпен, рухани құлдырауға ел басшыларының «оңай жүйе»,құдайсыз мәңгілік ел құру және дәстүр деген аталарымыздың бізге қалдырған өмір сүру тәжірибесін бұрмалаумен, ойын-сауыққа тек сенімге негізделген масһабтық дін ұстанымға бейімдеп, құранға қарсылық жасаумен де байланысты екені хақиқат. Ата дәстүрін, бабалар аманатын, пайғамбарымыздың сүнет өсиеттерін ашық қарсы және қазақ ел билігінің дінсіз саясатты ұстанатынын ел басымыздың Петербург қаласында әлемнің тілшілерінің алдында берген сұқбатында; «Біз гендірлік теңдікті қолдаушы елміз, қалыптастырыпта үлгірдік, енді жоғарғы ел басшы болуға әйелдерді де дайындап үлгірдік..» деген ұғымдағы сөзінде; «Құдайды, құранды, пайғамбарды мойындамайтын аталар дәстүрін ұстанбайтын елге айналдық…» деген әлемге ашық жолдауы екеені де хақ.

Олай болса Раббымыздан келген хабарды; «Ел басымыз, қазақ елінің ата дәстүрін, ана тілін, дін ділін жете, саналық екін күнін өз орына қойып меңгеретіндей шешім шығармаса, онда 10-ай да (2017 ақпан айында) қылтамақ аурумен ажалы келеді» деген біздер арқылы берілген ескертуді де мойындамайтыны, жалпы құдайдың жобасына, аян, уахиына түсіретін аят шындығына сенбейтіні де мәлім болды. Әрине өкінішті, себебі құдайдың өзінің түсірген ескертулерін, шындығын шынға хақиқатқа айналдыруға да құдіреті жететіні де хақ. Біз үшін қазіргі ел билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің өз қателіктерін мойындап, соңынан ерген ұрпақтарын, нәсілін, тағдырларына жүктелетін қарғыспен, жоғалудан сақтап қалғаныда дұрыс болар еді.

Ел басшылымыздың осындай әлемдік «Армаддегондық» (тажалдық) саясатты ұстануына және бір тұтап пайғамбарымыздың сүнетімен құдайдың жол-жобасымен ғана құранды меңгеру жолын, тура жолдың үлгісі болған қазақ дәстүрін, исламдық сүнеттік тұрғыда төртен бірі болатын масһабтық шариғаттық дін ісін ғана алып, ислам дінінің замандық бірлігін қалыптастыруға ашық қарсылық жасауменде, діндегі бүлікке үлес қосып жатқанымызда хақ. Сондықтан діндегі ішкі жаулармен, яғни қазақтың өз ағайындарымен, ұрпағымен бітіспес соғыстың басында да ел билігі мен муфтиятың және оның атқарушылары білімді, дінші қауымның өзі екені де сөзсіз.

Раббымыздың ескертуімен жарты жыл бұрын маусым айында қазақтың ағайындары арасында алауыздықтың басталуын да ескерткен еді. Оған мән беріп, сынақтың алдын алу үшін, құдайдың өзінен ақыл сұрауға талпынған бір де бір зиялы, ел билеуші табылмады да. Қазіргі таңда сырттай бәрін заңмен күзетіп, бақылап тәртіп орнатық дегенмен, рухани тұрғыда алауыздықтың күнен күнге өршіп, бір тұтас ұлттың өз ара қырқысуы да сөз майданы болып жатқаны да жасырын емес. Ібілістің «мәңгілік тозақтық ел жобасы» дегенде осы болар шамасы. Мәңгілік жоғалатын немесе жаннатық болатын ел боламыз ба, оны ел басы жолдауында түіндере алғаны да жоқ. Әлем тарихында дүние байлықпен мәңгілік ел іргесін қалаған әзірге ел болған жоқ екені де хақ.

Құранда жеке жеке мәңгілік жанды иемденуге ғана; «Алла жолында мал жаныңмен соғысыңдар» деген жаратушы иеміз. Бұл сөздің ұғымын бағзы замандағы арап сөзінің ұғым аясынан шығармай және «жиһад жасау» деген тікелей түсінікпен, ал шынында бұл қазақ дәстүрінде әулиелікпен, тылсыммен көмес, метафизикалық тұрғыда, қара қуаттарды жүктеп алып, жағып тазарта білумен, әлемдік жүйеге қуат қосып құлшылығы, тақуалығы, білім, ілімді иманмен негіздеп, жүректен жүрекке бере біліу арқылы соғыса білу екенін, және мәңгілік екі дүние елшісі ұжданды меңгерумен байланысты екенін түсінетін пенде де аз ғана. Ел басымыз бүкіл қазақты қандай жолмен мәңгі ел, түгелдей ұжданды қылуға Құдаймен шарт жасасқандай, біздер үшін түсініксіз мүлде.

Мәңгілік елдің діңгегі діні болуы да керек. Бірақ біздердің дін басшылармыз, хазірет имамдар, филсофтарымыз ұжданды меңгеру құлшылығы түгіл, қарапайым тұрғыда жан, рух, рұх, рұқ, ұрық және иманмен сенімнің ерекшелігімен, өлшемін мүлде білмейтіндері де хақ. Олай болса елмізді азаматтық ғылым мектебі мүлде қаланбаған, мәңгілі ел философиясы да ойдан шығарылған деп түсінген дұрыс. Әрине мұндай жағдайда ел басшымыздың кез келген елдің, ой жорумен дүниемен байланған саясатының ықпалында кетуіде заңдылық.

Дін тұрғында әрбір заманға сай сенімен иманың бірлігінен бергілі бір нанымның дін білімнің қалыптасып отыруы және оған қарсы ібілістік білімнің де жетіліп отыруы заңдылық. Сондықтанда сенімділік тұрғысындағы білімді тазартушы, замандық білімге өркениетке ібілістік қарсылық күштерге қарсы тұруға, дінсіз таза ақылдан, шындықтан қуат алатын, елшілік істерді жалғастыра білетін, әрбір заманның өз әулиелерін, ғұлама даналарын дайындап отыру құдайдың жол-жобасы екені де хақ. Бұл жолға алдымен қазақ елінің философтары, дін басшылары, ел билеуші, ақын, жазуышы үлкендері түсіп үлгісін жастарға көресте біліуі де керек.

Енді қарапайым тұрғыда әрбір мәңгілік елдің тұрғындары меңгеруге тиісті сенім мен иманның ерекшелігі мен қызметін түсіндірсек; Бүгінгі заманың жетістігі жер бетінде жол тауып белгілі бағыттағы межеге адаспай жету үшін «новигатор», жол көресетуші құрылғыны пайдаланамыз. Енді бұл аспаптың жыл сайын картасы қайта жасалып, жаңадан жолдардың, ғимараттардың қалалардың құрылысын, өзгерісін қамтып, қайта жоспарланып отыруы да шартты. Болмаса адасумен немесе бағытан бұрылып басқа жолға өзге ғимраттарға кіріп кету қаупі де зор. Енді бұл жүйеннің екі түрлі басқару тетігі бірі картасы болып, жер бетіндегі сенімнің білімі болса, оның көктен «спутниктер» арқылы жоғарыдан басқарылатын «курсор», жол бағытын көрсетуші серігі бар. Және дыбыспен де алдағы кедергілерді бұрылыстарды ескертіп отырады.

