Тал бесіктен жер бесікке дейін (223)

Бөлім: Зікір өлеңдер 101

Ой қозғаған жел күші,

Жетті жұмыр бастарға.

Іс басына екі ұшты,

Кетті, бітті шаруа.

Ой толқыны сезімді,

Айқұш-ұйқыш шимайлар.

Жеті қаттан көк түсті,

Таңдау түсіп ноқталар.

Ақыл алты арпалыс,

Жеті жетсе қолқабыс.

Сегіз жолға жалғанып,

Тоғызбен болар толық іс.

Әр нәрсенің бар өлшемі,

Ыдысы — таңба, сөз — тегі.

Ой қуатын сыйғызған,

Жетпіс алты санмен бедері.

Екі күнгі несібе,

Үш ауызға болар кез.

Төртеуіңді түгелде,

Өлшемі болсын асыл сөз.

Тағанға сал күшіңді,

Береке кірер беспенен.

Бесігіңе ілінді,

Өнер–білім меңгерсең.

Орнына сонда түсірер,

Торыққанға түскен көңілді.

Көбейіп жан, ұждан жетілер,

Бір қуат боп жеңіп өлімді.

Рұқ қабы Алла баураған,

Еркек рұқ боп жаралған.

Жан ана боп ішінен,

Он бір қабырға сан алған.

Әке-рұқ ішіне сыйғызған,

Ғылыммен қазақ текті алған.

Алланың сөзі алты арыс,

Төрт анадан жалғанған.

Жарығы нұр әлемнің,

Ойпатқа көктен түсетін.

Номадтық кісі тегінен,

Жатырға таза енетін.

Қазақтың тегі бұлағы,

Аманат, мирас шырағы.

Қызымен өріс кеңейтіп,

Тараған әлемге шуағы.

Қырық үйін қожа күзеткен

Қанда ділін көбейткен

Жатыры алтын бесігі

Атаған қызын бойжеткен.

Тал бесікке байланып,

Бесік көрген аталып.

Үнімен құран тербетіп,

Қан тегі санаға жалғанып.

Ақтығы ниет, діл текпен,

Ғылымнан суат көбейткен.

Елдігі ұлттың нәзіктер,

Ал ай нұрмен бойжеткен.

Жолы ұлт дәстүрі,

Меңгерген мың өлімді.

Ұл ұяға, қызды қияға,

Меңгертіп құс ілімді.

Қазақ тегі нәсілі,

Нәзіктен жаны ақ ділі.

Еркек қара, жын-кісі,

Сегіз қырмен, бір сырлы.

Ақ пен қара некемен,

Ала жіпті өргізген.

Ар-ұятты аттамай,

Елдігі ғылым өркеннен.

Жер ана бесік тербеткен,

Заманы ұлттың бұл керуен.

Отаның, ата мекенің,

Бастырған жерді кезекпен.

Қысқа ғұмыр жалғанда,

Рұқ пен жаның бау-баққа,

Айналмаса не пайда,

Болашағың жоқ ар жақта.

Атыңа затың сай болса,

Құдайдан алар жол-жоба.

Ғылым, өнер, мал тауып,

Көбейтпек жанды тарқата.

Жібін Алла тарқатып,

Тарихтан жақсы таңдатып.

Осы деп жолдың бастауы,

Құзғындық қылма ар сатып!

Жолға түскен ой табар,

Құдайдан түсер хабарлар.

Тағдырын көріп түзетіп,

Ардан сауыт тоқытар!

(Қаңтар 2019 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *