Жалпы қыпшақ деген сөздің өзі «Қашпақ», «Қашқын» деген түбірді мағынаны меңзейді. Негізінде табыну, пұтқа шоқыну, т.б. Ғад елінің әдеті болған. Одан көк тәңірісіне табынуды үйреткен, енгізген Һұт елші. Дүниенің төрт бұрышы деп таулармен бөлініп Жапон аралы мен Африка жоғарғы жағындағы Алжир маңдарын қосып төртбұрыш түйенің төменгі бөлігін атаған болу керек. Жер беті негізінен 4-ке бөлінген Құл тегі жазуы Һұт елшіден қалған болу керек. Кезінде Һұттан тараған ұрпақ болуы керек 3 жігіт елінен қашып пұтқа, күнге, т.б. табынбауға, нағыз Аллаға жалбарынуға бел байлап таудағы үңгірге тығылады, оған жолдан екі малшы қосылып негізінен 5 адам үңгірде өмір сүрген. Алланың әмірімен ұзақ мерзімдік ұйқыға кетіп 300 жыл ұйықтайды «(Мұхаммед) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба?(9) Сонау заманда жігіттер үңгірге бекінді де: «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізді тура жол әзірле» деді.(10) Сонда олардың құлақтарына неше жыл бойы перде қойдық (11) Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін ояттық».(12) Екі жақ деп ескертіп отырғаны жаратушымыздың сол жердегі өмір сүрген және екі елдің нәсіл белгісі болған үңгір тұрғындарында. (Мұхаммед) «Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік.(13). Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып «Раббымыз Көктер мен жердің раббы. Одан өзге тәңірге табынбаймыз. Әрине сол уақытта көкіп сөйлеген боламыз» деді. (14) «Мына еліміз Алладан өзгені тәңір тұтты. Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар», — деді (15) Бұл Әйтеу елі еді. Кейіннен Мадян елі тарап Шұғайып пайғамбар осы елге келіп, апат келеді. Шұғайып пайғамбар қызына Мұса пайғамбар үйленеді. Қазіргі біріккен эммираттар шығу тегі осы Мадян елінен негізін алады. Тіке тұрып жалбарыну сол кездерден бастап кейіннен тәуратшылар намазына айналды. «(Мұхаммед) Қарасаң: күннің шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте, оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Алла кімді адастырса сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың».(17)
Біріншіден бұл үңгірде жердің тербелу белгісі болып, сол үңгірдің кең жерінде анықталатынын ескертеді. Сол үңгірде жердің айналмайтынын, тербелісте тұрғанын анықтауға болады!
Екіншіден осы адамдар елі тура жолды таба алмай адасатын болады «Ол кімді оңғарса» деп осы адамдар жанынан болашақта тура жолды сілтейтін (пайғамбарға) және жетекші жіберілетіндігі мәлім етілген. «Олар, ояу деп ойлайсың: негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің». (18) Олардың күзетшілері итке байланысты жындардан болды деген ұғымды білдіреді. Енді әрбір апат және ұрпақ өзгерісін туындатып және оның ішіне ғылымның дамуы мен тіл т.б. кіреді. Даму, өркендеу жандық ерекшеліктерді мына аяттармен есептеуге болады. «Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: «Қанша жатып қалдыңдар?»- деді. «Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы көріп, сендерге одан керек келтірсін. Сондай-ақ сыпайлық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін» десті(19) «Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріңе қайтарады. Ол уақытта үнемі құтыла алмайсыңдар»(Кеһф -20). Сол жердің халқында екі түрлі наным болған. Шоқыну және тәңірге табыну. Әрине үңгір тұрғындары ішінде тамақ таңдау, істеу, дайындау және сауданы жақсы білетін бір халық белгісі болды деген ұғымды білдіреді және ол жердегі халықтарда екі түрлі табыну белгісі болған. Бірі күнге т.б. табыну болса, екінші сиқырға ден қойған. Таспен ату дәстүрі Мадян елінде қалыптасып, кейіннен ащы дауыспен апатқа ұшырады. Сол елдің жандар негізінде тараған Қытай елі Мадян халықтарының және Әзер қауымынан белгілері бар. «Осылайша, Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шексіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға (сақабаларға) мәлімдедік. Сол кезде бұлар: өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейін: «Олардың үстіне үй салыңдар»- деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары, әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық деді».(21) Бұл аят мұсылман дінін тарату кезінде болған уақиға. Ол жерде ұйғыр халқы өмір сүріп, дінді қабылдап, мешіт жасау туралы ұсыныс еткен, бірақ іске аспай қалды. Бұлар көрмей-ақ мөлшермен: «Олар үшеу, төртіншісі иттер» деп, кейін «Олар бесеу, алтыншысы иттері», «Жоқ, олар жетеу, сегізіншісі иттері» дейді. «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардан өте азы ғана біледі»де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар туралы еш біреуінен дәнеңе сұрама. (22) Еш нәрсені: «Осыны ертең істеймін» деп айтпа (23) Бірақ: Ала қаласа (жасаймын де) ұмытқан заман Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның мені бұдан да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін» де(Кеһф-24) «Ұмытқан заман» деген ұғымның өзі ғасырлар өтіп дін бөлімдерге бөлінген уақытта туралыққа жақынырақ жолда арап елдері болып, осы бесеуден тараған елдерден бар ісін «Құдай қаласа» деп бастайтын ел белгісі болып тура жолды бастаушылар болып, оған тағы екі ел қосылатынын ескерткен. Арыстан баба арқылы құрама беріп, ұзақ уақыттар бойы бабамыздың осы жеті елді аралап шыққандығы тарихта мәлім. Себебі осы жеті елде де Арыстан бабаға қойылған белгі бар. Үш ел тура жолда, екі ел орта, екі ел турарақ жолда болады.
Енді түбі бір түркіміз. «Көк бөрі асыраған» немесе «ит жеті қазынаның бірі» деген ұғым осы тарих ақиқатынан тарайды. «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз арттырды (25) Раббыңның кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың» (27) – кеһф). Бұл аятта ескерткендей 300 жыл бір кезең болып, яғни жанның ұлттық келесі бір даму сатысына (Тоғыз түрлену) өту кезеңі болып табылады. Тілдің дыбыстық өзгерісін және таңбалардың даму заңдылығында өзгеріс белгісін қалыптастырады. Яғни 9 саны ахирет өзгерісінен мағлұмат береді. Жалпы тіл ұлттардың дыбыстық үндестік ерекшелік белгісі. Құран сөздерінің орнын ауыстырма деп үкім етеді жаратушымыз. Арап тілінің, құран сөздерінің 4 белгіге бөлініп 8 түрлі мағынаны қамтуы тиіс. 300 жылды ахирет уақытымен өлшесек: «Олар: Бір күн немесе бір күннің бір бөлімі жатып тұрдық» деді (19) Яғни 1 күн ахирет есеп уақытын өткізген. Енді тоғыз арттырды деп ескертуге келсек арап таңбасынан 9 таңбасы артық болар ел бар деп ескерткен. Енді 4 күнді бір мезгіл деп есептеп 300 жылға көбейтсек 1200 жылда сол елдердің таңбалық дыбыстық жүйесі 36-ға жетуі тиісті. Құранның түсінігін, таңба жағынан неғұрлым арап үндестігін көбірек қамтитын және сөз байлығынан болмағанда екі есе артық елдің тіліне ғана жақын аударуға мүмкіндік болады. Енді жоғарғыдағы жетеуді ажыратқан Зұлқарнайын елші. Құранда: «Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өз ісіне әр істе қолайлық бердік». (Кеһф — 84)
Зұлқарнайын «Раббымның маған бергені бес артық». (95) Бұл сан көп мағынаны береді. Өзіндегі күш артықтығынан бастап, тура жол табатын бес елге тиіспеуді және нанымдарын өзгертпеуді, жердің бетін беске бөлуді тапсырған. Және де құрлықтар арасындағы қатынас жолдарды жоюды міндеттеген Зұлқарнайынға жаратушымыз. Америка құрлығына Нұхтан кейін апаттар кезінде бөлінді ме әлде жолдар болып Зүлқарнайын әскерінің қатысуымен бөлінді ме? Әзірге құпия. Бірақ Зұлқарнайынның жер бетінде болмаған үлкен қуатты (қопарғыш) меңгергенін ескерткен. Құранда: «Бұдан кейін шығысқа шара қолданды. (89). Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінен туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Яғни киімдері жоқ ежелгі индеецтер тәрізді қазіргі жапон елін азия құрлығынан бөлген.) (90) осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз (91) ( сонан кейін тағы да бір шара қолданды (92) тіпті екі таудың арасында жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты. (93) Олар: «Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?» деді. (94) Тәпсірде бұл азербайжан таулары деп ескертілген, негізінен сөз түсінбейтін ел тау халқының бірі, мүмкін шешен халқы болу керек, себебі оларға сөз жағынан ұқсас жер жүзінде бір ел жоқ және кезінде тау арасында ол жаққа өтетін жол болған, Мұса пайғамбар сол жер арқылы өткен. Зұлқарнайын да әскерімен қытай жері жоңғар қақпасы арқылы өтіп арал тұсындағы тау шатқалы арқылы арғы бетке өткен. Екі бұзық ел Яжұж бойлары шағын, бірақ садақ пен соғыс өнерін далалық көшпенді ел болса Мажұж маймыл ұқсас жалбыр шашты орман арасында өмір сүретін ел болған. Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын» деді.(95) «Маған темір тақтайлар әкеліңдер» деді екі беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер» деді. Ол от болған сәтте « маған еріген мыс келтіріңдер үстіне құяйын» деді. (96) сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады… (97) «Бұл раббымның бір мәрхамет қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның бір уәдесі хақ» деді(Кеһф – 99).
Сол кезде бес түрлі елдің пайда болып болашақта тура жолда болатынына ескерту алған Зұлқарнайын Азия қүрлығын бөліп тастаған. Бір белгі темір мен мыстан қорытылған жез қақпа (Тұран қақпасы аңызда бар) азербайжан таулары арасындағы щатқалда, оны зерттеп анықтауға болады. Себебі шешен, ингуш халықтарында қазақша сөйлеп, қазақ дәстүрін ұстаған «қазақ» деген ауыл бар. Бұл Құрандағы тарихтың ақиқатын анықтайтын белгілер. Жандық белгі сол уақ жауынгер халықтардан тарайды. «Бес артыққа» жататын туралыққа жақынырақ дін жолымен ағайынды үшеу қазақ, қырғыз, өзбек,тәжік, түркімен. Өзбек базарға барып тамақ дайындап сауда жасайтын жігіттің тегі – кейіннен қосылған екі малшы түркімен тегі мен тәжік тегі болуы керек. Жергілікті жерден қосылған, кейіннен дінді қабылдаған ұйғыр мен түрік таралуы ықтимал. Бұл жерде адам тілі ерекше белгі болып табылады. Тілдер айырмашылығы 300 жылдан ажырап отырады. Не құрылым дыбыс үндестігі жақын айырмашылық сан мәні азайған сайын туысқандық белгісі де жақын. Жалпы тектер жан ғылымымен байланысты. Қанмен берілетін белгі бар және Алла тарапынан жанмен келетін белгі бар. Тарихта жандық белгі мүлдем ұмтылған, яғни Яссауи бабамыздан басқа қозғаған дін ғұламасы кездеспейді.
Негізінен қыпшаққа жататын көк бөріден тарады дейтін 7 туысқан халықта жандық байланыс болған. Бастапқы таралып шыққан белгісі Қытай жерінде Үрімші қаласынан 70 шақырым жерде тау ішінде үңгір бар. Құранда ескертілген белгі сонда. Естуімше тасқа айналған ит үңгір аузында бар. Біздің көп тарихымыз Қытайдан табылып жатыр, сонда сақтаулы, күнге табынғанбыз дейтін аңыз әңгімелердегі жорамалға құранда жаратушымыз белгі беріп кетіпті. Корея, Жапон халықтарымен түпкі тегімізде ұқсастық бар. Бұдан басқа гендік, қандық өзгерістер, түрленулер болды. Негізгі қандық (қадір) белгімен жақын туысқан болып келетін қазаққа ол жапондықтар. Ата тегіміз бір болып келеді, оны жапон ғалымдары да мойындайды. Ал тәжік халқы кореялықтармен туысқан болып келеді, қандық гендік сан жағынан. Тәубаға келтіру үшін және қандық қасиеттерді араластыру үшін және жандық түрлендіруге жаратушымыздан үлкен сынақ соғыстарды жіберіп отырған. Шыңғысхан жорығы, жоңғар шапқыншылығы, шейіттер арқылы қан тазалығын, дәстүрді қалыптастыру және сақтау сынақтары болып табылады. Орыстармен қосылу себебіміз де ғылымға, білімге жол ашып, жалпы даму үшін жаратушымыздан берілген сынақ. Оған өткен хандарымызды, бабаларымызды кінәлау надандық, имансыздық. Ахиретке иман келтірмей, ғылым біліммен есепсіз ой жүгіртуден туындайды. Жалпы өсіп-өну бес санына тәуелді. Құранда да осы сан ерекше бір тізбекпен беріліп ескертіліп отырады. Юсып, Һұд, Юныс үш түрлі елдің Ғад қауымынан кейін көптеген апаттардан кейін Ибрагим пайғамбар қауымының пайда болып,тағы да жер бетінде өзгерістер жаратулар болып, тағы да төрт түрлі түрленуден кейін христиан діні «Інжіл» түсіп, Мариям сүресі сол қауым халықтар белгісі болып табылады. Енді осы бес түрлі қауымнан тағы бес топ ұлт бөлініп шығады. Азиялықтар негізінен «Һұд елші» құтқарған елден тарап беске бөлініп, жоғарыдағы бастапқы тізбекті қайталап негізінен үш түрлі тілдік, туыстық белгімен түріктер түбі бір түрік болып, 3 белгі өте жақын сөздік, гендік құрылысы ұқсас болып, 1 қауым сәл жақын 2-шісінің тілдік өзгешілігі болып қалыптасқан.
Дүние жүзі халықтары осындай тығыз байланыста, өзіндік ерекшелік жүйесі бар. Арап тілді халықтар ерекшелігі, қалыптасуы осындай үш жақын белгі екі қашықтау белгімен жүйелеуге болады. Сондықтан да әр сүренің бір құпия тылсымдық белгісі және сандық жылдық есебі бар. Оған келесі кітапта тоқталамыз. «Кеһф» сүресінің белгісі қамшы басы шашақталып нұр шашып тұрады. Көшпенділер түріктер тарихын осы «Кеһф» сүресінен басталады деген негізді білдіреді. Жоғарыда ескертілген ұғым бойынша алдыңғы төрт аят осы сүре насихатының анықтауышы болса, «Барлық мақтау құлына, Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады(1) өте түзу Құран; Алланың қасынан: қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (2) олар онда мәңгі тұрады (3),сондай-ақ: «Алланың баласы бар дегенді ескерту үшін»(4) (Кеһф) Осы аяттардан-ақ ол елдің христиан елімен көрші болып, тұрғылықты жері мәңгілік болып, христиандарды ескертіп ислам дінін мойындататын халық болатындығын аңғаруға болады. Сондай «Иса масих құдайдың баласы» дейтін елмен көрші ғана емес, бірге ішіп-жеп бауырласып тіптен сол дінді марапаттап жүргенде, жер жүзінде қазақтан басқа мұсылмандар бар ма екен. Енді «Муминұн» сүресінен тізбектік жүйемен тексеріп көрсек; «Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады»(2) Олар бос нәрселерден аулақ болады (3). Олар, зекеттерін береді(4). Олар, ұятты жерлерін сақтайды. (5) (Мұминұн) Осы аяттардан-ақ бұрынғы қазақтың салты мен дәстүрлі дінінің иісі аңқып тұр. Тек ұят жағынан артық кететінін тақ саннан көруге болады. Ұятсыздар түбі өзгеріске ұшырайтын белгі деп қабылдаңыз. Демек қазақ халқына жаратушымыздан берілген жоспар христиан халқын исламға кіргізу, сол үшін де қаншама ата-бабаларымыз қан төгіп құрбан болды. Енді дәстүріне, тіліне өзіміз де құрбан болып жатырмыз.
Намазындарын орындайды, іштей зікір салады, ғылыммен тексеріп Құран аяттар мағынасын түсінеді, бостан-бос тәпсір қуып адаспайды, киімдері де мағыналы болады дегенді ескертеді жаратушымыз. «Өте түзу Құран» деген ескерту үкім тұр. Мағынасы; тек Құран аятымен ғана іс қылу. Ол үшін сол елге құран аяттарын түсіндіретін жолбасшы жіберілуі қажет. Қай ел жолбасшысы қаншалықты аят мағынасын толық ашып Құранды тәпсірлей алды? Онда да өмір сүріп отырған заман ғылымына сәйкес қылып, салт-дәстүрді, өмір сүру ерекшелігін қалыптастыруға әсерін тигізбесе, құны да соқыр тиын. Өз тарихын жете біліп, қадірлей алған пенде ғана, өзін танып жаратушысынан белгілі үлес ала алады. Оның белгісі, шығар шыңы — қасиет! Несібесі білім-ілім, ғалымдық тылсым сырын өмір сүрген ортаға бейімдеу. Құпия ғайыптан хабар алып қана, сонымен өз өмірін сәйкестендіріп пайымдау нағыз қазаққа тән белгі.