Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.
Тегің де қызбен өлшенер,
Ар, ұятты болса егер.
Ұяттан артық сұлулық,
Табылмас еш білсеңдер.
Жанын таза көркем дер
Ақ жаулық арға себепкер
Етекті кең нәзіктер,
Жеңнен білек көрінбей
Ұятты қыз осы білсеңдер.
Әркімге жерін көрсетер,
Әуретін жаппай қадірлер
Ердің де соры мұндайлар,
Ұрпақты дертсіз тумайтын
Жаны өлген десе кім сенер.
Иманды қыздар азбайды,
Дәстүрін ұлттың жалғайды.
Имансыз қыз арсыз боп,
Барымен базар жүр қайғы.
Аналық ақыл арында,
Еркекте ақыл басында.
Ұялмаса қыз жасында,
Айнығыш мінез тақымда.
Тақымы жері ашылса,
Жатыры таза болсын ба
Айғырға түскен байталдай,
Көңілде тұрлау қалсын ба?
Күн жауғанда қойныңда,
Күн ашықта мойныңда
Қатының арсыз жалаңаш
Тегің азбай тұрсын ба?
Шалбарланып ірі боп,
Шашын жайып пері боп
Бықсып іштен шіріген
Не деген ұлтқа сор келген?
Еркектер ез боп ендігі,
Әйелге беріп теңдікті
Тегін сөзбен өлшеген
Азбаған ерде кемде-кем!