Құлшылық құпиясы

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 1

      Жаратылыс тегі сөз болып, 18 мың ғаламды «БОЛ» деген сөзбен тербетіп тербеп тұрса, құлшылық негізі де сол ұлттың сөз жүйесін меңгеру, яғни тербеліс тегін үнді дыбысқа, дыбысты таңбалар арқылы сөзге, сөзді сөйлемге айналдырамыз,  жанға жазу арқылы адамзат түсінігі дамып отырады. Сондықтан құлшылықты тек намаз оқу деп ойласақ, онда  бүкіл пайғамбарлар намаз оқыған. Дәуіт пайғамбар құлшылық намазы өнерді меңгеріп қоршаған ортаның үнін, сырын шабытпен түсіну болып және әнге өлеңмен ақыл, насихатқа айналдыра білсе,  Ғайса пайғамбар құлшылығы немесе намазы; тылсым сөзін көре біліп, хабар алып, сол арқылы халыққа ем-шипа көрсетіп, рухтың үнін сөзге айналдырып жеткізіп, сөз ғылымын меңгеріп және пенделер арасындағы тіршілік, ара қатынас заңдылығын сақтауды, адамгершілік қағидаларды үйрету болса, Сүлеймен пайғамбар намазы; үндестік заңын қалыптастырып, ғылым білімді іске, шаруашылық амалдарына айналдыру болып және табиғат үнін ажыратып, жан-жануар мен адамдар қатынасын сыйластығын қалыптастыру болса,  тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үмбеттеріне осы түсірілген кітаптардың бәрін меңгеріп, адамгершілік қағидаларды бүкіл тіршілік тынысына айналдырып, қайырымды қауымдарды қалыптастырып және бес уақыт сәжде жасау, құранды меңгеру арқылы ғайыптан келетін дауыссыз үнді дауысты дыбысқа, сөзге айналдыру арқылы уахиларды естуге негізделген және сол арқылы қалған  берілгендер кітаптарға жалғанып ғылым, білімді, ақыл-ойды дамытуға намаздар амалдарымен біріктіруді яғни тура жолды табуды міндеттелген. Енді құран аяттарына жүгінсек: «Сол уақытта үйді адам баласы үшін бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайымның орнынан намаз қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тәуап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рукуғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уәде алғанбыз». (Бақара-125). Құранда аят сөздерін ауыстырушы жоқ деп ескерткен. Яғни мейлі аяттар қай тілге аударылса да сөз орында тұру шарт, болмаса есеп өзгеріп аят ғылымы ашылмайды. Енді реттік орнымен сөз мәндеріне тоқталсақ. Намаз қылып алу үшін; 1-ші тәуап ету, (қазақта тәу ету деп те атайды) яғни Нұр іздеу, нұр алу болып түсініп, ол тек жаратушымыздың ерекше құпия белгілерінде болады. Меккеде 3 үлкен белгісі бар. «Сафа, Мәруа» және «Қағба тасы» деп аталады. (Физикалық сызықтық бейнесі мен қасиеттік сызықтық бейнесі бар.) Енді осы белгілердің ислам елдерінде және жер жүзінде ұқсас кіші белгілері болуы шарт .(Рағыт сүресінде ескертілген). Егер жаратушымыздың үкіміне жүгінсек; «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері жұп-жұбымен өндірген және тағы білмегендерінен болсын» (Ясин-36). Демек әрбір жаратылыс нәрсесінің екі жұбы болып және оның тағы 6 түрі болу шартты үкім. Тылсым көрінбейтін жаратылыс егелері де білмегендер  тобына жатады да олар да жұп заңдылығын сақтайды. Сондықтанда аятта; «Байқаңдар, Алла есепшілердің ең жүйрігі» деп ескерткен. (Әнғам-62)

       2-ші Ғибадатқа отыру — Қиналған пенделерге қол ұшын созып сәуле беру немесе тіл жәрдемі, қайырымдылық істер, емшілік және медицина (дәрігерлік істер) да жатады. Адамзатқа тән және әрбір ұлтқа тән өзара тіршілік ету өмір сүру адамгершілік қағидасы мен қайырымдылық істері болып немесе салт-дәстүрі деп атаймыз..

       3-ші Ракуғ жасау — тізерлеп құлшылық жасау. ( Осы сөз ұғымы дұрыс түсіндірілмей бірыңғай сәжденің ішіне кіргізіп жіберген.) Тізерлеп құлшылық жасау Алла тағаланың жіберген елшілерінің алдында, әулиелер басында, киелі белгілерде (яғни жаннат есіктерінде (шапағатшылар) құранмен зікір айтып содан кейін Алладан тілек тілеп, жалбарыну амалдарының бір түрі болып табылады. Сол сияқты бақилық, ақиреттік болған туғандарына, ата-анасына, дін қандастарына, еліне, т.б қиыншылық сынақтардан жәрдем сұрау амалдары болып табылады. Ракуғ жасау негізінен Забурліктердің намазы болып, ал әр елдің ерекшелік намаздарымен біріктіруді сол елдің ішінен түсірілген елші жолбасшылары қалыптастырған. Сондықтанда жаратушымыз аятта; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?» дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (Рағыд-7) деп қатаң ескерткен. Демек әр елге мұғжиза немесе ерекше хикметтер (терең білім) арқылы дәлелдейтін өз іштерінен ерекше қасиетті адамдар болады. Сол арқылы құран аяттарын түсіндіріп салт-дәстүр етіп қалыптастырған адам баласын әулие атап жол басшы болып есептеледі. Және олардан артында қалдырған еңбектері құран аяттарын түсіндірген кітабы болу шарт. Сондықтанда әр ел өз жолбасшысын білу сол ізбен жүру міндетті болып, сол қағиданы шариғат амалдары немесе тура жолға апарар із деп атайды.  «Жаратушымыз әр халықтың өліктерге құрметін намаздың бір амалы етіп бекіткен. «Жаназа намазы» деп қалған ішкі амалдар содан туындайды. «Әке балаға бодау төлеу» деп те аталады аятта. Ахиретке иман келтіру, өліктерге құрмет көрсету рәсімінің қаншалықты жаратушы үкімдерінің орындалу дәрежесіне тәуелді болмақ. Ал жаратушы үкімі тек жазылған кітаптар арқылы ғана түсті деп тұжырымдама жасау надандықтың белгісі. Аятта Алла үкімі үнемі жер мен көктің ортасына уахи болып түсіп тұрады деп ескерткен. Сол үкімдерді іске асырушыларды елшілер деп атайды. Демек ракуғ амалдары кеңітіліп және өзгерістерге ұшырап отыру шарт. Сол амалдардың бірі зікір болып табылады. Зікір тек тізерлеп отырып айтылады. Түрегеліп немесе көпшілік болып өлең қылып айтудан жынмен байланыс болып, сыртқы өрістің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сәжде намаз оқу уақытында тек имам болған бір-ақ адам құран сүрелерін аяттарының арасын үзбей, бөлмей оқуы (биссимилланы, әминді айтпай) сәждемен зікір айту деп аталады. Алдағы басылымдарда нақты ғылыммен дәлелдер келтіреміз.

     4-ші Сәжде жасау — басты жерге иіп Алла тағала бұйырған сөздерді айтып жалбарыну болып табылады. Жалпы оны ислам  дін танушылары намаз деп алып,  бүкіл намаз амалдарын сәждеден іздеп, өздері де адасып халықты да адастырып жатыр. Сол сәжденің ішінде тағы 4 амал бар, ол орындау ережесі пайғамбарымыздың сүннеті болып табылады. Тек намаздардың  4 амалын  орындап барып: Ыбырайымның орнынан алыңдар (қажылық) деп ескерткен. Тағы қажылықта осы 4 амалды қайтадан орындайды. Ал сосын зейнетті қалай алатынын екінші кітапта жазғанмын. Осы аят енді қалған сүрелердегі  құлшылық жасаудың, шариғат істерінің,  есеп жүйесінің анықтауыш аяты болып саналады. Намаз сөзі жалпы құлшылықтың барлық шартын қамтитын амалдар болып табылады. Ислам дінінің ерекшелігі сонда бүкіл үш кітаптағы намаз амалдарымен қосып барып, 4-ші амал сәжде жасау арқылы біріктіріп, төрт кітапқа және бүкіл пайғамбарларға, періштелерге, елшілерге иман келтіу, тек ислам дінінің амалы болып табылады. Бізге құлақ үйренгелі соншалықты намаз деген тек жайнамаз болып, көз алдымызға елестеп, бес уақыт сәжде жасасаң, жәннатқа жетіп баратындай көрінеді. Енді Құранға жүгінсек; «намаз оқу», «намаз орындау», «намазды толық орындау» болып түсіндіріледі. Намаз оқу уақытпен өлшенсе, ал «намаз орындау» мезгілге маусымға тәуелді. Аятта; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді (аян, уахи арқылы елшілерге) толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» (Мәйда-68) Сондықтанда   әуелі алдыңғы 3 амалды орындау шарт, сонда ғана жалпы сәждең түгелденер. Сәжде жасау есту, көру, ойлау нәтижесінен тұжырым (түсінікті қалыптастыру) ғылымы. Ол үшін алдыңғы үш ғылымнан белгі алып, сәжде ерікті түрде жасалу шарт.  Алланың ерекше белгілерін мойындамай, өлетініңе көз жеткізбей, ойды түзеу мүмкін емес. Ойды түзеу үшін Алланың дәлелдерін көре білу қажет. Сол дәлелдің бар екенін естімесең қалай көрем деген ниет пайда болады? Сәждеге жығылып намаз оқушы болсаң бәрін түсінесің деп ұғындыру пара беріп баласын оқуға түсіріп кейін содан керемет маман шығарам деген ата-ананың тірлігіне ұқсамай ма? Екінші жағынан Құдайдан қорықпағандар ісі. «Құдайдан қорқу — білімділіктің белгісі, өзіңе-өзің қайран қалу — надандықтың нышаны.» ( 609-шы пайғамбар өсиеті) Ал енді 4 амалды түгендемей, ғылымын меңгермей қажылыққа бару да дұрыс емес. Себебі төртеу түгел болмай бәрібір төбеден қажылық зейнеті келмейді, жүрекке енбейді. Енді кімге сенеміз Құранға ма әлде дін танытушыларға ма? Аятта; «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға , ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және сөғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі тақуалар.» (Бақара-177). Енді осы аятты мұқият зерделеген адам баласына бүкіл ислам мемлекеттерінің құлшылық қағидасын көруге болады. «Жүздеріңді (Бетті бұру) шығысқа, батысқа жөнелту» деп Меккелік араптардан басқа ислам мемлекеттерінің сәжде, намаз оқу тәсілі болып табылады. Сондықтан Меккеліктерден басқаға тек жүзіңді батысқа қаратып намаз оқып қана игілік таба алмайсың деп ескертеді. Енді «әрі  намазды толық орындап зекет берсе» деген сөзден бастап араптарға түскен үкім. Себебі; «Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ, ерекше мейірімді.» (Бақара-149).

     Тура жолға салынғандар сол қыбылаға теріс бағынатын елдердің таудың екінші бетіндегі елдердің ішінен шығатынын ескерткен. Араптарға қарама-қарсы қағбаның теріс жағындағы елдер кім? Егерде аяттардағы сөздердің орнын ауыстырушы жоқ деген үкімді бағдарға алсақ, онда жоғарғыдағы 177 аяттың сөз орындарын белгілесек: «(1.)Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту игілік емес,(2.) бірақ кім Аллаға, (3.) ақирет күніне, (4.) періштелерге, (Алла достарына, сүйікті құлдарына)(5.) кітаптарға, (6.) пайғамбарларға иман келтірсе және (7.) жақындарына, (8.) жетімдерге, (9.) міскіндерге, (10.) жолда қалғандарға (тозақтық туысқандарына), (11.) қайыршыларға және (12.) құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса (13.) әрі намазды (сәждені) толық орындап (14.) зекет берсе, (15.) өзара байласқан уәдесін орындаушы, (16. ) таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар» (177)  Тура жолдың қағидасы, шарты 16 белгіден тұрады екен. 12 шартты орындау арқылы сәждеменен толық намаз болып есептеледі. Құлщылықтың негізгі баспалдағы Құран бойынша 45 санын береді. (Болашақ басылымда есеп жүйесін береміз.) Ал сәжде Құраннан 32 орынды белгілесе 32-45=12 белгіні көрсетеді. Сондықтан да екі түрлі сынақты беріп қойған ислам елдеріне. 13-ші белгіге дейін түркі халқына, ал төртеуді түгелдеп отыру негізінен соғыс, қиыншылықтар арқылы сынау арап тектес елдерге берілген. Алла жолында мал сарып қылу түркі халқына міндетті болса, сәждені ғана орындап сабырлық сақтау арап елдеріне міндетті. Ал бәрін біріктіре білу ғана тура жолды тапқан елдің үлесінде. Иманды адам баласы өзіне шақырып келтіре алмайды, оны тек Алла тағала сауапты еңбегіңе қарай ғана береді. Екінің бірі кітаптарды түсініп оқып немесе ақирет заңдылығын ұғынуы сол сияқты пайғамбарлар мысалдарынан үлгі алып, шариғат ісін меңгеруі мүмкін емес, сондықтан қыбыласы батысқа шығысқа қараған елдер үшін 12 шартты толық орындау арқылы ғана сәждемен (намаз оқумен) толық намаз болып есептеледі.  Ал арап халқын орта топ қылып тек кітапқа, пайғамбарға куә етіп жеңілдік беріп, бес уақыт сәжде жасап, зекет беріп, уәдесін орындаушы және қиыншылықта сабыр етуші болса шыншылдар деп атаған. Ал тақуалықтың төрт түрі дәрежесі болып, жоғарғыдағы аят шарттарын толық орындау бір дәрежесі болып есептеледі. Қалған үш дәрежесі осы шарттарды орындау арқылы ғана белгісі тек шариғатта қалыптасады. Осы шарттарды салт дәстүрмен біріктіріп 13 сатыға бөліп шариғат амалдарын өзге киелі кітап намаздарымен біріктіріп әдет-ғұрып, салт-дәстүр қылып бекітіп, дәлелдеп жол көрсетіп, жазып кеткен бірден-бір әулие Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет бабамыз. Түркі әлеміндегі бүкіл сопылық немесе тарихатшы атанғандар сол еңбектің жырым-жырым көшірмесімен аннан мыннан құранда дәлелі жоқ, ойдан, жолдан қосқан амалдар жинағы. Негізінен адамдардың несібелері тең деген үкімді назарға алсақ, бар құпия хаждың ішкі амалдарында тұр. Тек өкінішке орай дін танытушылар жыл бойына орындауға тиісті Хажды өмірінде бір-ақ рет онда да парыз болмаған тек қажылық деп түсіндіреді. Алдағы басылымда хаж амалдарының толық есебін сандық мәнімен есебін шығарамыз. Егер әрбір намаз амалдары саналмаса және білімі өлшенбесе дәлелге айналмайтынын естен шығармаңыз.

     «Негізінде «Сафа, Мәруа» Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе ғұмыра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кім артықша хайыр істесе, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші» «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға лағнет етеді әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді» (Бақара- 158,159.) Шүкірлік амалдар әрбір берілген нығметтің себебіне рахмет айтып белгілі рәсімдер жасауды белгілейді. Сондықтан аянмен берілетін тура жолыңды көрсететін және пайғамбарларға түсірілген ашық өсиеттерін орында, артықша хайыр жаса, тауап ет, зиратта, мені есіңе ал (зікір), бұл сендерге ашық үкім деп ескертіп отыр. Егерде сіз құрметті оқушым солақай діндарлардан жәбір көріп жүрсеңіз, қуанасыз әрине, дәлел бар деп. Сабыр сақтаңыз, бәрібір түсінбейді. «Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өлер», «Саңырау естігенінен жазбайды» деген атамыз қазақ. «Надандардан жерге қашып кірдім» деген әулие бабамыз. Оның да болашақта есебін, жан ғылымын баян етеміз. Мүмкін сол кезде ғалымдар Құранның құдірет, құпиясын мойындап арашаға келер деген үміттемін. Әр заманның өзіне сай наданы болар. Қарама-кайшылық даму заңдылығы. «Тыныш жатқан бүркітті, түлен түртіп үркітті» деген күйгенде аталарымыз. Қазақтың киелі қазынасы әруақтарға діншілер тарапынан тас лақтырылып жалғанға шығаруда әрине болашақта жауабының әрбір қарсы пендесіне лағнет болып түсуі сөзсіз. Ара да өз ұясын бұзғанға жазасын береді. Бүкіл ес заңдылығы «Бақара» сүресінен берілсе орап белгілесек; «Арақаб» болып әр елдің өз ұясы, үйі болатынын ескертеді. Ұя бұзарлық қылық басқа бұзық бәдеуи елінен қазақ халқына біліммен ілімге Алла тарапынан келген сынақ деп түсініңіз. Тек пайғамбарымыздың мына өсиетін естен шығармаңыз. «Шындап келгенде, Алла тағала жаман адам арқылы да мұсылманшылықты күшейтуге қабілетті» (хад-193).

      Енді осы толық бес амалдың (қажылықпен қосып) әрқайсысы ішкі төрт амалдардан тұрса тағы сопылықтың сыртқы екі амалы қосылып 7 амалдан тұратын шариғат қағидасы шығады. Жеті көктік белгіні алу заңдылығы. Яғни Тәурат, Забур, Інжіл, Құран болып, әр кітаптан берілген құлшылық амалдар жиынтығын намаз қылып барып Ыбрайым орнынан үлесімізді алуымыз керек. Яғни төрт кітапқа иман келтіреміз немесе төрт амалдардың басын қосып қасиетке айналдыру шарт. Оның бір аты «Мөр» болар. Ол да төбеге бөрік болып киілер. Төбеде тұратынды қазақта «Жар» деп атайды. Кейде жалқаулығы ұстағанда «Мойным жар бермей жүр» деп айтады. Мойын жар беру үшін мойынға бұршақ салып, әулие басынан құдайға жалынған. Сол жардың сызықтық бейнесі төрт қырлы мұнара (пирамида). Оның да төрт қана дәрежесі бар. Асыра сілтеуге болмайды, себебі бесінші мұнараны құлатып тастаған Алла тағала. Беске жету ғайыптық белгі, әуелі қырықтың қырқасына шығу шарт. Неге Қағба алдында шаш алдырады? Ғылымы қандай? Әрине бұл амалдар арап халқына оңай, себебі жылына бір рет ғұмыра қажылық орындауға яғни кіші қажылықпен аруақтарға зияраттауға  болады және бәрі қастарында, зираттауға  тыйым салып Алланың жолынан тосатын дін ғұламасы да жоқ, асыра сілтейтін әкімдері де жоқ, оған салық төлететін үкіметі де діннен бөлінбейді. Дінге куәлік беріп, салық төлетіп, құжаттар арқылы әкімдерге бағындыру ойлана білмейтін, сөз астарына мән жүгіртпейтін, дінді мақтанышқа айналдырған ақымақтарға Алла тағала тарапынан берілген сынақ. «Кейбіреулерге жаза берер алдында бар есікті ашып қоямын» деп ескерткен аятта. Қазақ халқы біз қалай шығамыз осы сынақтан? Шешімі бар ағайын, сол үшін құранның қазақшасын өзіміз оқиық, түсінейік, сосын түсіндірейік туысқандарымызға жол таппай жүргендерге. Құдайға шүкір білім сауатымыз араптан әлде қайда артық. Алла ешқандай нәрсені босқа ермек ойыншық етіп босқа бірін-бірі алдау үшін жаратпайды да ғасырлар бойы адастырмайды, ОЛ ерекше мейірімді! ОЛ тек ақыл жұмсағандарға ғана түсінікті. Жауабын Құраннан ғана табамыз.  Ол сондай Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ болыңыз дінді танытушы ағайын!

      «Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін Біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.» (Әнғам-92) Арап елі үшін үгіт болса Құран насихатын меңгеру құпия болып намаздарға сақ болуды ескерткен. Бірыңғай араптар құсап оқудың ғана соңына түспеңдер, Бізді тыңдаңдар дейді. «Атадан ұл болып туса еді, ата жолын қуса еді» дегендей нағыз қазақ болсаңыз қазак тілінің де, салтының да құдіретін ұғындырайық діндар қауымға және адасып жүрген дін қандастарымызға тек қана сабырлықпен, ашумен емес ағайын, бауырлар.  Ақиқат іспен ғана айқын болар. Шариғат шектеусіз жол емес, әр елдің құранды түсіну шамасына байланысты жол басшылар арқылы ар-ұяттан әдеп пен әдетке айналдырылған дәстүр деген көкке көтерілетін Алланың жібі. Яғни іліммен білімді алатын қағида тарихтан тағлым алар із. Тек бір ғана халықтың ізінен емес аталарымыздың іздегенін іздесек қана тура жолды табарымыз ақиқат. Оған дәлел аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады.» (Әли Ғымыран -100) Тек қана арапқа немесе түрік еліне бой ұсынып ізінен еру қарама-қарсылыққа адасуға апарып соқтырады. Бір елге беріп қойған Алланың ерекшелік нығметіне қол сұққанды доғарғанымыз абзал болар. Алланың үкімі өзгермейді, өзгертуге болмайды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.