VI-  ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ ТҮСІНІГІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 60

    (жалғасы 1-5 бөлімдерде)

Тектілікті қазақ ұлтының діл бақшасымен яғни ойшылдық ұғымымен және дәстүрлік әрекет құлшылығымен тікелей байланысты екені де хақ.  Сонымен діл бақшасының ғылым түгіл сұқбаттастықта қазақ елінің тегі, ұлттық ерекшелігі тек қазақ тілімен, жазуымен ғана байланысты ма, сөйлеу мәнерімен, үнімен ерекшеленді ме?-деген сауалға осында 5-10 жыл бұрын ғылым тұрғысында жауап беру мүмкін емес еді. Себебі біз дін дегенді намаз оқып, ораза ұстап, зекет беріп, қажылыққа барып келумен өлшедік те тектілігіміздің бір сапасы «намазхан» болып кез-келген  ақылы толмаған жас бала құранды жаттап намаз оқып текті болып шыға келді. Ал енді білімді меңгерген көп оқып соның нәтижесінде белгілі бір дәреже-атақты иемденіп, халыққа ақыл айтуға тұрып алса болғаны бұндай пенделердің де қандай амалына қарамай текті де аталуға құқы болып шыға келгені де сөзсіз.Сонымен тектіліктің бір саласы акедемик, ғалым, жазушы, ақын, тілші, әкім т.б. әйтеуір елге билік қылуға, ақыл айтуға шамасы жеткендердің бәрін текті деп атай бастады. Енді бұған бұрынғы ескі салтымыздан қалған қожа, төре руынан шықса болғаны, мейлі ол алқаш болып көшеге сыймай жүрсе де текті деп аталуға лайық та болғаны сөзсіз. Ал дін тұрғысында арап ұлтынан болса текті болу керек еді. Осындай жағдайда көптеген қазақтың ұлтшыл аталған, бірақ шынында жынын, кекшіл мінезін ауыздықтай алмай жүрген білімді азаматтары мен азаматшалары қазақтың тектілігі қазақ тілімен байланысты деп ұрандатып, «Тегіңді қазақшала, орыстан іргені аулақ салу керек, таңбаны да өзгертіп басқа жазу үлгісіне көшіп орыстан бөлек өмір сүрсек тегіміз тазарады» деп түсіндіру науқаны болып, бұған келісіп енді әулиенің есімі де қыз, қатынның атымен бірге жүріп, латын харпін дәріптеу әлі кезге дейін жалғасып жатқаны да сөзсіз. Сонда адамзаттың тегі Адам атамызбен бірге жерге түскен ібілістің екі жартысы жын мен шайтан болса оны қазақшалап әкеңнің есімін ат қылып алып;  мынау  өз атым, мынау әкемнің аты- жыным, шайтаным,- деп атағаннан не пайда?  Негізінен ел билеуші мемлекеттің шаруасын ғана меңгеріп қоймай, рухани тұрғыда ұлтымыздың да халқымыздың да діл бақшасының даму үдерісін бақылап болжаумен, рухани азып-тозбаудың ұлттың болашағына рухани жобаны да жасау өркениетінің саясатымен айналысуы керек еді. Бағзы замандарда елдің шаруашылық, қорғаныс саласымен төрелер айналысып, ал рухани өркениетті сақтау жағын қожалар басқарып, олардан пір сайлап, хандықпен қоса сұлтандық қызметтің ел басқару ісінде маңызы да үлкен болған еді. Ендігі біздің жалпы ел билеу саясатымыз европа елінің көшірмесі және кеңестік дәуірдің жалғасы болғандықтан, біздердің негізгі рухани салтымыз ұмыт қалғанын былай қойғанда, керісінше бар құндылықтың өзін мүлде тұншықтырып, азғындауға жол және дем беріп заңмен бекітіп те қойғанбыз. Мұндай жағдайда өздерін талантты, дарынды санаған зиялы қауымның өкілдері болған философ, психолог, теолог , жазушы, ақын атты қоғам өкілдері ел билеушілерді сынап, бағыт-бағдар ұсынып отыру керек еді. Ал мұндай зиялы қауым өкілдерінің берген ұсынған жол-жобасын қабылдамаған жағдайында ғана бұқара халық арасынан шыққан ұлтшылдар, ұлтжандылар демеу беріп, ел билікті ауыстыруға дейін мәселені халық алдына қою керек еді. Бірақ біздердің елімізде де жалпы әлемдік саясатта да бұл жағдайлардың мүлде керісінше сипатта болуымен, біздің болашағымызда тектілікті сақтау өркениеттілік саясатымыз да тек дүниемен байлықпен, қандай жағдайда да ел билігіне араласып  текті аталумен ғана өлшеніп, мұндай жағдайда құдайдың заманға қарай беріліген дәуірлік, тағдырлық себептеріне де қарсылық білдіріп, құдайдың еркін мүлде еске де алмаудан, жеке адамдарды былай қойғанда қоғамның замандық тағдырлық хал-ахуалын болжаумен байланысты жол-жобаны ұмытқан, бүкіл әлемдік рухани дағдарыстың қазақ атты тегін сақтаудың жетік үлгісін қалыптастыра білген даналарымыздың, әулилеріміздің еңбегін түсінуден қалып, рухани ұйқыдан оянбай жатқан халық екенімізді де аңғарудан қалдық. Себебі философия мектебінің өкілдері жалғандыққа адасуға түсіп білімді ақылдан төмен қойып, ақыл туралы да білімді халыққа түсіндіріп жол көрсетпек түгіл өздері де меңгере алмай, керісінше тажалдық білімді дәріптеушілер қатарына қосылып алғаны да хақ.  Бұл пәтуамыздың нақтылығына қазіргі таңдағы баспасөз, сайт беттерінде жүріп жатқан сұқбатты ақыл арқылы ғылыммен жүйелеп көрген әрбір есті адамға айқын болары да сөзсіз. Осы тұрғыда Құдайдың да қияметтік жағдайға үкімі түсіп, тылсымнан түрлі хикметті белгілері мен ата жолы атты қазақ дәстүрінде әулиелердің, даналардың аруақтары өз ұрпақтарымен байланысқа түсіп уахи, аяндар мен өздерінің меңгерген даналық кітаптарынан, құраннан үлес, мирасынан рух, жан ғылымы оқылып түсіндіріле басталғанына 15 жылдан да асып кеткені де хақ. Бірақ мұның қазақ дәстүрінде мыңдаған жылдан бері қалыптасқан құлшылық ісін мойындауды былай қойғанда, құраннан аяттарымен ашық пәтуа дәлелдері берілсе де, мұндай аят үкім жоқ, сондықтан дәлелсіз Аллаға серік қосу деп алдаған надан діншілердің пәтуасына еліткен зиялы қауым мен ел билеушілердің өздерінің беделін, абыройын сақтау барысында тексіздікке негізделіп қалғанын және мұндай бағасы жоқ рухани құндылықты дүниемен өлшеуден де жүректері жабылып кереңге айналып, енді мұндай кемшіліктерін жасыру үшін түрлі жалғандыққа барып, халықты мүлде дәстүрінен бейтарапқа тек шет елдердің салтына, дүние қызығына ғана байлап қоюға ақпараттық жүйенің көмегімен тәрбилеуден бас тартар да емес.  Ар ұяты бар адам баласының қазақ қоғамында өз ойын, пікірін білдірмек түгіл құқығын, дінін, еркіндігін қорғайтын заң ата заңымызда мүлде қаралмаған. Мұндай әрекеттерді секталық, экстремистік пиғыл деп керісінше өзіңді соттап жіберуі де ғажап емес. Ондай жағдай болып түрмеде осындай еркін, арын қорғаған пиғылдары үшін жаза тартып жатқандар да дәлел бола алады.

Бірақ Құдайдың жамандық арқылы да өз дінін жарыққа шығаруға құдіретті екені де белгі болып, бұқара халық арасына  ата жолының білімі оқылып, онан біздер сияқты бұқара халық өкілдеріне философ акедемиктердің де ойына келмеген құпия ақпараттардың көрсетіліп түсіндірулерімен кітаптар болып жазылып тектің, жанның, иманның, ақылдың білімдерін халыққа ашып көрсетуге де мүмкіндікке де соңғы екі жылдың барысында ғана қол жеткіздік. Сонымен мұндай жағдайда өзін-өзі тексіздікке негіздеп; «менен асқан әулие, ғұлама, ел билеуші білімді болуы мүмкін емес»,- деген пайымдаудан ақылын ібілістің еркіне, қақпанына салып қойған зиялы, ел билеуші қауымның болашақта қандай мазаққа ұшырап, халқымыздың әл-ауқатын, шаруашылық байлығын арттырудағы жинаған абыройларын төгіп жатқанын да сезер емес. Неге десеңіз ТЕКТІЛІК деген ұғымның да 8 түрлі қарсылықтан пайда болатын қуаттарды меңгерумен және негізгі қарсылық — ібілісті күресіп жеңетін ақылдан пайда болып  таза ақылға жалғанумен үлес алумен ғана пайымдалатынын мүлде ескеруден қалып, білімді — ақыл, ілімді — дін деп ұғынудың қателігінен деп түсіну керек. Сондықтан білімді қауымға ілімнің, ал дінші қауымға білімнің тектілігін меңгеру маңызды болмай қалды. Қазақ халқында ақылдың маңызы, қуаты мүлде жоғалды деуден аулақпыз, бірақ негізгі ақпарат саласында, дін тарату саласында ойдың маңыздылығы мүлде жоғалғаны да сөзсіз. Ал қандай білімді, ілімді ақылды болғанмен ой қуатының маңызы жоқ жерде тектіліктің болуы да, қалыптасуы да мүлде қисынсыз. Және ақыл да  тазалықсыз, таза дінсіз өз еркін, еріктілігін, тектілігін қалыптастыра алмай, бірде таза ойды аңғарумен, басқа жағдайда ой жоруға ілесіп кетіп екіжүзділікке де қызмет қылады. Ал мұндай жағдайдың діннің адасуына, ақылға теріс ұғымдардың қалыптасуына себепші негізінен атау сөздердің мағынасын астыртын ауыстырып, тіл мен ойдың арасына жік салудан пайда болады. Мұны тажалдық деп атаған пайғамбарымыз. Енді діндегі, философиялық даналықтың нақылдарда кездесетін атауларды қазақ  тіліндегі жұбы, пары, ойлық мағынасы болатын сөздерді ұмыттыру үшін; «Барлық қазақтағы дін, рухани ұғымдағы сөздер арап пен парсыдан келген» деген пайымдауды ұйымдастырып отырған да қазақтың текті, ұлтжанды деп аталған зиялы қауымның тажалдық-тексіздік әрекетінен пайда болғаны да хақ. Мұндай жағдайда; «Өздерінің тыныштығы бұзылды деп сенімсіздер шағымданбай-ақ қойсын. Олар жақсы сөздердің мағынасын астыртын алмастырып, ойсыздыққа ұрынады. Онан жаман не болу керек?» деген даналардың пәтуасы ашып көрсетіп тұр.

Олай болса қандайда бір шығармашылықтың, ой толғауларының еркін ақылға ғана жүгінгенде ғана өмірдің мәнін жырлай алатыны да сөзсіз. Ал  білімге, заманға қарай пайда болған дүниенің қызметіне рахат, ләззатына бейімделіп қызметке тұрған ақылда ерік болмайды. Мұндай қызметші ақылды шайтан оңай жаулап алып, дем алдырмай үнемі ақылға қайшы қызметке жұмыс істетіп қояды. «Өмір таусылады, үлгіріп қал» деп қорқытып асықтырып уақытын да ұрлап алады. Мұндай жағдайда білімді адамдардың басым бөлігі өз жазбаларын, дәреже-атақтарын, кітаптарын арқалап жүреді де өзін, ақылын жоғалтып алғанын білмейді. Біліммен, өз жазғанымен ғана ақылы шектеліп басы аяғына келіп, ненің қайдан шыққанын түсіне алмайтын жағдайға жетеді. Сондықтан ондай адамдардар өз ойынан шыққан сөзі болмайды, өзгенің ойына, мемлекет заңына сүйеніп қана тіршілік етеді. Демек өмірінің мәні де жоқ, әрбір халыққа ақыл айтушы адам баласы өзін-өзі танып шектелуден шексіздікке, еркіндікке шыға алмаса, онда ол өзі де адасқанмен тұрмай халықты да адастыратыны, қазақ халқына келген бұл қасіреттің де айналып өтпегені де хақ.

Ал енді өздерінің аттарын әкесінің атына тіркеп алып; «Тегіңді қазақшалап мендей текті бол» деп үлгі көрсетушілердің діннен де, құдайдың беріп жатқан аянынан да хабары, мәліметі  жоқтар екені де хақ. Сондықтан бұлар құдайдың еркін, парызын орындаудан бас тартып бүгінгі заман қоғамының ырқына бейімделуді еркіндік деп санайтындар және осы тұрғыда ұлттық дәстүрінің негізіндегі ар, ұят өлшемдерін, борышын ұмытқандар тек өзін ғана аяйтындар болып табылады. Ал тек өзін аяп, жүрегінің қалауы деп  нәпсілік ләззаттың ырқымен өмір сүретіндер қатігез, толқығыш, аяр, тұйық, топас әрі ақымақ болып келеді. Мұндай ақымақтардың артынан да еретін өз тобырлары болып, оның көбі жастардан және европалық салтты ұстанушылардан тұратынынан да көп нәрсенің белгілі екені де даусыз. Сондықтан тарихтан білімді меңгеріп, бағзы заман оқиғаларында өткен нәсілдерді құдайдың еркінсіз дәл сондай қылықтарын қайталайды деп халыққа үрей туғызып, ескі кектерді жаңғыртып кек алуға шақырып жүргендерді дінсіздік және ата дәстүріне қарсы шыққан ақымақтар деп қана ұғынуға болады. Себебі, ешқандай ұлттың ел билеушілері болсын, мейлі қандай да беделді даналары болсын ұлттың тағдырын Құдайдың қалауынсыз өзгерте алмайды да және бағзы заман оқиғаларына қайта оралта да алмайды. Себебі ақылдың қуатының әр заманның тағдырының өз шамасы, қарсылығы, даму заңдылық өзгешелігі де болмақ.  Адамзаттың адамдығы да ақыл, ғылым деген нәрселермен ғана өлшенеді. Ғылымға байланысты ақылдық жағдайдың шамасына қарай ұлттың, біртұтас халықтың тағдыры да құдайдан жазылып өзгертіліп отырады. Сондықтан біздің тегіміз, жеке тектілігіміздің жағдайы заманға қарай жетілген ғылымды, ілімді, дін құндылықтарын меңгере білуге ғана тәуелді болатыны да сөзсіз. Және орыстан таңбамен немесе басқалай әрекеттермен бөлек боламыз дегендер жалпы нәсілдік тектік, рухани білімнен мүлде жұрдай болғандар. Себебі адамның тәніндегі 100  бұлшық етке 200 нәсілдік ұлттық ақпараттың зейнеттелуі міндеті болмақ. Мұның ішінде орыс қана емес әлемнің барлық 200 түрлі ұлттық белгісінен ақпаратпен 4 нәсілдік негізгі белгімен 25 белгіден тұратын 4 қандық топпен дәрежеленетін ғылымдық сыры бар. Керісінше біз орыс халқы арқылы бүкіл европаға славян ұлтына жалғана аламыз. Орыс халқы және қытай халқы біздер үшін әлемнің бар ұлтымен жалғануға тиімді көпір екені де болшақта ғылыми тұрғыда дәлелденуі де сөзсіз. Сонымен мұндай ұлттық ортақ рухани отандық қуатымыздан ғана әрбір  жеке адамның тегінің заманға қарай қайта қалыптасуымен бірге қауымдық ақылдың, қоғамдық рухани жағдайдың да ахуалы пайда болады.  Қандай заманда дәуірде өмір сүргенмен де негізінен ата-бабадан, құдай еркінен қасиет болып жанмен бірге берілетін тегімізден яғни ақыл, ғылым, өзін-өзі тани білетін мінез қасиеті мен тән саулығынан пайда болады. Тәні саудың ақылы сау, ал ақылы саудың ғана жаны сау болмақ. Ақыл саулығының маңызын шайтанға ұрлатып алып енді тән саулықтан әуелі ақыл саулығы-денсаулықты емес жан саулықты тікелей пайда болады деп ұғынамыз. Тән саулығы мен деннің саулығын бір ұғымға айналдырып алдық.  Олай болса бұл да ақыл қуатының әлсіреуіне, ойдың жоғалуына себепші болмақ. Сондықтан да қандайда бір сөз ұғымының жоғалуынан ақылын қалыптастыратын амалы да жоғалып, надандыққа түсуге бірден-бір жол осындай ақылды сөзді түсінбеушілікті тудырудан пайда болмақ.  Сонымен денсаулық сақтау саласында да ақылдың-ден саулықтық рухани көрінісі, яғни адамзат байлығының бірінші саласы маңызын жоғалтып алып, оның орнына ұятсыздық, еркіндік, гендерлік теңдік, арсыздық деген салттың мәдениеттілік ұғымына айналуына жол беріп қойғанбыз.

Ауру адам қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады. Қазақ елінің қазіргі таңдағы барлық рухани жағдайының, түрлі қайғы-қасіреті мен әлемдік дағдарыстың барлық белгілеріне де душар қылуға себепші болушы ел билігінің адасуына қазақ халқына келген құдайлық үкімдер мен діл бақшасының өркениетіне қарсы заңдардың шығуына да себепші болған сөз бағының шопандарының денсаулығының яғни ақыл саулығының ауруынан, иман қуаттарының жетіле алмауынан  деп қана түсінген жөн. Ақылдың бүтіндігін қалыптастырудың негізі; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылдың қасіреті де қазақ елінде толық іске асып жатқаны, ал мұны іске асыруға масһабшы діншілер қауымы мен зиялы аталған қауымның жан таласып ақпарат жүзінде сөз ұғымдарын өзгертумен айналысып жатқандары да дәлел бола алады. Бұл жерде атау сөздер мен сөздің, нәрселердің қасиетін айқындатын аттары туындайтынын, әрбір атау сөзден көптеген іс-қимылдар, әрекеттерді белгілейтін сөз ұғымдарының пайда болатынын білген де жөн. Құранның әлем сөздерінің барлық ұғымдарын қамтып, атау сөздер түрінде баяндалғандықтан талай мың жылға құпиясы ашылмайтын сөздердің де болып, мұны араптың  тілінде тек үндік жүйеде ғана сақтаушы екенін де, ал аударма түрінде өзге ұлттардың үндерінің заманаға қарай өзгерумен ғана барлық әлемнің сөздерінің құпиясы ашылатынын да  мойындайтын уақыт асып та кетті. Мысалға қазақ үнінде осыдан 200-300 жыл бұрын қазіргі  замандағыдай үндік дәреже болған емес. Демек сол кездегі қазақ үнімен аударылған құранмен бүгінгі таңдағы ғалымдықпен зерттеумен аударылған құран аудармасымен түсінгі әлдеқайда өзгеше, демек кең ұғымдарымен  көптеген аяттардың мәні ашылып насихаты белгілі болғаны да сөзсіз. Олай болса мың жыл өткен масһаб білім де де қаншама өзгерістер қателер мен түзетулерді қажет етуі де хақ. Онан кейінгі замандағы даналардың, ғалымдардың еңбектерін, сопылардың құлшылық үлгілерін алып тастап тек осы білім ғана тура жол деген де надандарға, ақымақтарға болмаса дені сау есті адамның ақылымен қабылданбайды.  Ал енді қазіргі таңдағы қандайда бір қазақ тіліндегі дін уағыздарын алсаңыз, қазақша айқын осы заманға дейін пайдаланылған сөздердің бәрін қайтадан ескі түп негіздегі арап атауларына ауыстырумен имамдар, қатардағы діншілер түгіл теологтардың өздері де айналысып жатқасын ақылдан не сұрау бар?  Енді бұл пәтуларымызға нақты мысалдар келтіре кетейік. Діншілердің пайланатын иқтифат, кәпәрәт, тәуәсіл жасау, инсан қылу, ақида, истиқфар, исуа жасау, имсақ, ифтар, ислам ахлақы, фидийа, ихтифкат жасау т.б. қазақ тіліне жаны ашитын адам баласының түсініп оқуы мүмкін емес жағдайды қалыптастыруға ат салысып жүрген ғалымдар мен теолог философтарды ақылды, дені сау  деп атауға бола ма? Ал бұған нанбасаңыз Аңыз адам атты жорналдың  шілде айындағы №13 санында Арыстан баба, Ясауи бабалардың еңбегін талқылаған болып, бірақ құр ой жорумен қазақтың өзіндегі тарихи құндылықтарды мүлде қабылдамай  ең сорақсы жорналдың соңында Оралхан Сейдманов атты  Алматы орталық мешітінің найб имамы, Нұр-Мүбәрак Ислам университетінің оқытушысының; «Әйгілі адамға табыну, сыйыну дұрыс емес.» деп қазақтың дәстүрінің адасқандығын, олай болса Ясауи баба сани дәптерінің қателігін, Абай-Шәкәрім аталарымыздың мұндай дәстүрді дәріптегеннен ақылы кем  ақымақтығын осы бір ғана сөзбен түсіндіріп кеткен десек жалған емес. Бұл мақаланың ішіндегі надандық пайымдауларды дәлелдесек бір кітап жазуға болады. Бірақ «ӘЙГІЛІ АДАМҒА ТАБЫНУ» дұрыс емес болса, онда біз үшін құрмет тұтуға лайық ең әйгілі адамымыз Мұхаммед пайғамбарымыз. Олай болса «Лә иллаһа илла Алла Мұхаммадур расулла» деп біз пайғамбарымызға табынып, Аллаға сыйынады екенбіз. Олай болса Мұхаммед пайғамбарымздың аруағына, ақылына табынатын болсақ оны сүннет деп ғашық болып міндетті деп қабылдасақ, даналарымызға, Ясауидай бабамызға, Абайымызға, Шәкәрімімізге ақылдарына неге Аллаға сыйыну арқылы құранмен пайғамбарымызды куә етіп  табынуға болмайды? Ал бұл ғалымымыз Алланың бұл үкімін, жалпы исламның  қазақтың дәстүрінің негізделген шартын дұрыс емес дейді. Және осындай мақаланың насихатын Жарылғап Қалыбайдан бастап Досай Кенжетай бастаған барлық ғалымдардың осы жорналдың тұжырымына келісіп, өздерінің жансыз ақылдарын қосып отырғанынан-ақ  қазақ еліндегі рухани экстремизммен кімдердің ашық айналысып халықтың ақылын ұрлап, адам аулайтын аюларға айналғанын білуге болады. Бұл жерде Абай атамыздың философиялық «Ала қойлар» деген мысал өлеңі біздің ел билігіміз бен зиялы қауымның бүгінгі таңдағы жүргізіп отырған саясатын ашық анықтап беретіні де хақ. Сонымен бірге; «Тегіңді қазақшала, латын харпіне ауысыу керек, жас балаларға 3 тілді зорлап үйрету» деген текті аздыруға ғана бағытталған ел биліктің саясатын тағы қосып қойыңыз. Әрине бұған да ғылымнан нақты дәлел керек, бірақ қазір ол дәлелді жазғанмен ақыл қуаты жетіп қабылдай алуға шамасы келетін ел билеуші мен ғалымдар бар ма арамызда? Бар десеңіздер менің «Құлшылықтар философиясы» атты жазбадағы ақыл және алдағы уақытта жазылатын жан ғылымын талқылап санасына алып көрсін. Жүрегі қозғалар ма әлде қайдам-ау; «Жүз қараға (тазармаған етіне) екі жүз кісі (ақпарат нәсілдік белгілер) сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (Абай ата)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *