Ілім мен мен білім арасы, шындықты меңгеру — мүмін болу.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 61

Мүмін болудың негізгі белгісі тарихи еске тұрақты жалғанып; ана тілін, ата сөзі аманатын, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін жер ана рухына, көк отанына жалғану арқылы ғана меңгеруге  болатынын ескермеген дін ғалымдары тек намаз оқып, бес парызбен ғана жаннатқа белгі алған мүмін болудың жалған жолын ұстанып, тура жолдың қисығына түсіп алатынын алдын-ала пайғамбарымыз ескертіп; «Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, бірақ іштерінде бірде-бір мүмін болмайды.» Себебі; «Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді». Пайғамбарымыздың осы ескертуінен-ақ дін ғалымдарының бес парызбен және намаз оқу арқылы жаннаттық, тақуа боласыңдар деген әлемдік өтірігін әшкере қылып тұрғаны даусыз. Ал мүмін болу үшін; «Мүміннің түсі пайғамбарлықтың 46/1 бөлігі» деп, мүмін адам баласының Алланың ақиреттегі жаннат тұрғындары болған, өз достары арқылы ғана берілетін құпия кітабына жалғанып, аян ала білетін құлын ескерткен екен. Және пайғамбарымыз бұл сан тағлымымен 46 түрлі аруақтық аян кітабы болып, 47-ші «Мұхаммед» кітабынан жалғану арқылы құран болып жинақталатынын да астарлы философиялық нақыл қалдырған. Олай болса әрбір мүміндікке жалғануға 23 кітап аян міндетті болып оның 21-санды және ортасында Айша анамыздың кесенесі тұрған ата жолының ақ туы осы тылсым ғылымын әшкере дәлелдеп тұр.

 21 санды көктік 25 санды жер рухы анамызға жалғанумен 47 санды құранды толық меңгересіңдер деген белгі түскен ата жолына. 24 түрлі әулие-әмбилік ақ бақсылық қасиеттердің болатынын Өтеубойдақ атамыз 15-ғасырда дәлелдеп жазып қалдырғаны да, аталарымыздың осы кітаптарды толық меңгеріп мағрипат білімінен, жан ғылымынан терең хабары болғанын дәлелдеп тұр. Ал енді әулие-әмбилерге зияраттап кітаптарына, аруағына жалғануды «серік қосу, шерік қосу» рухани арамдану деп атағандарымыздың, дін имамдарымыздың  да болатынын пайғамбарымыз ескерткен; «Халалды харам, харамды халал дейді» деген әулиелігімен кәпір болған ағайындарымыздың сипаттарын көруге болады. Абай атамыз да; «Жұрт тынымсыз бәрі ұғымсыз, Сырты абыз бар, желқабыз бар, 6 ауыз бар-өзге жоқ…Барымта мен партия –Бәрі мастық, жұрт құмар, Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулықты, тыныштықты  Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер. Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып кетті қарт, Көнбеді жұрт не лажы?» деген өсиетпен: «Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұрттарыңнан шығарасыңдар (ата жолдық бауырларыңды) әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандықта өзара көмектесесіңдер…Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық, әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады. Және Алла тағала істегендеріңнен ғапыл емес.» (2-85) санды аяттарды тәпсірлеп көрсетіп кетіпті.

 Осындай Раббымыздың алдын-ала ескерткен аяттары дәлме-дәл біздің қоғамда да қайталанып және олардың аталарымыздың өсиеттерімен, нақыл, мақалдарымен сәйкес келіп отыруынан-ақ Құран аяттарының қандай ғұламалықпен баяндалғанын, жер әлемінен ортақ тағдырдың бұлағы екеніне таң қалудан басқа амал қалмайды. Және осындай көптеген аяттардағы мысалдардың Абай атамыздың «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа..» деген әулиелігі де елімізде іске асумен, тыныштыққа, арамнан тазарып өзара жомарттыққа, өзара жақсылық жасауға шақырған ата жолды қудалап соттағаннан кейін, енді ел, дін басшыларының қолдарымен өз ағайындарын өлтіртіп, атқызып болашақта ақиретте сұралуға күнәларын үсті-үстіне арттырып жатқанынан нені ұғасыз? Қиямет мезгілі дегеніміз осы емес пе? Ал пайғамбарымыздың сүннеттерін теріске алып, өздерін кітап алушы «Алланың елшісі» деп санайтын 16-сүре 43-аятты өздеріне теліп «Білмесеңдер білгендерден сұраңдар…» яғни Алланың елшісі; пайғамбарлар мен әулие-әмбилерден сұраңдар дегенді, құранды арапша оқығандардан, масһаб дін ғалымдарынан сұраңдар деп түсіндіру де пайғамбарымыздың; «Отызға жуық тажал шығады да, өздерін Алланың елшісіміз деп айтады» деген әулиелігін растап тұр. Сонымен құранның астарлы сыры 30 пара кітаптың жоғалуынан, осындай елімізді қайғы-қасіретке әкеліп соқтырған сынаққа душар еткізген 30 жалған дін ғалымдары, хазіреттер, философ, теологтар әрбір ислам мемелекетінің еншісінде бар екені де хақ. Олар өздерін «Кітап берілгендер», яғни Алланың елшісіміз деп атайтыны да даусыз. Оған дәлел біздің имамдарымыз да, дін ғалымдарымыз да құранның мына аятына; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген ескертуіне де ашық қарсылық білдіреді. Яғни Мұхаммед пайғамбарымызға дейін кітапты меңгерген әулие-әмбилердің енді Алланың қасындағы достары «Білушілер», кітаптарын оқитын елшілері болып саналатынын жалғанға, арамға санаған масһаб діншілері бұл 25 қасиеттің киелік кітаптарын меңгерушілікті өздеріне таңып алып, халықты алдайтыны да хақ. Сондықтан осындай ілімдегі надандықтың салдарынан  ақпарат жүзінде ілімде адасу болып, қараңғылық күштерінің әмірі жүріп, әлемдегі жарық пен қараңғылық теңдігі бұзылады.

 Енді осындай жағдайға байланысты туындайтын қияметтік мезгілде Ғиса пайғамбардың бастарға, көздерге байланысты аруағы, рухы арқылы өліктер тіріліп, адамдармен қатынас жасап, аталарының аруағынының бастарын көтеріп, кітаптарына жалғанып меңгергендерді, яғни Қазақ еліндегі аққу, сұңқар аталып, жүрек көзін ашу мұғжизасын; «шайтаннан» деп қудалайтын жалған ғалымдардың әрекеті алдын-ала Інжіл жазбаларымен ескертілген екен; «Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес,(мас жындылар емес) қазіргі уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. Қайта ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына сөздер орындалып жатыр: « Құдай былай дейді: осы заманның аяғында, Мен өзімнің Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. Сол күндері Мен құл-күңдерімнің үстінен Киелі Рухымды төгемін, олар да пайғамбарлық сөз айтады. Мен аспан мен жерде қан, от және бұрқыраған түтін сияқты кереметтер мен ғажап істерді көрсетемін. Иенің ұлы да салтанатты күні келмей тұрып, күн түнекке, ай қанға айналады. Ал Иемізге (рұққа) сиынған әркім құтқарылады.» (2-15, 22) Бұл нұсқау аяттарды Құран философиясы, сандар тағлымы да осы 15, 22 сандар нәтижесімен растап бекітеді. Құранда пайғамбарлық қасиеттерді меңгеріп, рухтан бата жеткізуді «..немесе бір перде артынан ғана сөйлеседі. Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді…» (42-51-«15») аятына ашық қарсылық білдіріп Алла тағала құлымен сөйлесуші емес және қазақ халқына елші де келуші емес деп Аллаға ортақ қосып жоғарыдағы пайғамбарымыздың; «Кәпірлер үшін келген аяттар мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады.» деген надан ғалымдарды алдын-ала әшкере қылған өсиетіне сәйкес ата жолы Ақ жол болып, Раббымыздан түскен аманат, үкімдерге халықтың басым көпшілігін қарсы қойып және белгілі бір дәрежеде үкімет басшыларын өз қатарына қосып алып айыптап, қудалаған заң қабылдатуымен шайтан жамағаттарының өз жеңістерін тойлап үлгіргені де сөзсіз.

 Сондықтан да тағы да пайғамбарымыздың ескерткен; «34.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың), жеке бас пайдасының құралы етеді. 35.Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады. 36.Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды» деген әулиелігі де қазақ жерінде өз көрінісін тауып, пайғамбарымыздың әрбір өсиетінің тектен-тек айтылмағаны да дәлелденді.  Ал имам Ағзам масхабын ұстанып, тек бес парызбен шектеліп, оның да ғылымын меңгермей, кітаптарға аянмен жалғана алмай, бірақ өздерін мүмін, әрі пайғамбар үмметіненбіз деп санайды. Енді Мұхаммед пайғамбар үмметі болу ұлттық нәсілдік араптық белгімен емес, керісінше мүмін аталу арқылы ғана пайғамбарымыздың шапағатына, аруағына жалғанғандар ғана болатынын; «Менің үмметтерім қайырлы, қадірлі, құрметті үмметтер. Бірақ олардың ақыры қайырлы ма, жоқ па?-бізге қараңғы. Оларды қайырлы іске шақырыңыз.» деген өсиетімен соңғы кездегі келген үмметтердің де сахабалық дәрежелерді, яғни бұрынғы кітап егелерінің кітаптарына жалғанып және дінді тақуалық дәрежелерін меңгере алатынын ескерте отыра және алдыңғы үмметтерді тым жоғары қоймауын да астарлы ескерткен екен. Олай болса, Мұхаммед пайғамбар үмметі момын болу тек намаз оқып, бес парыздық сәжде жасаумен емес, керісінше қандай да бір заманға қарай қайыр жасаумен, Алла алдындағы достарының назарында болып қасиеттерді меңгеріп, халықтың құрметіне бөленумен, қасиетті жастардың пайғамбарлық сөздерді айтып, аян алуымен, ал қарттардың тақуалық, сопылық істерді меңгеріп, уахи кітап алумен ғана белгілі болу керек.

 Негізінен біздің масхаб ұстанушылардың арғы беттегі қызылбастар елінің масхабынан көптеген ерекшеліктері болып, оның да негізгі барлық намаз амалдары кейіннен қалыптасқан әулиелердің және Ясауи бабамыздың ілім жолынан алынғанын, өздері іштей білгенімен бірақ ашық мойындауға қауқарсыз. Егер мойындай қойса, онда Имам Ағзам масхабы тура жол да, мектеп те болмай тек намаз оқу, шариғат істерінің тұрақты білімі және дін істерінің бағыты мен шариғаттың базары ғана болып қалары да даусыз. Сондықтан тура жолдың белгілі санмен белгіленген жеке-жеке пенделердің жол-жобасын көрсетуге арналған түрлі саладағы өмір мектебін қамтитын нұрландырушы кітабы жоқ қандай да бір дін тобы секта болып саналады.

 Енді нұрландырушы кітап дегенімізді қалай түсінеміз? Әр заманның қозғалыс себептерінің тағдыр ерекшелігі болып, соған байланысты күнәлардың да жетілген тылсымдық  теріс аяттар кітабы болады. Яғни қандай да адамзаттың жеткен жетістіктерінің арасында кедергілердің түсуін қалыптастыратын рухани сынақтар мен аздыратын қағидалар, ойшылдық, тәпсірлік білімдерге негізделген еңбектер де жатады. Ондай кітаптың бар екенін қазіргі замандағы арсыздық және жазылмайтын аурулар, түрлі қияметтік белгілер растап тұрғаны да даусыз. Пайғамбарымыздың; «44. Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады. Жаман әйелдер көбейіп, зинақорлық тараса, халық бұрын естімеген жұқпалы ауруларға шалдығады. 45.Өлшеуде, тартуда айла жасамаса күн көріс қиындайды.  46. Істер маманына берілмейді. 47. Байға малы үшін тағзым етіледі. 48.Жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді. 49. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасалмайды. 50. Қасқырлар қозының терісін жамылады. 51. Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды. 52. Бір жынысты некелер дұрыс саналмайынша қиямет болмайды. 53. Жамандар дүниеге үстем болмайынша, қиямет болмайды. 54.Адамдар жолдың шетінде әйелімен қатынаса алады. (Ұятсыздық салтқа айналады.) 55. Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды.» және де «Анархия гендірлік үстем болады!» деген әулиелік патуасы қазіргі таңда артығымен орындалып жатқаны даусыз. Енді осындай рухани өлімге апарып пенделерді тозақтықтың отына тоғытатын теріс берілген кітаптарға қарсы замана кітабы болып, Раббымыздан себебі көрсетілген ақиреттен берілетін нұсқау кітаптары аян, уахилары болып, тура жолдың белгісі нұрландырушы кітабының негізі, яғни осындай тозақтық қарсылық аяттардың себебіне қарсы соғыс ашып, күнәдан ақталып, жанды жарыққа шығаруға негізделу керек. Егер ата жолы масхаб ғалымдары айыптағандай «ібіліс жолы» болып саналатын болса, мұндай кітаптың болуы туралы сөз де қозғаудың қажеті жоқ. Ал егер мұндай кітаптың  ашылып, құран аяттарынан ем-шипа, рахметі түсіп, күнәлі рухтарға қарсы соғыс ашылса, онда Ғиса пайғамбарымыздың мына өсиеттері сәйкес келеді: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни әзәзілдің бастығымен, ібіліспен) күшімен қуып шығады!»-деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние-мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14—22) (Сандық мәндермен құран аяттарына қара!) Сондықтан ата жолында жын-шайтан бата беріп, халықты арақтан, темекі, жаман әдеттерден тиылып, күнәдан тазаруға шақырып жатыр деген сөздің өзі қандай хазірет, дін ғалымы, т.б. дәрежелі болса да надандық пен ашық тажалдық әрекет болып саналады. Осындай астарлы философиялық аяттар тек құран аяттарымен ғана ғылым ашылып, білімге айналу үшін де, «Егер тәуратты, Інжілді және өздеріңе Раббыларыңнан түсірген (аяндарды) толық орындағанға дейін түк емессіңдер!» (5-68) деген аятпен ескертудің өзінде 5-ші парыз қажылық емес хажбен жер, көк есіктеріне жалғанып жол-жобаны меңгеру және көк мүлкінің сырына, Ыбырайым пайғамбарымыздың меңгерген мағрипатқа қалай тарихат білімінен аттап, шариғатпен қажылыққа бас пен аяқты толық тазартып жалғануға болады?  Енді дін муфтиятымыздың бүкіл қазақ елін, дінін теріске шығарып, өздері соңында шайтан жамағатына айналғанын және олардың арасынан тажалдардың пайда болғанын; Құран аяттарына ашық қарсылық білдіріп, қиямет мезгілінің үкімінің көптеген еліміздің тұрғындарының себепсіз жүктелуіне жәрдем беріп қана қоймай, жалпы ислам бірлігіне қарсы болған әрекеттерін де әшкере жария қылатын олар үшін де қиямет мезгілі келгені хақ.

 

Normal
0
false

false
false
false

RU
X-NONE
X-NONE

/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:»Calibri»,»sans-serif»;
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-bidi-font-family:»Times New Roman»;
mso-bidi-theme-font:minor-bidi;
mso-fareast-language:EN-US;}

Normal
0

false
false
false

RU
X-NONE
X-NONE

/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-qformat:yes;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:»Calibri»,»sans-serif»;
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *