САН ҒЫЛЫМЫ — АМАНАТ

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 40

Сан ғылымы болмаса әлемде де, жаратылыста да ешқандай тәртіп болмас еді. Құранның құдіреттілігі де өзгеріссіз сақталуы да, әрбір аяттың, сүренің өз орны, мәні болып оның ешқандай да әрекетпен өзгерте алмауында.  Философияда, сөз ғылымында дене, орын, мекен деген ұғымдар тек санмен ғана анықталады, жүйеге айналады. Уақыт сандық ақылмен ғана тәртіпті қозғалады.  Сандық ғылым болмаса қозғалыс жоқ, тіршілік те жоқ. Сәни дәптер де сан ғылымымен, белгілі хикметтердің орны сандық мәнімен, құран аяттарымен, ақыл-ой қуаттарының  сәйкестігімен түркі әлемін ақыл, дін тұрғысында әлемде жоғары жетістікке жетуіне себепші болды. Сондықтан қазақ әулиелерінің, ақындардың, билердің, шешендердің, абыздардың қандайда бір шығармашылығы құран аяттарымен сәйкес және пайғамбар сүннетімен рухани  мағынасы, үні сан арқылы ойы тұрақталып, бірленіп отырады. Яғни дала даналығы мен қазақтың шариғаты да, масһабы да, тура жолы да Ар деген 99 санға көркем есімдерге, таспихқа бағынатын бір ғана қағидамен дәстүр атты дін ұстанымын қалыптастырған. Онан ешқандай қателік таба алмайтынына тек сан ғылымын меңгерген дінде Ариф, хакім ғалым болғандар ғана түсіне алады.  Абай атамыздың 45 қара сөзі мен 223 өлеңінде де осындай тәртіп, ішкі ғылымдық сыры барын  қазақ  философтары мен ғалымдары меңгере алмағындықтан масһаб білімін, тәпсірін қайталап, жаттап алғандар ой қуатын да өзгеріссіз сол қалпында алуымен өздерін керемет ғалым деп танығандарға; төрт  ақылы толып төбеден киесі келіп қонбаған діншілерге сезімдік ақылмен шайтандық пиғылдарын еркін насихаттауға жол берілгені де хақ. Құранда  Раббымыз; «..Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол ЕСЕПШІЛЕРДІҢ ЕҢ ЖҮЙРІГІ.» (6-62) деген үкіммен Ол Алланың өзі сан ғылымының негізі екенін ескерткен. Сондықтан есепсіз  Ес қалыптаспайды. Есепсіз құранды тәпсірлегендер кітап арқалаған есек деген ғұламалар. Енді менімен Қазақ. ру сайтында пікірталасқа, сұқбаттастыққа түскен Ханафилік дінші; Ол Алланы яғни жаратушы иеміздің 8 сипатты, 99 көркем есімді ғылымен, құдіретін «шайтан» атап, ата жолын, қазақ әулиелерін тура жолынан адасқандар деген пәтуа берумен және талай сайқымазақ сөздеріне өздерінің құранды, дінді қорғаушы екендігіне масһабшылар атынан ант-су ішіп, өзіне лағнет шақырғанмен, бірақ енді бұған Құдай неге қарғысын  екі жақтың біріне жібермейді деген сауалды көп оқырмандар қойып отырғаны да сөзсіз. Бұл жағдай Інжілмен Ғиса пайғамбарымыздың көктен түсу хикметімен де байланысты. Әрбір пенденің кітаптары ашылып жауабы да берілетін қияметтік сағаттың алда 6 жылы барын да білген жөн. Қазақ елі түгіл әлем жұрты жақсылықпен немесе жамандықпен жауап алатын мезгіл де туып талайлары бұл тезден өтіп жатқаны да сөзсіз. Сондықтан мен керісінше бұлардың осындай сөздермен әбден әшкере болғанынша құламағандарын да қалаймын. Себебі бұлар осындай жағдаймен бірін-бірі тартып жаппай құлауға дайындық басталып та кетті. Ендігі жылы бұлар сайттың бетінде ашық мұндай пікір жазбақ түгіл бастарымен қайғы болады. Екінші жағынан бұлардың Құдайды мазақтап тұқымымен тұздай еріп, құрығанынан біздер бір Қазақ атаның ұрпағы бола тұра ештеме ұтпаймыз, есесіне осындай  рухани тұрғыда арандатумен, сынақтармен құтқарылуға да жәрдем береміз. Ал енді сабырлы оқырмандар болса асықпай нәтижесін де күтейік. Мен бұл тұрғыда Құдай алдында антымды беріп оған осы Ханафилік дінші бүкіл масһабшылар атынан ант берді. Ал кімді ант ұрмақ, ол Құдайдың еркінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *