Замана дәуір сөз болған  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 37

Ақыр заман боларда

Түрлі-түрлі күнәң болады.

Азған қатын, қыз-ұлың болады.

Әйел ермен тең болады,

Дінің азып қиын болады.

Болады, болады деп зарлаған

Заман осы ей адам!

Бұған кім бар таң қалған,

Арың ұят жоғалған.

Қыз, қатындар қысылмай,

Төс емшегін арық қып

Көтін ашып мәз болған.

Қол қолтық түгел жалаңаш,

Ұят деген ұғым жоғалған.

Тік қарап көзіңе,

Қызың жүр пері боп,

Шаш жайып байы өлгендей

Қайғырып жынын жоқтаған.

Етексіз үй, қазықсыз,

Құйрығы қайқы қатыннан

Ұрпағың тексіз туылған.

Екі аяқтың арасы,

Қаралық ұя жын-шайтан,

Жала боп ерге у болған.

Тамаққа қосып қол уын,

Ішегің астан құрттаған.

Ар, ұятты сақтайтын,

Дәстүрін ата ақтайтын

Заңы жоқ ел қазақ аталған.

Дінсіз билік, арсыздық,

Ұраның енді ту болған.

Боладының бәрінде,

Орындап болдық  бүгінде

Атаң Абай зарлаған,

Болды ұлтқа зар заман.

Көрмей мұны адамнан

Себебі дейміз заманнан.

Әйелдер нәзік жандылар,

Ұлт байлығы қан болар.

Азып қаның әлсіреп,

Ұлттық нәсіл жоғалар.

Сыртың қазақ, тілің бар,

Ішің хайуан мал болар.

Жастар бүгін мас болған,

Тәрбиесіз білім жинаған

Арты ынжық ез болар.

Боқ дүниені уайым қып,

Зиялыңда ақыл аз қалған.

Өзі меңгермей дәстүрін,

Құдай ісін елемей,

Өлілермен тілдеспей

Әулиелермен жүздеспей,

Өзін текті атаған.

Құр ойбаймен сөз қылар.

Ел билік жеп кетті деп,

Шайтан болып азғындар.

Тегінде білмей киесін,

Уайымы дүние ісі боп,

Құдайды тергеп сөз жазар.

Тағдырға заман қарсы боп,

Дін исламның бірлігін,

Мазақ қылған терістеп

Көбейді білімді азғындар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *