Құдай беріп жәрдемін,
Қарайласар пендеге.
Тілеуің пенде дүниелік,
Айналған тілек ниетке.
Қадырін Құдай түсінбес,
Еске алар тек қажетке.
Сонда да Құдай құтқарар,
Қарамай арам ниетке.
Қиындығын жеңе алмас,
Тағдырсыз арттан жүк ертсе.
Еркелік пен тентектік,
Алса да қосып әдетке.
Кешірімді, рақымды Ол,
Қарсылықпен сөз етсе.
Қолдау мен нұрын тоқтатпас,
Тағдырға жазған әуелде.
Рахметін пенде күтпейді,
Енер, деп ақыл ер жетсе.
Адамзатқа ғибарат сөздері,
Кең пейілін пенде үлгі етсе.
Құдайдай адам кең болса,
Әділдік болар әлбетте.
Тіршілікте жасап күнәні,
Қалмас та еді түнекте.
Қиындық көрсе тағдырдан,
Екі қол ісі себепте.
Құдайға тілді тигізер,
Дегендей маған керек пе?
Не жаздым деген күпірлік,
Айналдырып пенде әдетке.
Құдайлығың жан жарық,
Білінер еді көбейтсе.
Атадан қалған аманат,
Қалмас еді көместе.
Адамдықтықтың белгісі,
Махаббат пен ниетте.
Бір Құдайлық бұл сипат,
Жаратсаң алып қажетке.
Бір сипаты Біздерді,
Аспанда жалғыз әсерді
Жаратқан жалғыз себепке.
Жалғыздығың біздерден,
Жәрдемі рахым емес пе?
Кеңшілігі Құдайдың,
Құдайдың ісі демекте!
(Маусым 2018 жыл)