Құраннан заманға ескерту белгілері.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 144

      Әзірше қарапайым әлемдік мезгілдік белгімен жалпы қазақ атты бауырларыма әлем үш уақытпен қозғалысқа түсетінін ескерте кетсем. Жұлдыздар орын алмастыру уақытымен Хижра (көшу) 1429 жыл болып 14-ші сүре үкімі түсіп әлемнің жаратылыстық ақиқат сырына әр түрлі ойынға, дүниеге, азғындық қылықтарға табынып мәдениетті тастап, өркениетке шоқыну, т.б. адамгершілікке жат істерге табынатын елдерге от апаты келіп, жаратушыны тану үкімі жүріп жатыр. Рухтан хабар тазару белгісімен 20 ғасыр 20 сүре болып, адамзат біліміне байланысты азғындауына ескертуші елшілер келіп оған бой ұсынбаудан Мұса пайғамбар кезіндегі әр түрлі сиқырлық, дуақанттық, тек ғылымға ғана жүгінген білгіштікке қарсы сынақтар басталып, су апаты, шегірте, бит, қантөгіс, әр түрлі ақылға сыймайтын адам баласының көру, есту қасиетінің соғысы жүріп жатыр деп біліңіз.
Жалпы әлемдік өзгеріс құпия сыры ғасыр бұрын белгісін беріп, демек сыртқы көктің жақындауымен 21-ші сүренің үкімі құлшылық қарсылықтарына сынақтар жүріп, халықтар шым-шытырық түстер көріп, өліктер сөйлейтін ғасыр басталып кетті. Қиямет күнінің белгісі түсе бастады. Аятта; «Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрінде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты.» (Хаж-2) Осы аяттың сөз астарына үңілсек; Ол уақытта бала туған әйелдер балаларын емізбей тек қолдан тамақтандырады. Ал адамдар жәндіктік қылыққа келіп, сыртқы сипаттары қоңыз, шаян т,б. сыртқы қорған киімі болмай буылтық-буылтық жәндік құсап іш тастаушы әйел заты көбейеді. Қазіргі таңда жәндікке құмар сол сипаттағы Азия елдерінде жылына 2 млн. бала түсікке айналады екен. Қазақ әйелдері де жәндікті сипаттау жарысынанан қалысар емес. Үлкені де, кішісі де еркек киімін киіп жеңіл жүруді (жеңіл жүріс — аяқты ойына келгенше басу) әдеттеніп алып, енді ашықтан-ашық еркектермен теңбіз деп Алла үкіміне қарсылық білдіріп, басқа бәле тілеуді әдетке айналдыра бастады. Жалпы адамдар әйелі мейлі еркегі болсын дүниеге мас, ішкенге мас, күлгенге мас, білгенге мас болып, оны емдейтін дәрігердің өзі дәрісіне өзі мас, ел түзейтін ғалым мен діндарлар бірі сатып алған атаққа мас, бірі жаттап алған құран мен тәпсірге мас, ел басқарған ұлықтары ойдан шығарған заңына мас болады деп ескерткен. Ал иман келтірдім дегендердің көпшілігі жалаң аяқ, жалаң бас, сақал қойып, арапша дұға мәтінін жаттап алып, бес уақыт намаз оқығанына мас.

     Оқуың қабыл болу үшін ата-ана аманатын орындап өзіңе берген ерекшеліктерді қасиет, қабілетті меңгеріп, нәпсіні тәрбиелеп, жаратқаннан ұялмай сұрайтындай адамгершілік парыз, қарыздарды орындап барып әуелі жалбарын дейтін имамдарымыз да арапқа ұнағанына мас. Мас адамның басты белгісі сөздің астары түгіл ана тілін ұғуы қиындай береді. Енді мастық қалай пайда болады? Әрбір пенденің асқазаны белгілі бір тағамға тәуелді жұмыс істесе, сол дәм сезу ерекшелігін қалыптастыру үшін сырттан келетін сәулеге, иіске, демге байланысты әр ұлттың, елдің өзіндік ақпарат алу белгісі түрі теріде сүзу, өңдеу өзгешіліктері бар. Сондықтан таңдамай-талғамай бәрін жей беру күптілікті, ауруды және өзіңе арналмаған ұлттық мінезге жат қылықтарды жасау ой қабілетін бұзатын мастықты тудырады. Соған байланысты мастардың бәріне білмеген жақтан жаратушы тарапынан азап келе береді екен. «Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда (жерде) қор болып, мүлде қалады. (69) Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (Фұрқан-70)
Тәуба келтіру үшін білмей, көрмей істеген қателіктеріңе кешірім сұрап, сауап істермен түзету керек. Егер де түс көрмесең Алланың түсірген дәлелдеріне құлақ аспасаң қалай тәубені жасайсың? Жақсылық жасау үшін үкіметтен ұлықсат алып (лицензия) немесе садақаға берген ақшаңа, малыңа растайтын құжат алып бергеніңді міндет қылсаң, түк істемей тек сәждеге бас қойып сұрай берсең, басыңа да тұрған жеріңе де еселеніп азап келеді екен. Оған мысал қазақ жеріндегі болып жатқан табиғат құбылыстары дәлел бола алады. Шымкент облысында болып жатқан су, шегіртке апаттары дәлел бола алады. Оның алдында қан ауруымен ескерту болды. Енді көрінбейтін биттер пайда болып адам бойындағы қараланған сыртқы сәулемен уланған жерлерді шағып халық емін іздеп әуреге түсе бастайды. Одан дәрігермін деп жалаңаш-жалпы жүретіндер де құтыла алмайды. Құран аятына жүгінсек Алла тағала қиямет күнінде; «Сол күні апат, оларды төбелерінің үстінен (бас аурулары) де аяқтарының астынан да (буын, аяқ, бел, жол байлам) қоршап алады да; «Қылықтарыңның дәмін (асқазан, бүйрек, дәм сезу, т.б. аурулар) татыңдар» дейді.» (29-55) «(Мұхаммед) Көрмейсің бе? Аллаға: көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады (намаз оқиды). Және де олардың көбіне (әрине адам мен хайуандарға) азап тиісті болған. Алла кімді қорласа сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.» (22-18)

      Тек сәждемен Алла тағаланы таныту мүмкін болмайды да «намазхандардың» көбі азапқа, тозаққа түсуге тиісті екен. Және ондай түк бітірмей жалбарынатындарды құрметтеуші шапағатшы болмайды екен. «Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың (әулиеге тас атып, аяттарды бұзғандардың) сылтаулары пайда бермейді. (57) Расында бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең (өліктерді сөйлестірсең) де қарсы келгендер; «Сендер (аққу, сұңқарлар) бұзушы ғанасыңдар» дейді.(58) Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді.» (Рұм-59). Ал мүлдем тек ниетім дұрыс деп өзін-өзі ақтағандарға ниет ауруы келіп, сонан көздер шарасынан шығып жүректер ауызға тығылып, (ісіп, кеуіп) оларға ешқандай болысушы болмайды деп ескерткен. Жүрегі мөрленген дін танытушылардың басты белгісі Халифа Алтай атамыздың аудармасын менсінбей немесе түсінігі қиын болғасын тікелей өзі аударып оқуға тырысып аяттарды ертекке айналдыруда. «Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін (шерік, серік, ортақ деп) ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар үшін қорлаушы азап бар. (6) Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіптен құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелуші азаппен шүйіншіле.(7) Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгесілмейтін бақшалар бар.» (Лұқман-8) «Бір кентке (елге) ескертуші (өліктермен тілдестірушілер) жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары; «Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз» деді.» (Сәбә-34)
Қазақ елінде де Ақ жолдың ақиқатына қарсы болып жатқан қолында билігі барлар мен байлар болып табылады. Шариғатты жалған қалқан қылып Құранды тек арап қана түсіндіреді деп мәнін жоғалтқан мыңдаған жыл өткен тәпсір ертектер арқылы адам аулаған діншілдерге; «Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар азапқа душар болғандар.» (34-38) Сондықтан да «Иман келтіру» қонақ шақыру емес, тек азан шақырсаң сәжде жасасаң келе салатын. Иманды ата-бабаларымыз іздеген ізбен іздейді. Онда неге Абай атамыз ескерткендей бүкіл қазақ адасып жол таппай; Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолға түскеніміз абзал емес пе? Сондықтан да «Ештен кеш жақсы» деп тәубамызға келіп, тарихымызға қайта оралып, су ішкен құдығымызды тауып; «Ат аттатып сүйек сындырмай» бабалар батасымен көгеріп көктейтін елге айналалайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *