Тән мен дене айырмасы  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 68

Тән заттық түрің бейнеленген,

Дене жарық тәніңе киім берген.

Тән саулық пен денсаулықты,

Бірін-бірі қайталап түгелденген.

Тән қамын бүгін жегенмен,

Дүние мен малды көбейткен

Жан өспей жарық бойменен

Ар сауытты дене кірленген.

Кеудеде жүрек болғанмен,

Денесіз тән тең өліммен.

Дене өлмес армен бірленген,

Аруақ боп болар көлеңкең,

Өлсе тән, жерде шіріген,

Жер басар адам денемен

Тәнді алып өзге өсірген.

Аруағы өлмес жүрекпен,

Тағдыр боп жерде кездескен,

Бұрынғы өткен ата-аналар,

«Мен» болып түртіп кеудеңнен,

Жаның ғой аманат берілген.

***  ***

Бізбенен –біздер әрине біргеміз,

Тегінен сақ, ғұнның бұл егіз.

Алтын да ғасыр өмірдің

Құдайдың патшалығында жүргенбіз.

Сөз асылын бар діннен тергенбіз,

Надандықтың пердесін де түргенбіз.

Менмендіктің де зардабын көргенбіз,

Қадірін сөздің таба алмай,

Талай ғасыр бодан болып жүргенбіз.

Құдайдан рақым, шапағат,

Достары көп біздер елденбіз.

Досына Алланың жүгінбей

Хабарын құдайдың менсінбей

Надандыққа да бүгін кіргенбіз.

Ар мен уаққа жан енбей

Санасыздар санды жөн демей,

Жетесіздер ақыл айтқан елденбіз.

Алланы «меннен» іздеңіз,

Сөз асылын ұлттың терсеңіз

Уақтарды жүктеп емдеңіз.

Жүректен терең  сыр ашып

Көңілден жанды өрсеңіз,

Қайратың жынды өсіріп

Ар сауытын сырттан жөндеңіз.

Аруақты адам туатын,

Рұқынан алып суатын

Жан бөлек рұқтан көрсеңіз.

Таза ақыл рухтан он саулық,

Байлықпен қайта қосатын,

Жаныңа ғылым сенсеңіз,

Иманың жолдас өлсеңіз!

(қазан 2014 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *