Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан жол, өрт апаттары мен су басу, таулардың қозғалуы, зіл-зала және әр жазылмайтын аурулар мен мезгілсіз ажалдардың себебін әлем халқының ойлы, ғылымды діншілердің, қасиетті көріпкелдердің пәтуаларымен әр түрлі болжамдармен мұнан құтылудың жолдары айтылып, жазылып жатыр.

Бірақ онан өзгеріп жатқан ешқандай ел де жоқ, қайта айдан айға жамандыққа белшеден батып жатқандары да хақиқат. Көрші Қытай жән Түркі басшысына да жыл басында, былтыр да су басу, қирау туралы ескертіліп хат та жазылған еді. Оқырмандардың көбі мұны ертегіге санағанмен ал бүгінгі күні не болып жатқанын, алда онан да зоры тұрғанын білуге жазбаған Құдай. Керісінше, тик-ток арнасынан бұл жолдаулар бұғатталып тасталды Экстремизм, ҰҚК тарапынан.

Енді қазақ еліне келсек, аңғарымпаздығы бар пендесіне біздер әлемнің айнасы сияқтымыз. Әлемдегі ірі белгілердің, апаттардың қазақта әр елді мекендерінде аз ғана белгілерімен көріністері бар. Ірі белгілері адам өлімімен байланысты шығындар болғанмен, оны әдеттегідей биліктің жемқорлығы, дер кезінде шешім қабылдай алмауы немесе белгілі бір басшылардың, ұйымдастырушылардың қателігінен деп прокуратура тарапынан іс қозғалып, енді бұл келмеске кететіндей дереу ұмыта саламыз. Заңды тәңір қылып алғанымызға ашық дәлелі болмақ.

Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемел ұлына

 Байтасов Тоқбергеннен

Дат Президент мырза!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемел ұлы! Мен осы жолдауым арқылы мүмкін бұл баяндалатын елдегі болып жатқан рухани жағдайды, сіздің уәзірлеріңіз хабардар қылған да болар, бірақ дұрыс түсіндіре алмаған деген пайымдаумен; Қазақ елінің бүгінгі күнгі рухани жағдайы мен болашақтағы болатын ел тағдырымен байланысты Құдайдан келген уахи-шындық хабарлар бойынша мәліметтерді баяндау менің азаматтық парызым және Сізге өз сөзіммен жеткізу Құдай алдындағы аманатымды орындау деп қабылдауыңызды сұраймын. Және бұл баяндауларымзды ел басқару саясаты мен дүние ісімен болып жатқан әрекеттерге түк те қатысы жоқ болса да, оның шығу себебі болып табылады.

Егер де тізіп ретімен жаза берсем хабардар ететін халықтың мұқтажы мен сізден жасырын болып жатқан уақиғалар мен деректер талай том кітап жазуға да жетерлік. Қазақтың болашағы өткен тарихтан ғибрат алумен жақсылығын көбейтуге, жамандығын жоюға және алдағы жылдарға Құдайдан жол-жоба алумен, оны меңгеруге халыққа түсіндірумен айналысатын ғылым мектебі мүлде жоғалғандықтан, бұл менің 2002 жылдан бері тәжірибеден өткізумен жазылған кітаптардың 33 томдық негізі қаланып қазақтың философиялық және жан ғылымынан ата-бабаларымыз көбін жасырып кеткен Ар білімінен Абай-Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп пен жалғасы Яссауи -бабамыз салып кеткен ізімен рухани мектебін аз ғана топпен қалыптастыра алғанымызға да ашық айтатын мезгілі де өтіп кетті.

Қазіргі таңдағы 2018 жыл қияметтік сағаттың 7-жылы болып, ең шешуші жылға аяқ басқан болмақ. Осы жылға дейін қаралық күштердің үстемдігі болып, біздер арқылы әулие-әмбилердің көрсетіп, оқылуымен берілген, түсірілген Құдайдың (Раббымыздың) барлық белгілерін ел билеуші, дінші, білімді қауымдықтар мазаққа алып келгені жасырын емес.

2018 жылдың жарты жылдық рухани жоба болжамы. 1-бөлім.

2018 жылдың жарты жылдық рухани жоба болжамы. 2-бөлім.

Қияметтік мезгілдің хақиқаттың көрінісін шілде айында қар жауып, Алла тағаланың ірі белгісі түскенімен,  білім тұрғысында бұл бір табиғаттың тосын мінезі деп бей-жай қарай салдық. Сонымен бірге ел басымыздың қазақтың ар үнін қалайда жоғалтумен байланысты, рухани жолдаудың қателіктерін түзетуге ұсыныс беруге қарсы шығатын бірде-бір зиялы қауым өкілі болмады. Керісінше, қалайда латын таңбасына ауысып алу керек, немесе кеңселік тұрғыда, құдайдың қалауынсыз, рухани жаңғырмақ саналы болмаққа деген құлшыныстар арта түскені байқалады.

Қадір ата батасында қазақ еліне 3 түрлі сынақтың түсетінін ескертті. Демек Ел басымыздың рухани жаңғыру жолдауының Құдайға қарсылықтарымен байланысты жауаптың түсуіне жол ашқаны да хақ. Және қазақ дәстүрін халықтың өзін-өзі басқарып меңгерулеріне, арсыздықтың барлық түріне тыйым салып, екі күнін қайтарып бергенше қияметтің азабы арта бермек.

Осы уақытқа дейін ата жолы атынан Раббымыздың аруақтар арқылы біздерге беріп жатқан деректерін, елге келетін рухани сынақтарды хабарлау әдетімізге айналды. Бұл сынақтардың қазіргі таңда 70-пайыздан бастап шынға шығып жатқаны да хақ. Қандайда Құдайдан келген хабарлардан қорқып тәубеге келіп, жалбарыну арқыл бұл сынақтардан айналып өтуге де болады.

Құдайдан беріліп жатқан қандайда бір хабарларды ақыл елегінен өткізіп халыққа таныстырып отыру дін тақуалығының негізгі шарты болмақ. Сонымен ел билеушілердің ата жолын, ата дәстүріне жақындамақ түгіл керісінше халықтың арасына күдік, қорқыныш сенімсіздікпен тек қана ел биліктің шығарған заңдарына мойынсұнуды күштеп тықпалаумен ғана айналысып, әлемдік түнек күштерін айдан айға арттырып жатқандары да хақ. Қаңтар айында дін бүлікшілермен күресу мақсатында бүкіл мемлекет тұрғындарының қозғалысын бақылап, рәсімдеп отыруға заң күшіне енді.

Әлемдегі болып жатқан барлық рухани сынақтардың қазақ елінен де ашық бейнеленуі және онымен күресу жолдары мен заңдарының ұқсастығынан қазақ елінің де әлемдік барлық оқиғалардан шет қалмауына да белгі болады. Бірақ әлемдік дағдарыстың кілтін табуды жаратушы иеміз қазақтың еліне беріп, ібілістің де ең жоғарғы көмекшілері, яғни ібіліске айналған білімді, ілімді ел басқарушылары да қазақ елінен көрініс беруі де қияметтік сынның заңдылығы.

Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына- ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескеруімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес.