Дәстүрің- дінің тарихың  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 48

Тарихсыз дінің бүгінде,

Шариғатпен дінің түгел ме?

Дәстүрің- дінің білгенге,

Тоғыз жол торап түрінде.

Міндеті бұл мүмінге,

Жол-жоба болған тегінде.

Жер кезіп есік іздеген,

Сатыны тауып көгіңе.

Ақылмен шүкір белгіге,

Құдайдың ісі естіге.

Хикметсіз иман келмейді,

Пайғамбардың еріп ізіне

Кітабын алмай түсіңде.

Дін дәстүрін ұстанбай,

Қайрымды болу мүмкін бе?

Ата жолына арланбай,

Меңгерген аз аз бұл күнде.

Арамдықтан арылмай,

Иман өзі келсін бе?

Ақ жаулыққа бай болмай,

Жан жетіліп өссін бе?

Денсаулықпен дос болмай,

Жын тазарып кетсін бе?

Он саулыққа жалғанбай,

Тақуалық болмас ешкімде.

Тақуасыз бес парызбен,

Қайырлы елміз дей көрме.

Сараңдық қылып дүниеге,

Міндет қылып бергенге.

Құдайым мұны көрмес деп,

Кәпір болар түбінде.

Мал жаныңмен, нәпсіңмен,

Отырмай босқа үйіңде,

Көтеріп аруақ бастарын

Соғысу керек жеріңде.

Жеті ата тектік ағашын,

Құрбандықпен тазарсын

Құранмен суғар жалықпай

Жемісін иман аласың.

Сенім мен иман бір емес,

Шариғат толық дін емес

Дін ісі болып базарың,

Тарихқа мұны жалғайсың.

Тарихат Құдай ісі боп,

Жолға шық алмай дүние боқ.

Жыныңды толық тазартып,

Кітапқа жалған кісі боп.

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *