Ноқталау(253)

Бөлім: Зікір өлеңдер 50

Ноқта тақ жаман әдетке,

Үйретпе бойды күптікке.

Шолжаң мінез, жөнсіздік,

Апарар айдап көп дертке.

Сөзің бармаса орынына,

Ата дәстүр жолында.

Тоғыз түрлі бәле боп,

Қайтар басқа сорыңа.

Өшірген нұрын Алланың,

Боқтықпен шығып арамың.

Үлкенге қарап ұрысқан,

Иттігің жанды жойғаның.

Адамның жеме ақысын,

Батсаңда қарызға белшеден.

Әпермейді жақсы атақ,

Тартарсың түбі қайғысын.

Еліктеп бойды түземе,

Жылтыр сөзді ермеге.

Кимі сән салтанат,

Іші арам дүниелік кісіге.

Бай бағланың қылығын,

Қайталап жүрсең жындысың.

Қорлық деме кедейлік,

Адамдық байлық бар бағың.

Несібесін Құдай тең қылған,

Кедейге берер нұрынан.

Ақиреттің беріп нәсібін,

Сынымен берер сыйынан.

Ойыңды түзеп тырыссаң,

Ноқтаң болар ұстаған.

Жыныңды талап құрықтап,

Ақылға теріс ой қосылған.

Ақыл істің пайдасы,

Тілің ақыл айнасы.

Орынды сөз иманнан,

Ғылымға суат қоспағы.

Ноқтаң болса талапта,

Арды өсірер заманға.

Ары бардың досы бар,

Күтіп алар жанатта!

Мастық тән жастарға,

Қысқа ақыл нәзік жандарға.

Таза ақыл жанды есейтер,

Ұсындырып мойынды ноқтаға.

(Наурыз  2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *