Тағдырдың түссең сынына

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 0

Қатындар көп кетті деген байым тастап,

Кінәні байға жауып, сөйлеген өзін ақтап.

Ішкілікке,  зинаға немесе жалқаулықтан,

Бұзды деп тағдырымды және қарғап.

Жақсылық келеді екен тек Құдайыңнан,

Ал жамандықты тағдырыңа себеп қылған.

Кешегі артың бүгін, ертеңің бүгінгіден,

Тағдырды көрмексің екі қол жазуыңнан.

Малдығың ұқсас жылқымен жаратылған,

Таза су, шөбін, жайылымын ұмытпаған.

Кім егер бас білдіріп жүгенін салып көрсе,

Иесін,  жем жеген жерін ешқашан тастамаған.

Ерлер көп тегінде бар жылқыдай мінездері,

Іздейтін таза суды, жайлар отты жерді.

Қаны таза нәзіктің етегінде егін өсіп,

Ерінің суаты — қаны, тері-бойы егіндігі.

Қаныңда бұл сырлар тағдырмен жазылады,

Жан іздеп өз суатын, егіндігін сағынады.

Қанша сұлу болғанмен ал бойының нәрі болмай,

Төсек суық болса, ерді өзгеге өзі қашырады.

Қатындар өзге елдің еркін салтын алған,

Аяғы таза болмай, балтыр сүті арамданған.

Қай қазақ сүтті қызын береді деп,

Жаман қатын бұрын мұндайлар аталған.

Қатын қара сұғын көптің жинап алған,

Қанында сұқтан арақ у жинаған.

Қатынынан арақ ішкен ер іздеп кетер,

Бас жазудың түрі көп зина аталған.

Ауру астан, дау қарындастан туындаған,

Жалаңбас, қолында у, дәретсіз ас дайындаған.

Ғашықтығы ердің асқазан, төсекпенен,

Жиіркентіп қортылмай азық күпті қылған.

Қыз болар әке шауқаты қабырғадан,

Әкеден тегі қыз тағдырына жазылған.

Құрсақтан бұл тағдырмен құштар болып,

Ерін де іздейді қыз әкесіне және ұқсаған.

Ұл алған ана қанынан тегін нағашыдан,

Сүтімен ана тағдырында белгі болған.

Әйелінен анасынан алған нәрін тапса,

Жақсы әйел ерін тұңғыш бала қылған.

Үйлену оңай, үй болу қиын екен,

Келіннің аяғына шопандық ұлға берген.

Шопанның таяғы, ердің жыныс қуатынан,

Аяғы таза әйелдің етегі құтты деген.

Қорасы малдың қатынның етегімен,

Киіз қазық жалғанып жер рухымен.

Ерінің атын байлар үш ағаш, арай жапқа,

Байтал деп бақшасын әйел атайды екен.

Тақымды «пақ» деп атар, арай жапты,

Тоқ деген ер ұрығынан суын жақсы.

Екі аяқтың арасынан өріс болған,

«Тоқ» пен «пақ» қазығын әйел жерге қақты.

Жер-жатыр деген нәзіктерде болса таза,

Рухынан егін салған ері өртеп арамданса.

Қырық үйден тұзын, қанынан шарап беріп,

Үш түрлі нан пісірген қатындар тандырында.

Асыл тас бейне әйнектей, тесік моншақ

Нұры бар әлемге жарық деген болмақ.

Аяты құранда бар жатырды бейнелеген,

Май тамызса жанатын болар шырақ.

Зейтүннің майы шығыс пен батыста жоқ,

Ұрығында май бола ма шариғатпен істері жоқ.

Мұндай ерлер салтын алған азған елдің,

Қатын азып, еркектер қоса азған милары жоқ.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.