Құл туралы әлқиса

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 80

      Кезінде аталарымыз ауызекі жеткен уақиға қисаларды «Әлқиса» деп атаған. Әлқиса Ибрагим пайғамбарымыз кезінде ораза ұстап, тек келген қонақпен ғана ауыз ашатын болған. Бірде осындай кезекті ораза кезінде үйге адам бас сұқпай қалып, ашыға бастағасын, сол кенттен бір жасы үлкен кісіні қонаққа шақырады. Жайласып отырғаннан соң, пайғамбарымыз жөн сұрасып, наным сенімін сұрайды. Сонда әлгі кісі Құдайға сенбейтінін айтып,  ешқандай дінді керек етпейтінін ескертеді. Ашуға жеңдірген пайғамбар дінсіз пендемен дастарқандас болмайтынын айтып, әлгі кісіні үйден шығарып жібереді. Бір уақытта Алладан аян келіп; «Менің 70 жыл асыраған пендемді бір мезетке болса да үйіңе сыйғызбадың!» деген ескерту алыпты. Содан ұялған  пайғамбарымыз әлгі кісіні ертеңіне іздеп тауып алып, кешірім сұрап, өтініш айтып, қайта қонақ қылып сыйлайды. Тамаққа тойып, көңілі көтерілген қонақ «Енді түсіндірші өткендегіңді» деп өтініш айтады. Амал жоқтан өтірік айта алмайтын пайғамбарымыз болған жағдайды баян етеді. Сонда әлгі кісі; «Егер сенің құдайың солай бұйырса, онда әділ құдай екен, мен де сенің дініңді қабылдадым» деп мұсылман болған екен деген сөз қалған.

     Қазақта ораза намаз тоқтықта деп айтқан сөз де бар. Сондықтан құлшылық туралы аяттарға зер салсақ, мұсылман жаратылыс тегін біліп, өзінің қалай жаратылғанын және жаратушының жалғыз екендігін түсінген пенде болса, ал кәпір сол жаратылыс заңдылығынан бейхабар, өлім туралы ойламайтын, ақирет өмірін түсінбейтін және арсыздық, адамгершілікке жат істермен шұғылданған пендені айтады. Демек бар ұлттың немесе діннің өз кәпірі мен мұсылманы бар. Тегіміз маймылдан немесе табиғат жаратты, болмаса құдай үшеу, .т.б ұғымдарды ұстанатын пенделер кәпірлер. Алла тағаланың хақтығын, жаратушының растығын мойындау білу, текті тану мұсылмандық белгі. Тек әрбір халықтың, ұлттың құлшылық ету ерекшелігі болу керек екендігін ғана түсіну қиынның қиыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *