Шақырған барар тозаққа..  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 45

Кітабын ашып шайтаннан,

Құдайым хикмет іс қылған.

Ел басшысын сынақ қып,

Шайтандарға қарғатқан.

Уәдесі бұл құдайдың,

Сабырын пенде сынайтын.

Тозақтық надан пендесін,

Бір арнаға жинайтын.

Көп ұзамай күн туар,

Қарны тоқ бүгін жүргендер.

Сыналып түрлі азаппен,

Отына азап өртенер.

Білімді болған тажалдар,

Есек боп кітап арқалар.

Ой жорып тозған біліммен,

Аруағынан ажырап қалғандар.

Құдайдың берген бұл сыйы,

Қазаққа ынта-жігерді.

Нәсілі текті қазақ көп,

Өнермен өрге сүйрейді.

Қазақтың көп байлығы,

Жер ана иіп тасиды.

Бірлікке мұндай құдайым,

Несібесін көпке бар сыйы.

Ызақор, қорқақ надандар,

Сыналмай бұғып жатқандар.

Арамдық ойлап сайлардан,

Айыр тілді сұм жыландар.

Басыңды  келген қайданды,

Надандар біл әз жанды.

Күн ертең кетпе еңкейіп,

Қытай боп жеген жыланды.

Жыламай тамақ жемейтін,

Жақсысын түртіп күндейтін.

Жындылық салты бұл келген,

Бірлікті нәсіл сүймейтін.

Қылмайтын іспен әрекет,

Не деген бұл пәлекет.

Жау жоқта, жау іздемек,

Басыңа келмек бұл бейнет.

Көгіңде отан тіреу жоқ,

Отаның үйің қазына боп.

Көгінде қазына жинаған,

Қазақта текті байлық көп.

Күн ортақ бірлік белгісі,

Жер ана  күннің егізі.

Жұлдызың болып қазына,

Адамзат жанның жемісі.

Меңгерген өнер ептілер,

Намысшыл қазақ тектілер.

Нұрсұлтан бастап бәйгеге,

Аға ұлтқа елді жеткізер.

Әлемнің бәйге бірлігін,

Меңгеріп өнер тірлігін

Діліңді рухпен суғарсаң,

Жанады көкте жұлдызың.

Ұлтыңда жұлдыз көп болса,

Ар-денең азбай бек болса.

Мәңгілік қазақ ел болар,

Бірлігіне ислам жақ болса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *