Тәуелсіздік пен тәуелділік  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 58

Тәуелсіз егеменді ел аталып,

Желтоқсанда жеңіп алдық деп мақтандық.

Жастарды арандатып қырылуға,

Жындылықты құдай жолы деп атадық.

Ата-баба аманатын қан мен терін,

Талай ғасыр қияметтен өткендерін.

«Құдайсыз қурай да сынбайды» деп,

Теріске алдық даналар өсиеттерін.

Өтірікті сапырған жынды мастар,

Билік үшін төбелесті деген жастар.

Ата дәстүр, дін салтыңды қорғағандай,

Ардан күсіп, даурықтың неге мұндай.

Ар, ұятың, намысың, дін мен ділдің

Ата дәстүр ұлт жаны қанмен берген.

Орыспенен жауласып өзеурейсің,

Имансыздық су ішкен құдығыңа түкіргенің?

Қанын төгіп жастарың жазаланды,

Дінсіздікке  құдай да назаланды.

Тағдыр берген бұл одаққа ыдырауға,

Ең соңы боп қазақ елі еріксіз қоштағанды.

Егеменді ел болдық деп мақтанамыз,

Ата заң, дәстүр-салтпен шаттанамыз.

Ал шынында құлы болдың ібілістің,

Атың қазақ, иманынан ата  бос қалғанбыз.

Өңкей қорқақ, дінсіздер ел басқарған-ды,

Қазақтың ата дәстүрін соттаған-ды.

Екі күнің бүгінгі күн атпай тұрған,

Тәуелсіз деп надан ғана мақтанады.

Қатын, қызың шайтанның құлы болды,

Ақ жаулық пен бөркің жоқ, санаң өлі.

Сана түгіл жетесіздер зиялы боп,

Шоқынғаны орыстың ырым гүлі болды.

Тәуелсіздік ел басының өзінде жоқ,

Ханға лайық тәжі мен киімі де жоқ.

Ата заңын қорғай алмай күлтектеген,

Ата дәстүр имандылық тегіңде жоқ.

Жас балаңа зорлап үш тіл беріп жатсың,

Ұлтыңа емес өзге елге теліп жатсың.

Жеті жанын, ұлт бақшасын өсірмеуге,

Доңыз болып өз ұрығыңды жеген нассың.

Орамалға тыйым салып мақтанасың,

Европаға ұқсадым деп жар саласың.

Аманатын ата-баба заңмен тыйып,

Тәуелсізбіз деп шайтанша шаттанасың.

Жас қыздарды шырылдатып егіп жатсың,

Болашағын ұрлап ұлттың діннен қаштың.

Құдай өзі ғылымын түсіргенмен,

Өзге елге шоқынып қарсыластың.

Етек деген төменгі санаң қайда?

Етекпен сана өсіп, ар болмай ма?

Көтін ашқан, шашын қиған арсыз елмен,

Шайтанға табынып, жаның жоғалмай ма?

Тәуелсіздік  үкімі бір Құдайдан,

Арманы еді ата-баба талайдан.

Аманатты ұрпақтарым ақтар деп,

Көктегі қазына мирас жан сарайдан.

Егеменді ел болдық па расында?

Мұқтаж емес өз заңың бар жатыңа?

Ата жолын соттап үкімет заңымен,

Өлілерді тастап кеттің неге артыңа?

Мақтансың дүние жиған малыңмен,

Елу елмен тең болдық деп сәнімен.

Ар білімін жоғалтып ап ұлтыңнан,

Тәуелдісің шайтанға жан, қаныңмен.

Білесің бе ақиреттің сен жағдайын?

Қабірлерді тастап кеткен көп ағайын?

Кәпір елдей жан мен арың матаулы тұр,

Нәсілдерің тозақта тұр ұлт жалғайтын.

Қара бұлты, сасық тұман басып тұрған,

Жастарыңды қырып жатсың беріп қолдан.

Иманы жоқ дінің бар қызылбастан,

Ұлт нанымын жоғалтуға қақпан құрған.

Тәубеге кел иманмен ар ойлайтын,

Құдай еркі тәуелсіз ақыл-ой сыйлайтын.

Ішіңдегі иман, Меннен хабар алмай,

Еркіңді біл шайтанның ұрлайтынын.

Тәуелсіздік ата дәстүрінсіз болған емес,

Ұлтыңнан жан бақшасы бермес жеміс.

Сана түгіл жетесіздер ел басқарған,

Арсыздарға иман келіп тұрмақ емес.

Абай мен Шәкәрімін түсіне алмай,

Сана түгіл жете өсіп толмақ емес.

Жетелілер қазағымда түбі оянар,

Ұлтынын қазына байлық ділін алар.

Сана қайда, кел іздейік деп қамданар.

Ата дәстүр, аманатын сатып кеткен,

Шайтанның жамағатын қолға алар.

Үш жылың бар алда өзіңмен соғысатын,

Тектілер бар ұйқысынан оянатын.

Тәуелсіз ел болуға атқа қонып,

Ата жолын қорғауға орыс келер болысатын.

(Желтоқсан 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *