Сыйың бар екі сипатты  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 57

Ата баба мирасы,

Дүние байлық ақшасы

Кейбіреуге сый болып,

Сыналмақ жанның парасы.

Ал кедейге нәсілдік,

Рухани сый мирасы,

Текті ұрпақтың жаны боп,

Болады ұлттың ағасы.

Рухани байлық қазына,

Таусылмас мұра ұққанға.

Кім алса бұл байлықты,

Жазылар мәңгі тағдырға.

Тұрғыны болып жаннаттың,

Алады сыйын жанына

Өсірмек жерде қазына.

Екі сый бар бұл жалғанда,

Дүниемен әлде рухыңа

Қызығын алсаң дүниенің,

Басқасына қол созба.

Атадан қалған аманат,

Үш байлық бар ұлтыңа.

Денсаулық болар естілік,

Ақ жаулықпен жаныңа.

Он  саулықты меңгеру,

Сый болар тақуа құлына.

Әулие болмақ қайда деп,

Ер болсаң онда жасыма.

Ұрпағың Бәйдібек бабаңдай,

Таралсын десең артыңда,

Дәстүрін қазақ ұстанып,

Исламды ал ұлттық салтыңа

Қанағатпен шүкір тастамай,

Бірлікке арнап еңбек ет,

Кешіріммен қарап жауыңа

Құдайға барды тапсыр да

Шақырып уахи растыққа

Махаббатпен қара әлем халқына.

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *