Қиямет мезгіл көрнісі  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 4

Уақыттың барлық тұрағы,

Тоғысы заман болады.

Дәуір боп тарих жазылған,

Тоғыз жолдың болып торабы.

Мезгілі есеп алады,

Жаратқаның түсіп сынағы.

Жалғаның бар қызығын,

Есігін түгел ашады.

Үлгісі діннің тұрағы,

Құдайшыл елі болмағы.

Раббысын іздеп тілдескен,

Хақиқаттың түсіп жауабы.

Ашылып ілім бұлағы,

Аруағы қазақ оянды.

Тылсымнан сөйлеп ата-ана,

Есебі тағдыр сұралды.

Ібілістің шығып ұрпағы,

Білімді ақыл қылғаны.

Көрелмастық түсіп араға,

Хайырдан елді тыйғаны.

Ар, ұят әдеп сақтауды,

Дәстүрін ұлттың тастады.

Жете мен сан екі күн,

Заңымен тыйым салғанды.

Ғылым деп бүгін нанғаны,

Білімммен оқып алғаны.

Жастардың жанын өсірмей,

Тіл мен ділін тастады.

Өнері, әдет, салттары,

Әлемнен жинап алғаны.

Ойын тастап сөзінің,

Ақылдан қайрат озғаны.

Ой қуаты жоғалды,

Атау сөздер астары.

Бөлшектеніп топтармен

Пайғамбардың намазы.

Қазақтің діні аруағы,

Адамзаттың кітабы.

Серік, шерік қосу деп,

Дәстүрін елдің тастады.

Денсаулық естің тұрағы,

Ақ жаулық иман қуаты.

Қазақта кетті жоғалып,

Үлкендер түгел жынданды.

Білімге мастық қылғаны,

«Ғұлама» жасты атады.

Сана түгіл жете жоқ,

Шайтандық елді баурады.

Құдайды мазақ қылмағы,

Нұр жолын көктен алмағы.

Дүниелік жалған амалмен,

Ел басының болған жолдауы.

Түскенмен белгі сындары,

Түсінген билер болмады.

Арасына халық жік салып,

Жер сату болып арманы.

Ниетін халық бұрмағы,

Ойында дүние алмағы.

Киесіне жердің қарсы боп,

Қарғысын құдай алмағы.

Таза ақыл ойдың тұрағы,

Ұғымын билік ұрлады.

Дүние ісін нұрлы жол атап,

Құдайды мазақ қылғаны.

Қияметтің болып жауабы,

От пен сумен түсті азабы.

Жіберіп ауру, індетті,

Көбейді жолдың апаты.

Аянын Раббы алмады,

Әлемге қолды жайғаны.

Жиналыс жасап заң жазып,

Ақылға тұзақ құрғаны.

Ата жолды қай жыл соттады,

Жақындап қалды жауабы.

Мүшелге жетіп толғанда,

Талайдың жетер ажалы.

Он бір жыл бұрын арттағы,

Дәстүріне қарсы сынағы,

Алдына әркім келетін,

Ажал мен азап қыспағы.

Ескерту мезгіл алғаны,

Ел басына түсер салмағы.

Сегіз айда түзеп болмаса,

Тамақтан болар қыспағы.

Кім аман болар қалмағы,

Қияметтің түспей салмағы.

Жік-жік болған қазақ бүгінде,

Ашылып кітап жатқаны.

Таразысын Құдай тартқанды,

Шайтанды әлде бар аруағы.

Астана күні аспаннан,

Көрсетті тәңір атқанды.

Арсыздық жалаң бастары,

Етексіз көтін ашқанды

Азабын тәңір түсірмек,

Асқанға болып тосқаны.

Қазақтың аз нанғаны,

Жетемен, сана болмағы.

Жетені іздеп тазармас,

Жалаңаш, таз бастарды.

Әйелден алмас сананы,

Болмаса таза қандары.

Еркектер азбақ қатынан,

Жалғанбай текке жандары.

Дәстүрден, діннен қашқаны,

Гендірік болып салттары.

Ел билік арсыз болған соң,

Ғылымды білім атады.

Үш тілмен ойшыл қылмағы,

Данышпан түгел болмағы.

Ар ұятсыз, ақылсыз,

Құдайсыз ғылым алмағы.

Ібілістің билік ұрпағы,

Сөздерден ойы ұрланды.

Құдайдан дінсіз таза ақыл,

Тура жол деп Ханафи масһабы.

Тазармай іште арамы,

Кеудеден ұя шайтаны.

Жадына тарих жалғанбай,

Аманатын ұлттың тастады.

Алмаса көктен хабарды,

Діншінің болмас ұжданы,

Тағдырын көріп іс қылмас

Меңгермей жете сананы.

Ұждансыз мәңгі болмағы,

Діл, жансыз ғылым алмағы.

Жаңадан дінді жаратпақ,

«Тәңір» боп мәңгі қалмағы.

Дүниеге ақыл байланды,

Ес жимай билік мастанды.

Қасқырға қойды бақтырған,

Арыстан мен түлкі тақтағы.

Қамыңды халқым қыл дағы,

Құтқармақ  иман жандағы.

Аян мен уахи аманат,

Көрсетер Алла достары.

Аруағың тағдыр қолдағы,

Тарихтың жады артағы.

Тағдырға шежіре жалғансаң

Жетелі болдың сен дағы.

Тақуалық киім бойдағы,

Жаулық пен бөрік бастағы.

Шапанды, етекті, мәсілі,

Болады бойдың қорғаны.

Жете мен сана ой бағы,

Кітабына Алла достары

Жалғанып тура жолына,

Сенде бір кірпіш болдағы.

Жүректен жүрек алмағы,

Иманың қуат қосқаны.

Қауымын кім құтқарса,

Ұжданды мәңгі болмағы!

(Шілде айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.