Иман дегеніміздің өзі осындай әрбір пендесіне жер бетіндегі сенім картасына байланысты жол көресетуші жұлдыздардан сәуле болып саналады. Тек қана сенімділік білімде адамзаттың рухани өмірінде бұл күрделі көмес, метафизикалық тұрғыда; тағдырына, амалына, ұлтына, руына, меңгерген біліміне, өнеріне атқаратын қызмет дәрежесіне байланысты да сенім картасының да ерекешелігі болады. Ол картасының негізі де үнемі екі аралық қуаттардың көбейіп артуымен, ібілістің де түрлі адамзатты азғындыққа түсіретін сарайларын салуымен, және әлемнің көк жиегінің кеңумен байланысты исламның сенім білімнің аясы да кеңіп, өзгеріп түрлі жолдан тосушы, адастырушы қарсылықтары да көбейіп отыруы хақ. Мұндай жағдайда мыңдаған жыл бұрынғы сенімнің картасын жаңғыртқан масһабты немесе жүз жыл бұрынғы кез келген дін ұстанымын, білімін сол қалпында Раббымызға қауыштыратын жол картасы қылып алғанмен, оған бүгінгі күнгі жарық қуаты болған, иманның жалғанып жол көрсетуші бола алмайтынында білген жөн. Себебі онан бері жанатыңда сарайларын көбейткен, оларға баратын даналықпен, ғылымның іздерін салған және ол іздерде де түрлі қарсылыққа, жалғандыққа бағытаушы белгілердің пайда болуғаны да сөзсіз. Әлемнің жартылысы үнемі өзгерісте кеңіп, көбейіп отыратынын да ескерген жөн.

Олай болса, қазақтың дәстүрімен шариғатты меңгеріп барып, тарихтың талай шырғалаңына түскен ата-баба аруағының жадымен жалғанудың әрбір пендесіне Құдайдан ғана жол-жоба алып, құпия түрде сол сызбамен (картамен) белгілі межеге жетумен, ұлтымызға және адамзатқа ортақ ғылымның ақ бастауына жалғанумен ғана үлкен сара жолға яғни мағрипат тұрғысындағы тура жолға құдайдың өзінің сызған метафизикалық, жарықтар жүйесіне жалғанамыз. Оған дейінде біз мың жылдар өткен масһабтық картаны ғана емес, кешегі жүз жыл бұрынғы біздің бабалармыз меңгерген картаның сызбасына, кітабына жалғануымызда шартты екені хақ. Ал мұндай екі аралық жіпті үзіп, тек масһабпен ғана құдайлық жүйені меңгеру керек дегенмен, ұлттық тұрғыда , жер отанмен байланысты жанның қалауы да болып, екі аралық жүйені тегін меңгеруді Рабымыздың хикметіне жолығуды іздеп, оны таба алмағанда кез келген сыртқы қаралық күштердің ықпалында кетуі де заңдылық.

Енді қазіргі таңда қазақ еліндегі болып жатқан рухани дағдарысқа жастарды кіналап, шалыс басқандарын аяусыз жазалап, әделетілік орнатық дегенмен, оған негізгі себепші әке-шеше, қоғам, орта ел билеудің саясаты және оны қолдаушы үлкендер, зиялы қауым және ел басшымыздың ұстанған ел биліктің дінсіз, құдайсыз саясаты екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан да мұның түйінін шеше алмағандықтан, қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні сияқты, дін жібімізді Алланың шашынан, иіріп берген жібінен, сызып берген жол –жобасы иманы мен сенім картасынан ажыратып, үзіп алғандықтан, қазақ елінде Құдайдың азабымен түсіріп жатқан апаттары еселеп арта береді, демек экномикалық дағдарыста тереңдеп, әлем алдында қарызға да белшемізден бата беруіміз хақ.

Мұнан ел басымыздың нұрлы жолы да, ұлт жобасы, жүз қадамы, жерді сатып байлық табуы да т,б дүние табуға ғана негізделген да алып шыға алмайтыны да хақ. Ашық дәлелдердің де көрніс беріп жатқаны сөзсіз. Бұл жағдайдан жалпы халық болып жұмылып, жер отанымызды, көк пен жер арасын тазартумен, жеке-жеке дінсіз таза ақылға жалғанып, дінімізді тазартуммен байланысты; жандық, рұқтық қуаттарды меңгеріп, көбейтіп әлемдік уақыт жүйесіне қуат қосумен ғана жер анамыздың рұқының ризашылығына бөленумен, құдайдан көктен түсіріп жерден өндіретін несбесін артыруға, өмір сүруге, дүние тіршілгіне қолайлы ауа райын қалыптастырумен ғана бейбітшілік өмірге аяқ басамыз.

Ал енді рухани жағдайымызды жетілдіреміз деп, үгітпен, насихатпен барлық қазақты намазға жығып масһабты ғана ұстаныңдар деп, мешіттерге қамап қойғанмен, қара күш әскерлеріне ешқандай тосқауылда бола алмайды. Құдайдың түсіріп жатқан апаттарын тоқтатып, елге тыныштық әпермек түгіл, бір нөсер жаңбырды немесе борасын қарды діншілердің барлығы жабылып дұға жасап құдайдан нығметін сұрап ала да алмайды. Қазақтың егемен болдық деген 25-жылдық тәжрибесінде мұндай бірде-бір хикметті жағдай болған жоқ, енді масһаб, тарихатшы, салафиттер тұрғысынан болуы да мүмкін емес. Себебі олардың Раббысының хикметіне, жаратушы нығметіне жолығулары дүние байлықпен немесе ертегіге айналдырып алып, өлгенен кейінгі екі аралық тарихи мезгілді уақытты, аруақтарын меңгермей атап өтіп, тікелей жанатқа ене салу деген жалғандық екені де есті пендеге түсінікті екені сөзсіз.

Мұнан қазақ дәстүрімен, көмес жағдайда мал жанымен соғысумен ғана болашақта әлемге үлгі салатын ел боламыз. Бірақ қазақ дәстүрінің сопылық үлгісінің, ата жолының бедел алуына, халық арасына кең өріс алып, зертеліп қателіктерін сынап, түзеп, өркендеуіне кедергіні қойуға ел басшыларымыз өздері басында жүретіндері де жалған емес. Себебі осы уақытқа дейінгі қалыптастырған жалған әулиелік, даналықтарын заңның күшімен қорғап, бағып, дүние қызығымен алдап, әлемдік тұңғиықтың шеңберінен шығармауға тырысып бағады. Бұған білімді, зиялы , өнерлі аталған кітапта жазылғанға ғана сеніп, ал ата бабалар жадына, жобасына жалғанып, жұлдыздардан, иманнан хабар алуға қарсы, еліміздің барлық дің ақпараттық жүйемен, ақын, жазушы, тілші, дінші, философ, ғалым, дәрігер деген топтықтарда жанталасып бағатыны да хақ. Қазірдің өзінде кітап арқалаған есектердің дінде ақыл айтып, жалаңбас, жалаңаш жете, сана бой өрісін жетілдірмей-ақ, бес жалғандықпен меңгерген білімдерін таза ақылға балап, ғұлама, сопы аталып елді соңынан ертуге жанталастың басталып кеткені де белгілі.

Бірақта құдайдың хақиқатты ашықтауы, жерге жұлдыздардан түсетін «бізі»-мен, жердін шығатын нұры да ай сайын күшейе берумен, халықтың арасында рухани оянатындарда арта бермек. Көз іліктілер, (аян, уахи алатындар) көбейе береді, ата жол білімнінде түсініп оқитындар жан, рұқының жағдайын ажыратып жетеліктің қалыптасуы да бұқара халық арасында бой көтереді. Мұндай жағдай 3-жыл бойы жалғасты түрде жетілумен, 2019 –жылдары орта деңгейге жетіп, бүгінгі күнгі ел биліктің саясатын ашық сынап, жаппай халық арасында наразылық басталады.

Сонымен бірге бүгінгі таңда аз болса да өз білімін жетілдіріп, ата баба жадына жалғанып, сенім картасының жобасын сыза алғандар, көз қырағылар да жетістікке жетіп, рухани тұрғыда қазақ әулиелігінің үлгісі де танымал бола бастайды. Халықтың арасында түрлі сынақтардың, апаттардың әсерінен, бүгінгі таңдағы жер дауы, бүлікшілердің бас көтеруі сияқты аяқ астынан рухани дүрбелеңге түсуі де жилей береді. Ата жолын , дәстүрін аз да болса ұстанып, азғырудан аман жүрген пенделерге құдайдың ерекше хикметтерінің түсіп, білінумен; «Жерден жеті қоян тапқандай» қуанышты ерекше жағдайға тап болатындар, яғни бес парыздан жоғары тұрған жетінің жетістігінен ілінетіндер саны да арта береді.

Қанша тиым салып қудалғанмен, ібілістің ұрпақтарының азғыруынан аман қалған аз ғана ата жолында тақуалығын бұзбай, көмес-метафизикалық жағдайда (аян, түс көру арқылы) мал жанымен соғысып жүрген ұл-қыздырымыздың, үлкендеріміздің де тілегі, зияраттары қабыл болып, көне көз қариялардың рұқтарының жаппай оянуы басталып, қазақ елінде, бұқара халық арасында қазіргі таңдағы масһабшы, тарихатшы, ғалым діншілерге ашық наразылықтардың бұқара халықтың арасынан бой көтеріп, ал аруаққа қарсы болуға азғырғандарды қудалау, айыптау сияқты қозғалыс басталады…. (жалғасы бар Маусым айы 2016 жыл)

Ақтөбе қаласындағы болған дінші жастардың бүлігі қазақ еліндегі қияметтік мезгілдің ашық белгісінің бірі десек жалған емес. Ал қияметтік жағдайға себепті белгілі бір теріс пиғылды топтардың әрекетінен емес, сол қоғамның барлық құрлымынан ел басқару жүйесінен, саясатының бағытынан, дін ұстанымынан және қалыптасқан білім жүйесінен іздеген дұрыс болар.

Қияметтік мезгілінің негізгі 10 түрлі белгісін Мұхаммед пайғамбарымыз ашық ескертіп өткені дін шариғаттан хабары бар кез келген пендеге мәлім жағдай. Қияметтік мезгілдің басталу белгісі болып; «Қияметпен мен бірге жіберілдім» деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар. Олай болса сұқ саусақ-жол бағыт сілтеуші, ортаншы саусақ әрбір пенденің тағдырлық жобасымен байланысты. Мұхаммед пайғамбарымыздың құранға куәлік болып, адамзаттың және исламдық дін ұстанымда құранды теріске алып, діннің азғындап, бүлік басталғанда құранның хақиқаты болып, пайғамбарымыздың мәңгілік екі аралық дәнекер тұрғысындағы тылсымнан беретін уахи хабарын, яғни елшілік істерін жалғастыратын топтың пайда болуымен және түрлі хикметті белгілердің басталуымен белгілі болмақ.

     Ақырзаманның қандай белгілері болып, ондай заманда ерекше хикметтің жағдайлардыңда көрнісі болатыны, өлілермен тірлердің қарым –қатынасы басталып, бірақ білімге мас болған пенделердің тажалға айналып, оған нанымы да болмай, керісінше білім арқылы заңдар шығарып, қарсылық білдіріп, қалайда құдайдың ісін жоққа шығаруға арпалысы болатынын ежелгі заманда-ақ ғұламалар ескертіп кеткені де хақ. Сонымен қазақ елінде мына аяттың; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақта (қияметтік белгі оқиғаларды, сынақ, азаптарды) олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111)

       Қазіргі таңдағы әлемдік дағдарыс пен ислам дінін ұстанған елдер арасындағы өзара соғыс пен бүлікшіліктің және түрлі табиғи апаттар мен адамзаттың азғындауы, жазылмайтын індеттер мен аурулардың асқындауы, кездейсоқ ажалдың түсуін жеке-жеке қарастырып, оның дүниелік себебшісін анықтаумен ғана өзімізді жұбатып, ал негізгі ақиретпен, өлілермен байланысты адамзаттың рухани қуаттарды меңгерумен, жанды көбейтіп өсірумен байланысты десек, мұны ертегіге қабылдайтынымыз да сөзсіз. Оған басты себеп; ел басқарған, іс басындағы білімді қауымның шын жүзінде көрнеу дәлелдер болмаса сөз жүзінде айтыла беретін насихаттарға, дін уағыздарына сене қалуы да қиын жағдай. Бүгінгі таңда білімге ғана негізделген қаракетсіз сезімге байланған ақылымызбен қабылданбайды да.