Тажалдар әулиесін өлі деген

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 51

Әулиелердің «тірі екендігі» туралы Базар жыраудың мына жырынан байқай аламыз:

Мына бір шолақ дүниеден

«Әулие өлмес» дер едім;

Отқа салса, күймеген,

Залымдардың өмірі

Бір шарпуы тимеген,

Арамды көңілі сүймеген;

Дін мұсылман баласын

Кереметпен билеген;

Саһар тұрып жылаған

Хақтан медет сұраған;

Ол ерлердің тағаты

Құдайына ұнаған,

Бабай түкті Шашты  Әзиз,

Ер Сейтпенбет, Мағзамнан,

Марал ишан, софы Әзиз –

Солардан да өткен сұм дүние.

(Базар жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 2-том Жазушы баспасы. 91-бет).

****   ****

Ағашын көркем өсірген,

Тамыры жерден тереңнен.

Күн мен жерді жалғаған,

Ойпатты жер киеден.

Дінін әлем бірлеген,

Ясауи баба әулиеңнен

Жүз үш әулие еліңнен

Отыз үш сахаба белінен.

Нәсілің қазақ өрілген.

Жібі бұл қуат Алладан,

Жаныңа жардан берілген.

Масһабшы, дінші, парызшы,

Рух пен жанды бір деген.

Иман мен сенім арасын,

Өлшемін надан білмеген.

Әулиеден жаны келгенмен,

Аманатын ата көрмеген.

Ұлтының дәстүр жобасын,

Серік деп надан көнбеген.

Екі күні баста ашылмай,

Адасты ғалым сөз білген.

Тажалдар елді билеген,

Өз жанын өзі көрмеген

Заңменен тәңір болмақшы

Топастықты жөн көрген.

Өзге елдің салтын өңдеген,

Маймылдай ісін қайталап

Қатын мен ерді тең деген.

Бес парыз ісін жол деген,

Шариғатың шексіз ғылым боп,

Масһабты құдаймен тең көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *