Қиямет сағаты 2017 жылдың бірінші жартысындағы рухани сынақтар белгілері.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 1

Қазақ елінің қияметтік сын сағатының, рухани дағдарыстан өтіп жатқанына еліміздегі түрлі табиғат апаттары мен ауа райының мезгілдік жағдайға қарсы ерекешелігімен, халықтың жол апаты, от су апаты, ажалдармен азапталып жатқанына 3-4 жыл бойы алдын ала, жарты жылдық құдайдың хабарын жеткізумен келеміз. Бірақ, бұл ескертулерге ел басшылары тарапынан үнемі қарсылықпен, қалайда құдайдың барлығын, хикметін халықтың түсініп, рухани оянуына қарсылықты онан сайын арттырумен ғана айналысып жатқандары да хақ. Сондықтан енді барлық елдің тұрғындары таңбаланып болды, енді жазасы немесе сыйы ғана болатын мезгілдің басталғанын да біле жүріңіздер. Сонымен біздерді 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында қандай рухани өзгерістер күтіп тұрғанын;

Қаңтар айы; Қар қалың жауады. Қара сеңгірден (өрістік тұрғыда қара бұлттың қоюланып келуі) хабар келеді. Мемлекеттің қазаны ортаяды. Аласапыран күшейеді. Ақ пен қара арпалысы белең алады. Безбүйректерге сынақ түседі. Бос белбеулерге шақ (азап) түседі. Қытымырлықпен арпалыс кезеңі басталады. Кейде ауа-райы жылы шырай танытады. Қатты бір үсік өтеді. Боран өтеді. 20 күндей суық болып, қалған күндер жылы болады.

Ақпан айы; Көктемнің шырайы болуы ғажап емес. 10 күн көк тайғақ болады. Күн жылжиды. Ай оңға қарай оңқаяды. Өнер көп болады. Қасиеттердің оянатын айы болады. Жүктер түседі. Қозғалыс, қозатын кезең болады. Ақтың арпалысының тұрақтау кезеңі. Дойыр (қамшы) соғылады. 3-көк ашылады. Жатырлар қатаяды. Құдай күнәкарлардан қарымта алады. Жаңбыр жауу қаупі бар. Артынан тоқшылыққа нышан басталады.

Наурыз айы; Көкпен жүздесу кезеңі басталады. Көріктік көбейеді. Жыл он екі айдың құрметі түседі. Күндіз күнде, түндіз түнде игілікке қарық болады. Күн шырайлы да ызғарлы да болады. Еселену үкімі түседі. От басу көп болады. Қысыл таяң кезең халыққа ауыр соққы тиеді. Көзден жас кебу кезеңі болмақ. Бет ашылады. Сергелдең көп болады. Қақпан тұзағын салады. Ақталу кезеңі бұл айдан басталады.

Сәуір айы; Сабыр және себелек (зиянды өрісті жаңбыр) түседі. Жердің соры күшейеді. Қыңырқайлық көбейеді. Кезең (құрт ауруымен байланысты) түседі. Түндіктер шешіледі, көркейеді. Жер ана құшағын жаяды. Осы айда (мәуліт айы) ақиреттің (аруақтардың) тілегі қабыл болады. Алла игілік жаяды. Өңкей шөпке тышарлар тышқақтайды, тайқияды. Антына беріктер сұралады. Қуарған қу дүние алмасады. Шындық ашылады. Отқа су бүркіледі. Қыздар құтырады. Өтірікшілер ауыз жаласады. Күннің шуағы байыпты, сабырлы болады. Теңізге ар толады. Арға құн сұралып, төленеді. Төсек шайылады. Шайырлар Аллаға қол жаяды жан сауға тілейді.

Мамыр айы; Мамық кетеді. Текетірестер көбейеді. Қол шоқпарлар дал болады. Ел шекарасына қауіп төнетін кикілжің болу қаупі болады. Торпақтар кезеңге көтеріледі, толысады сыны да қатты болады. Серікке жолығады. Дүние алмасады. Бақыттылардан бақ таяды. Үстіртке, шөлдерге су келу қаупі тұр. Дүрбелең болады. Шегірткелер оянады. Сараңдар тозаңданады. Қарға жау болады. Төмпешік көбейеді. Жүйке жүйесі шаршап жан алқымға тығылады. Алла дегендер ғана жасарады, қуарады, құдығын сақтайды. Жер жүзінде алай-дүлей болады. Арсыздық жойылады. Жемісті пендеде қанағат жоғалады. Қалта тесіледі. Сұрау аяқталады. Қызғыш құстың серті болады. Тосқауыл болмайды. Қантөгіс болады. Жесір көбейеді. Жіптіктей болады сараңдар.

Маусым айы; Халықтан сенім кетеді де, бордай езілгендер көбейеді. Жүйке жүйесінің ауытқу дерті (жындану) көбейеді. Даңғазалыққа жол беріледі. Шөптен құнар кетеді. От қызады. Кебу көп болады. Шөл қысады. Тоқтау болмайды. Үйренген нәрселер тежелмейді. Жыртық жамалады. Алдамшылар көп болады. Қанаттар қайырылып, қаурсыны сынады. Елдің қорғаныс шебіне көз тиеді. Дұрысын айтар, білер жан қалмайды. Шекпенділер тоңқаяды. Самал жел миығынан күледі. Жердің шамамен 7 ден бір бөлігі тозғынға айналады. Дүние құрышын қандырады. Бақырғани жақтан дауыл соғып жер бетін қорқыныш жайлап дүрлігіс сын болады. Әккілер құйрығынан айырылады. Шектен шығу тоқталады. Нан көп болады.

Сонымен келесі жылы қазақ елінің әлемнің арсыз салтына күйлеп мәңгілік ел, зайырлы мемлекет, масһабпен тура жол т.б. саясаты күйреуге ұшырап, бүгінгі ел биліктің жинаған абройынан мүлде айырылуына соқтыру қаупі де бар. Ел басының жеке өзіне де ақпан айына дейін құдайдан мерзім берілген еді, жанын қалай сауға сұрап алып жатыр оны да алдағы уақыт көрсетеді. Ата жолын соттап қудалағандар жауабын алып жоғалатын немесе жанын сауға сатып алуға бар дүниесін шашатын да мезгіл жақындап қалды. Енді бұған ел билеушілер, дінші, ғалымдар қандай алдын ала амал жасайды соған байланысты да Құдайдан жауап болатын өзгерістерді де жариялап отырамыз. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.