Елдің болар ар-абыройы  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 44

Байлығы ұлттың ақша ма?

Рухына қуат қоса  ма?

Әлде ұлттың жанына,

Құпия білім болар ма?

Ұлт байлығы абыройы,

Рухани қуат таза ойы.

Ар-ұятты іздемей,

Дүниемен өспес ар бойы.

Үлкендерде есі жоқ,

Дүниемен кеткен ісі боп.

Жалықпайды жастардай,

Тақуалық ақыл сөзі жоқ.

Тілінде ғана дін аты,

Амалдан жоқ ғибраты.

Ел болмақ қалай үлкенсіз,

Қазақтың бүгін сипаты.

Қырық жыл бойы жиғаны,

Ар мен абырой сипаты

Бір ақылға айналып,

Жанға жоқ берер қуаты.

Үлкеннен көңіл қуаты,

Жарығы елдің болмақшы.

Жастарға берер бағытты,

Он саулықтан алмай суатты.

Ақ жаулықтан жұпар қуаты,

Нәзіктер алмай суатты.

Жандары жатыр қартайып,

Тірі өлік қыздың сипаты.

Елдіктің болған қорғаны,

Дін жаны-ар, иман, ұяты.

Абыройын елдің сақтасаң,

Болмақсың Адам ұрпағы.

(қараша 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *