Ар-намыс қайда жоқтарға?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 125

Ойын керек жастарға,

Мал қуатын баққанға.

Жан күйеді өсе алмай.

Айналса ойын мақтанға.

Үлкенге ойын жаққан ба?

Алты ауызын қосқанға.

Есі шығып қуанбақ,

Жындылықты баққанға.

Шайтаннан жын шықпай ма,

Ойыны қыздың артқанда.

Маймыл, әлде мысыққа,

Малы өседі мақтанға.

Жан күйер деп айтқанда,

Мағына бар ғой астарда.

Есті пенде ұялар,

Намыс деп арға қосқанға.

Жалықпас думан тойларға,

Есті аз бүгін қазақта.

Жарысып ессіз жастармен,

Қуанар шерік қосқанға.

Тән саулық мал қосқанға,

Қоралап армен баққанға.

Ойнасын жастар қуансын,

Өсіріп қайрат тоқтарға.

Ақылға сарай салғанға,

Ет ауыртып тазарса.

Білім, ілім жазатын,

Қан керек таза сақтарға.

Ұлттық текті аларға,

Жынға ноқта саларға.

Жалығу керек ойыннан,

Жанға қуат қосарға.

Бой керек ақыл тоқтарға,

Ар, ұятын ұлттың сақтарға.

Ойының деген осылар,

Толса ақыл үлкен жастарға.

Басшыда билік ой бар ма,

Ар, ұят, ұждан мақтарға.

Абырой, бедел тұрақты,

Дәстүрін ұлттың жақтарға.

(Тамыз 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *