Құдайдың сыйы –даналық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 41

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

(Пайғамбарлар жазбасынан)

 Даналық шақырады біздерді,

Парасат та қосты үндерді.

Жол жиегінде биік жерлерде,

Соқпақ пен тар іздерде,

Қақпалар арқылы кіргенде..

Әр қалаға барар жолдарда

Даналық тұр шақырып біздерді.

«Уа халайық, сендерді шақырамын,

Бар деп менің адамзатқа айтарым.

Ақылы толмағандар үйреніңдер,

Надандар түсінік иеленіңдер!

Тыңдар Менің асыл сөздерімді,

Ақиқат-айтпағым бар бәріңе.

Шындық сөз айтқаным бәріңе,

Жиіркеніш өсек сөз әрине,

Дұрыс сөз менікі тәрбие.

Менде жоқ бұрыс сөз, арамы,

Саналыға болады бұл шынайы.

Білімдіге мінсіз әрі сенімді,

Күміс орнына алыңдар тәлімді.

Саф алтын орнына алыңдар білімді.

Даналық құнды тастардан асылды,

Адамзат аңсаған бар қазыналары

Даналыққа болмас тең бағалары.

 

Даналықтың кеңесі мен жемісі

 

Мен, даналық, парасатпен біргемін,

Менде білім, түсінікті де беремін.

Жаратқанды қастерлеп мойындаушы,

Жамандық атаулыны жек көремін.

Жек көремін паңдық пен менмендікті,

Жаман әрекет пен бұрма сөздерді.

Мен кеңес беріп, көмек көрсетемін

Парасат, күш қуатқа да иемін.

Мен арқылы патшалар басқарады,

Әкімдер әділ заңдар шығарады.

Әміршілер және күллі көсемдер де,

Менің көмегіммен әділ билік айтады.

Өзімді сүйгенді мен де сүйемін,

Тауып алады мені өзі іздеген.

Менде сый байлық пен даңқ беруге,

Таусылмас қазыналар мен игілік те.

Менің беретінім алтыннан да құнды

Ол тіпті саф алтыннан да бағалы.

Беретін өнімдерім менің таңдаулы,

Күмістен де әлде қайда жоғары.

Тура әділетті жолмен жүргіземін,

Мені сүйетіндерге байлық сыйлап,

Қазыналарын еселеп толтыра беремін.

(Нақыл сөздер 8-тарау пайғамбарлар жазбасы)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *