Қожалық жан көбейтпек

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 116

Өнерді табу өсиет,

Білімді болу қасиет.

Білімнің ойы шатасса,

Туады басқа қасірет.

Алланың тілі хикмет,

Ғылымынан өсиет.

Кереметі ғылыммен,

Жазылар жанға қасиет.

Көңілден шығар көп ниет,

Жанның үнін білдіред.

Жанын армен басқарған,

Қожалықты білдірмек.

Жанға қожа қасиет,

Тектілікті өсіред.

Даналардан қалдырған,

Сөз жұмбағы шешілмек.

Ардан сауыт киінбек

Қалқанды ер жүрек.

Үш теңгесін күмістен,

Сыйы алған көрінбек.

Қожа кім білінбек,

Тоқсан сөзден ой түймек.

Санды білген саналы,

Ұлттық ділді өсірмек!

Қожадан тарап қасиет,

Ұлттың жаны көбеймек.

Қожаны ру атаған,

Діл жанын ұлттың өшірмек!

Қосуға ортақ бұл себеп,

Ғылымына Алла хикмет.

Атасын ұрпақ мазақтап,

Қожамын деп жүр көкірек.

Өз тегін пенде көшіред,

Қона алмай кетер қасиет.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Ұмтылды ғылым хикмет!

Қожа болсаң біл дерек,

Құс жолынан жол тізбек.

Он үңгірден өте алған,

Әулие болдың елде ерек!

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *