Керей хан мен Жәнібек сұлтан

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 94

Адамдық қасиеттің төрелігі,

Хан болар ақылға кемелдігі.

«Керікті» арғы атасы Керейханның,

Үш рудың туының бұл елдігі.

Керей, уақ, ысты руларын,

Керікті деп атаған ұрандарын.

Хандардың тәлімгері Керейхан боп,

Бір тулы ел, қазақ деп атағанын.

Кітабын төреліктің уахи алған,

Шыңғыстай бабамыздың ізін қуған.

Құдайдан үкімімен аян алып,

Әділдіктің ақ жолына болған қорған.

Әр ханның төрелік қасиеті бар,

Бір кем, бірі артық хабар алар.

Құдай ісі жол-жоба аталған,

Інжіл мен Ғисадан үлгі көкті бағар.

Жұртына арап діншілер ел азғырған,

Аруағын тастатып, бүлік салған.

Жарлық беріп әрбір қазақ баласына,

Кім қарсы болса дәстүрге жазалаған.

Көп болған билер дәстүрін сатқан,

Ұстатып сатқындарды тауға апарған.

Тексіздер болсын деп хайуанға азық,

Он тоғыз ханды байлап құзға атқан.

Көп дінші мұны естіп елден қашқан,

Арап жұртын паналап сұрап қорған.

Әскерімен қуып барған Керейханды,

Құран ұстап дін басшылар ара тұрған.

Қылышын қызыл теңізге тастаған-ды,

Азғындыққа осылай тыйым салды.

Түбінде мұндай нәсіл қайта келіп,

Азғырар дінді бөліп деп болжаған-ды.

Хандықтың тәлімгері деп атаған,

Хикметін жаратқанның белгі алған.

Арнаулы мұны да алда баяндайын,

Бұл да бір ел билікке ғибрат қалған.

Биліктің саясаты дін қорғаны,

Дін басқарған қазақта ел сұлтаны.

Жәнібектей абызға ұстатқан-ды,

Тоғыз елді бір жолға бағынғалы.

Бақабас баба болған пір ұстазы,

Керейлерді кемітпеске жуытпады.

Шемірікпеске Шетпелерді шеттеттірмей,

Келімсекті емітпестей дін ұстанды.

Кер жалқауды күн көргізбей ел үстінен,

Еңбексіз кеміртпестік жегізбеген.

Қожаның тегі арап дегізбеді,

Сұлтандығын текті елдің негіздеді.

Қазақтың  дін дәстүріне тигізбеді,

Рұқ пен жанын кезбелерге жегізбеді.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,

Алтын ғасыр қазақ еліне көргізгенді.

Ол заман көріпкелдік арға қорған,

Иманы мықты ғана хан, сұлтан болған.

Абылайхан бабамыздың ар бурасы,

Көріпкелдігі артық ел биліктен осы заман.

Жаратқан күнде белгі жер мен көктен,

Сынады қазақ елін түрлі апат хикметпен.

Жүрек көзі соқыр дінші мен ел билеуші,

Ата-баба аманатын ақтамай жаны өлген

Тура жолына Ясауи баба  кеткен жалғап,

Абай-Шәкәрім даналарын қылған мазақ

Ар -ұятсыз шет елдің салтына есік ашып,

Қияметтік ақыр заманды алды сұрап!

(Б.Т.К сәуір 2015 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *