Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 81

Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап, шатасың.

Дозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Адалдың адал рызқын жесең де,

Арамды әдейі іздеп табасың.

Сыртыңды сылайсың өң беріп,

Ішіңнің түземейсің хатасын.

Айла мен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Арланбай арыңды да сатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсың қара тастай қатасың.

(Шәкәрім әулие)

***   ***

Өлімді ел билік бүгін жек көрген-ді

Тәңірсіп дінсіз заңды құп көрген-ді.

Тектімін деп көп жүр мақтанып,

Ғылым жоқ мың өліп, мың тірілгенді.

Ғылымды қазақ өлілермен тілдесетін,

Алла досы әулие аруағымен жүздесетін.

Өлі риза болмай, тірі бай болмайды деп,

Аманатын ата-баба ақтауға күресетін.

Ақиреттен білімі жоқ наданданған,

Тегіне қазақ білімділер жалғанбаған.

Намаз оқып, күнәсінен ақтала алмай,

Сыртын бояп бес парызың бос мақтанған.

Бір ақылсыз, жетесіздік қоғам құрған,

Санасыз, бас тазартпай жынды болған.

Ессіз еркек, мыстан кемпір үлкендерің,

Бүгінгі салтың арттағыға үлгің салған.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *