Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 57

                                                   Ата жолы хикметтері.

«Ақ үйің Ай қараған орда болсын, Жиылып ұл мен қызың молда болсын, Адамды адал ниет таза сақтар, Пайдасы молдалықтың сонда болсын. Ақ ордаң Ай қараған шатыр болсын, Жиылып ұл мен қызың батыр болсын. Алғанда жау жағадан, бөрі етектен, Пайдасы батырлықтың татыр болсын. Көш қозғалды, құлағыңызды «түрік, сақ» ұстап ере біл ағайын. «Ескендір Зұлқарнайындай бақытты қылғай, Ай хакім Сүлеймендей тақытты қылғай, Хандайын Арынғазы даңқты қылғай, Ақтылы қой, сарыала түйеге қораң толғай. Өңшең асыл перзентің патша болғай, Жақсылық жаққан отың шырақ болғай. Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай. Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай, Арысақ-ат, шөлдесек-сусын болғай. Хакіміміз сен пайда болған лайдан-ай. Он сегіз мың ғаламның басы болып, Тентекті қайырғайсың райдан-ай!» Әумин! Раббымыз қиямет мезгілінің негізгі белгісі болып ескертілетін жер, су, от апаттарының көбеюімен бірге адамзаттың өлімін көбейтетін басты себептердің, яғни жазылмайтын аурулармен азапқа түсуін ескертіпті; «Мұхаммед оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықпалды болу да болмайды. (18) Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі.» (40-19).

 Бұл аяттағы «Көздер» деп адам баласының рухани көлеңкесінің көмес және ақирет тіршілігінде көздерге, күзетші періштелерге айналуымен, ал жанының көкірек құпиясы ұждан-періштелігін «адам баласы» деп құранда ескерткен. Енді пенденің осындай рухани серіктеріне түсетін түрлі қияметтік белгілерден тылсымнан тұрақты беріліп тұратын рухани азықтың үзіліп, керісінше қара күштердің ықпалына түсе бастайды да, азаптарға душар болатынын ескертеді. Сондықтан ар сауытын жоғалтқан пенделерге кеңістіктен ақпарат, несібе жеткізетін аруақтық «көздерін теріске айналдырамын» деп ескертіп  және де мұндай ірі қиямет мезгілінде жалпы елге тұтастай; «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла да алмайсыңдар» деп те ескерткен.

Осындай адамзаттың түрлі зинақорлық, арсыздық, ұятсыздықтың шектен шыққан уақытында, көкіректегі және пенделерге рухани ақпарат беруші, алды-артындағы күзетші аруақтық тылсым көздерінің (оптикалық) қиянатқа түскенін анықтау үшін түтінсіз жалын түрінде, от апаттары мен отсыз салқын түтін жіберуімен пенделердің тылсым арасындағы  рухани жәрдемге тұрған достарымен, әулиелермен арадағы жіптің үзіліп тозақпен азапталатынын ашық ескертіп тұр. Түтінсіз от дегенімізді күнде елімізде өзінен-өзі тұтанып бірден көптеген аумақты қамтитын және сөндіруге ие бермейтін, от апаттары тіпті көзіміз үйреніп, әйтеуір себебін ой жорып біреуге немесе жарық қуатының, сымының тозғанына т.б. сияқты себептерге жаба салатын әдетті тауып алдық та, оның құдайдан келген ескерту жаза екенін тіпті масһаб дін ғалымдарымыз, имамдарымыз ауыздарына да алмайды. Ал отсыз түтінді қазақ жерінде көптеген қалаларда иіс немесе шаң, тозаң түрінде басып қалып жатқанына да көзіміз үйреніп, оны да жел өзі айдап әкеліп арнаулы бір қаланың үстінде бірнеше күн ұстап тұратынан да, ғылымдық себебіне де мән беруден қалдық. Бірақ бұл жағдайлардың біздің отанымыздағы қуаттық әсерлердің қозғалысын туындатып, түрлі қуаттық күштердің аласапыран қозғалысын туындатып, еліміздің онымен тыныс арқылы, аяқ, төбе, қолдары арқылы тиісті өрістерін алып, жандарымыздың болашақта үлкен азаптарға ұшырап, рухани кеселдердің тәнімізде өсіп қияметтік сынақтарға қарай бүкіл еліміздің, жер әлемінің де жақындап келе жатқанын біле бермейміз.

Мұндай жағдайларда пайда болатын себептерді Мұхаммед пайғамбарымыз да ескертіп және қиямет мезгілінің белгілері туралы көптеген өсиеттер қалдырған екен және ислам дінін зерттеуші ғалымдар осы өсиеттерге сүйене отыра қияметтік жағдайдың негізгі себептерін қысқаша тізімін жасап кетіпті; 1.«Ішімдік көп ішіледі. 2.Зекет берілмейді. 3.Жихад (нәпсімен күрес) жасалмайды. 4.Жастар пасық болады. 5.Жақсылыққа кедергі жасалады. 6.Еркектер жібек киеді. 7.Көршілік қарым-қатынас нашарлайды. 8.Күнәға тарту артады. 9.Музыкалық аспаптар көбейеді. 10.Жансыздар да (жын-шайтандар, шеріктер) сөйлейді. 11.Аманатқа қиянат жасалады. 12.Барлық жерде музыкалық аспаптар ойнап тұрады. 13.Адам өлтіру көбейеді. 14.Өсімқорлық, пайыз алу көбейеді. 15.Некесіз балалар көбейеді. 16.Төмен адамдар үстем болады. 17.Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз надан деп есептейді. 18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды. 19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады. 20.Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады. 21.Мешіттерде жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады. 22.Мешіттерде құран әуенмен (өлең түрінде) оқылады. 23.Лауазымды, ел басқарушы пенделердің кесірінен сақтану үшін  сый көрсетіледі. 24.Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады. 25.Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.  26.Бір уақыт келеді, адамдар тек ақшаны ғана ойлап, табысының харам, халалы туралы ойламайды. 27.Пара сыйлық деген атпен беріледі, халықтың көзін қорқыту үшін кінәсіз адамдарды соттап, өлтіріледі. 28.Пайғамбармын деген өтірікшілер шығады, менен кейін пайғамбар келмейді. 29.Менің бір хадисім айтылғанда» Пайғамбар олай айтпайды, хадисті таста. Құранға ғана қара» деп мені өтірікке шығаратындар шығады. 30.Кәпірлер үшін келген аяттарды мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады. 31.Сүннет биғат сияқты «жаман» деп саналып, биғат сүннет деп саналады. Сүннетке бағынған адам жалғыз қалады. Биғатқа бағынған адам көп көмекші табады. 32.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бір де бір мүмін болмайды. 33.Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды. 34.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа береді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді. 35.Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады. 36.Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды. 37.Қажылыққа билеушілер қыдыру үшін, байлар сауда үшін, кедейлер тілену үшін, дін қызметкерлері өздерін көрсету үшін барады.  38.«Анархия» (гендірлік саясат, жүгенсіздік) мен өлім көбейеді. 39. Әр ғасыр алдындағы ғасырдан жаман болады да, осылайша қияметке дейін созыла береді.  40.Адамдардың барлық қайғысы қарны ғана болады да атағы — мал, құбыласы — әйел, діні — ақша болады. 41.Адамдар тазалықта ұқыпты болады, дінде шектен шығады. 42. Әр түрлі аттармен шараптар шығады. 43. Ит асырау бала емізуден де артық іс болып саналады. 44. Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады. Жаман әйелдер көбейіп, зинақорлық тараса, халық бұрын естімеген жұқпалы ауруларға шалдығады. 45.Өлшеуде, тартуда айла жасамаса күн көріс қиындайды.  46. Істер маманына берілмейді. 47. Байға малы үшін тағзым етіледі. 48.Жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді. 49. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасалмайды. 50. Қасқырлар қозының терісін жамылады. 51. Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды. 52. Бір жынысты некелер дұрыс саналмайынша қиямет болмайды. 53. Жамандар дүниеге үстем болмайынша, қиямет болмайды. 54.Адамдар жолдың шетінде әйелімен қатынаса алады. (Ұятсыздық салтқа айналады.) 55. Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды. Осындай қиямет мезгілінің белгілерінің толық түсіп болуымен бірге оған қарсы да түрлі хикметтердің, Раббымыздың ескерту белгілерінің де берілетінін ашық аяттармен ескерткен құранда. Енді қиямет мезгілінде Ғиса пайғамбарымыздың аруағы көктен келіп, түрлі ғажайып оқиғалардың да болатынын Інжіл жазбалары да ескертеді. Және Мұхаммед пайғамбарымыз Ғиса пайғамбарымызға келген нұсқаулардың, біздің дін имамдарымыздың жоғарыдағы 17 санмен берілген өсиеттің шынға айналумен, бұрынғы кітаптардың үкімдерін; «құран түсумен бірге күшін жойған» деген надан ғалымдардың пайда болатынын ескеріп;  «Бұл дүниеде де, ақиреттеде де Мәриям ұлы Ғисаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір.» (3443-х) « Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында, араларыңа Мариям ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жизаны (бодау, құрбандық, зираттап тазару) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дүниеде көбейтеді.» (993-х) «Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имандарың (аруақтарың) өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» (1374-х) деген өсиеттермен Інжіл жазбалары мен Ғиса пайғамбарымыздың ескертулерін хақиқатқа шығарып кеткен.

Енді ислам дін ғалымдары бұрынғы кітаптарды жоққа шығарумен бірге ислам араптарға келгенге дейінгі өзге елдердің тура жолда болған елшілік істері мен кітаптар алған әулиелерін, сопыларын да мүлде тарихат болмағандай және қазақ елінің дін қағидасының шарты; аруақ-кітабын да мүлде жалғанға адасушылыққа есептеп, адамзатқа берілген 47 түрлі рухани құранды «арам-шерік қосу» деп атаудан бас тартпайды да. Сондықтан осындай адамзат ақыл-ойының  және дін адамдарының философиялық адасушылықтарымен және ғалымдардың надандықтарымен бірге қиямет мезгілінің себебі басталатынын Інжіл нұсқауларында; «Құдай көктен адамдардың барлық азғындығы мен әділетсіздігіне қарсы өз қаһарын білдіреді. Себебі олар әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады. Құдай туралы білуге болатын шындық (аруақ өмірі) адамдарға белгілі, мұны оларға Құдайдың Өзі білдірген. Өйткені Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері (47 санды аруақ құраны)– оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын, бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды. Олар Құдай туралы білсе де, Оны Құдай деп дәріптеп, шүкіршілік еткен жоқ. Керісінше, адамдар түкке тұрғысыз ойға беріліп, надан көңілдерін қара түнек басты. Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты.  Осындай олар мәңгі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты мен бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды. Сондықтан Құдай олардың көңілдері ынтыққан әдепсіздіктердіктің былығына батырып жіберді, осылай олар өз тәңірлерін (қасиеттерін, аруақтарын) өздері қорлауда. Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты (хикметтерді) мойындамай, жалған тәңірлерге (білімге, жетістіктерге) сиынып, Жаратушы иеге бас ұрып (намаз оқу, амалдар) ғибадат етудің (ізгілікті істер) орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етті. (табиғат жаратты деп түсіну.) Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин. Сол себептен де Құдай адамдардың өздерін қорлайтын құмарлықтарға батырып жіберді. Араларыңдағы кейбір әйелдер табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды. Дәл осылай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, әдепсіздік істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің тиісті жазасын өз бойларында тартып жатты. Бұған қоса мұндайлар Құдайды танудың қажеті жоқ деп шешті. Сондықтан Ол соларды бұзық пейілдерінде қалдырып, ұятты нәрселер істеуге тастады. Олардың тұла бойлары тұнған әділетсіздік, бұзықтық, дүниеқоңыздық, залымдық, қызғаншақтық, кісі өлтіруге құмарлық, даукестік, алдамшылық және арам ниеттілік. Олар жасырын жамандап, ашық өсектегіш, Құдайды жек көретін, күш көрсеткіш, өр көкірек, мақтаншақ, жамандықты ойлап тапқыш, ата-анасын сыйламайтын, санасыз, сенімсіз, тасбауыр, мейірімсіз жандар. Сол адамдар осындай күнәлар жасағандардың тартатын жазалары-өлім деген Құдайдың әділ үкімін біле тұра оларды өздері істеп қана қоймай, солармен айналасатын басқаларды да мақұлдатып отырады.  Сондықтан, ей, басқаларды айыптаушы адам, кім болсаң да, сен ақтала алмайсың: Өзге біреуге айып тағып тұрып өзіңе үкім айтасың! Себебі оны айыптаған сен де сол сияқты күнәлар жасайсың. Ал сондай істермен айналысатындарды Құдай әділдікпен соттайтынын білеміз. Ей пенде, егер өзің де айналысқан жаман істер үшін басқаларды айыптасаң, сонда қалай, Құдай сотынан құтылам деп ойлайсың ба? Әлде сен Құдайдың мейірім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейірімділігін, сабырлығын, шыдамдылығын менсінбейсің бе? Бірақ сен қасарысып, теріс жолдан қайтудан бас тартасың. Осылай Құдайдың қаһары төгіліп, әділ үкімі жарияланатын күні тартатын жазаңды ауырлатасың. Киелі жазбада «Құдай әркімге істеген ісіне қарай есесін қайтаратын болады» деп жазылған. Тәңір алдында игілікті істерінен таймай, ұлылыққа, құрметке және өз есімін мәңгі өшірмеуге (жерін өртеп, зияраттаған) тырысқан кісіге Ол мәңгілік өмір сыйлайды. Ал өзімшіл болып, шындыққа емес, әділетсіздікке мойынсұнып жүргендерді Құдайдың зор қаһары күтіп тұрады. Жамандық істеген әркімді — алдымен Құдайдың таңдап алған халқынан шыққан яһудиді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да қиыншылық пен азап күтіп тұр. Ал игілік істейтін әркімді — алдымен яһудиді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да ұлылық, құрмет, амандық пен тыныштық күтіп тұр. Себебі Құдай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Тәураттағы (Құрандағы) Құдайдың заңын білмей күнә жасағандарға сол заң қолданылмай-ақ тозаққа үкім шығарылады. Ал Тәурат (Құран) заңын біле тұра күнә жасағандар сол заң бойынша сотталады. Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер (намаз орындаушылар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік дінін сақтаушылар) ғана Құдай алдында ақталады. Тәурат (Құран Тәуратты қайталайды деп ескерткен Раббымыз) жоқ басқа ұлттар өз еріктерімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заңсыз-ақ (шариғат білімінсіз-ақ, ғұмырлық, дәстүрлік әдеттерін сақтап, аян көріп, түстерді жорып) не істеп, не қою керек екенін білетіндіктерін көрсетеді. Осы арқылы олар Тәурат (Құран) заңының талаптарының өз жүректерінде жазулы (тарихат, мағрипат болып зейнеттелген) екенін дәлелдейді. Бұған, яғни оларды іштей қаралайтын немесе ақтайтын осы ұждандарынан туған ойлары куә. Ал олардың ар-ұждандары куә, адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай Иса Мәсіх арқылы қиямет соты күні шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді.» (Рим: 2-тарау).

 Енді осындай жағдайда тура жолын тапқан елдерге де сынақтар келіп, түрлі діндерге, топтарға бөлінумен пайда болатын жағдайды Мұхаммед пайғамбарымыз; «Дағуаттары бір (шариғаты, әдет-ғұрпы) екі үлкен топ өзара қырқыспайынша, ол екеуінің арасында үлкен қырғын болады.» (2103-х) деген әулиелік сөзі арап көктемі болып, бір тілді мемлекеттің үшінде адам өлімі мен үлкен соғыстың етек алуы осы қиямет мезгілінің басталған ақиқатын растап тұр. Және бұл жағдай қазақ еліне де келген рухани сынақ болып,  екі топтың ата жолы мен муфтияттық, масһабтық діншілер арасындағы көре алмастық жағдайдың да арты елімізге келген сынақтармен; от, су апаты және түрлі жағдайдағы өлімдермен, жазылмайтын аурулармен көрінісін тапқаны да сөзсіз. Және енді бұл сынақтарды Раббымыз аруаққа қарсы болған топтар арасына салып қойып, енді бір-бірімен соғысып және бәрібір өз ағайындарымыз бірін-бірі өлтірумен ауыр күнаға ел, дін басқарушылары да жүктеліп жатқаны сөзсіз. Және мұндай рухани кеселдің де себебін пайғамбарымыз; «Отызға жуық өтірікші тажалдар жіберілмейінше, олардың барлығы өзін «Алланың елшісі» деп айтады. Ілім алынбайынша, жер сілкіну жиіленбейінше, уақыт қысқартылмайынша, фитналар бой көрсетпейінше және қаскөйлік, яғни кісі өлтіру жиілемейінше қиямет келмейді.» (7121-х).

 Енді ілім қалай алынады, тажал қандай болады?- деп сауал қойыңыз. Бұндай жағдайдың басты белгісін  аталарымыз; «Іліммен білім ортасын ұстамасаң бүлін!»,  яғни ілімді аталған қауым бұрынғы ескі ілімнің тәпсірлерінің, яғни тозған білімінің соңына түсумен ілімді аталып, пәтуалар шығарып тажалға айналып және мансап, тақ, дәрежелермен көрінісін табады. Сондықтан ілім жоғалып дін білімі мен іргелі білімдер арасында өзара сын, қайшылық жоғалумен ғылымның философиялық өркендеуі тоқтап, сөз ғылымы жоғалуымен және осындай жағдайларда діннің заманға қарай түсірілетін, көрсетілетін хикметтеріне ашық қарсылықпен және бір салт-дәстүрлі елдің ішінде өзара қарсылықтың пайда болуымен көрінісін бергені де шындық. Ал енді осы жағдайды пайдаланған ібіліс өз әскерлерін ел басқарушылар, білімді топтардың ішінен шығаруымен «шайтан жамағаттарына» айналған ел басқарушы, дін басшы, ғылым тажалдардың мүміндерді қудалауға ұшыратуымен және өздерін мұсылман санап, заң жүзінде ескірген білімдерін күштеп қабылдатуға тырысумен көрінісін бергені де сөзсіз.

  Ал жалпы мүміндер, яғни момындар қандай болу керек? Әрине негізінен сауаты төмен төменгі еңбекші, жұмысшы таптың және буыны қатайып жетілмеген қасиетті жастардың арасынан шығып, құдайдан келген жаңадан оқылып жатқан үкімдер мен аяттарға ғайыпты көрмей, білмей, құдай құдіретіне мойын ұсынушылар болып және құдай ісін, дін ісімен бірге намаз қылып алумен, рухтан келген дарындылық қасиетін, тақуалығын жанын тазарту, меңгеру жолындағы 100 бұлшық етті тазартып ала қойларды (уақ қуаттарын) өсірушілер, көбейтушілер болып табылады. Сондықтан аталарымыз Күндізгі амандықты «Мал жаның аман ба?» деп кешке; «Кеш жарық! Ешкің арық болсын!» деп астарлы түрде аманат қалдырған екен. Енді кезінде інжілдің оқылуымен тәураттық парызшылар мен білімді ел басшыларының тажалға айналып, қудалануына түскен құдайшыл мал қуаттарын, параларын көбейтуші, қосымша рухани қасиеттермен жүктелуші топтарды «ала қойлар» деп атап, христиан  дініндегі халықты құдайдың патшалығына, уахиына, аруақтардан келетін ақ батасына шақырған хауарилар,  яғни Ғиса пайғамбарымызға ерген сахабаларға болған сынақ, уақиғаны суреттеген орыс сыншысы Крыловтың өлеңінен мысал келтіріп, оны болашақта құпиясын көрсететін сандармен белгілеп, сол қойларды бағып, қайта көп отарға қосуға тиісті ел басқарған «шопан» қожалардың рухани жағдайы туралы Абай атамыз осы жағдайды қазақ басына да келетінін, дін сынағы болатынын алдын-ала болжап, біздерге  үлгі қылып кетіпті; Бір таудағы хайуанды бір арыстан  Билеген пашасы екен әуел бастан. Әділ атақ алмақшы ниеті бар, Ешкімді ауыртпастан жылатпастан. Онысы рас, басында тәуір болған, Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған. Алдынан жан шықпаған патшамыздың Ала қойды көргенде көзі ауырған. Ала қойда кінә жоқ жүннен (бата, үннен) басқа, Көрсе қаза тұрады аза бойы,  Болмады бұған айла ойламасқа. Тұрды патша қайғырып уайым жеп: «Ала қойды болады қайткенім еп? Аю, түлкі-қасында уәзірлері, Кеңеседі оларға «қайтемін»?-деп. Қолбаң етіп, қорс етіп сөйлейді аю: -Батыр патшам, не керек көп ойлану?  Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды? Ақылы ала қойды қырып салу. Қабағын түйді арыстан сөзін ұғып:  -Өлтіремін оңай-ақ қойды сығып. Өз жұртын өзі қырған патша бар ма? Жаман аттан қорқамын, кетсе шығып. -Бекер қан төктірмеңіз, әділ патшам Сөкпеңіз,-деді түлкі,-мен сөз айтсам. Оңаша бір өзенді қойға беріп, Қайраңыңнан семіртіп, кең жайлатсаң. Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз,  Жаманды жақсыменен тең көріңіз. Ала қой қорыққаннан өзі азаяр, Қойшылыққа қасқырды жіберсеңіз. Қара деп қатты тапсыр ала қойды-ақ, Өзгесі өсер, ол кемір, сөзімді бақ. Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң, Жаман аттан боласыз сіз дағы аулақ. «Құп» деді, оны арыстан қабыл көрді, Қасқырға «жақсы бақ» деп жарлық берді. Ала түгіл ағынан (аққуынан да) тыныш бопты, Түлкінің айтқанын қылып еді. Түлкінің айтқаны рас, жұрт-ақылсыз, Көре салды қасқырдан баяғы арсыз. Антұрғандық түлкі мен арыстанда, Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз?

Раббымыздың арап сахабаларына және ислам әлеміне ескерткен; «Дін соғыстарын сендердің араларыңда жаңбыр тәрізді айналдырамыз» деген астарлы философиялық ескертуі, енді христиандарға келген оқиғаның біздердің ислам діндегілердің арасында дәл сондай жағдайда қайталанып көрінісін беруі де үлкен қиямет мезгілінің 9 дәуірлік дін сынақтарының қайталануы және діндердің болашақтағы бірленуіне басталған қадам екенін айқын әшкерелейді. Бірақ бұл жағдайға қазақтың төменгі топ өкілдері дайын болғанымен ел басшыларының арасынан шыққан тажалдар және дін басшыларының мүміндіктері, яғни тарихи білім, ілімдері жетімсіз болып шыққаны хақ.     

                                                 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *