Ажалсыз әскер  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 55

Патшалар сансыз шығын қылады,

Дайындап соғыс үшін ғаскерін.

Аямай бірін-бірі қырады,

Ел алар оққа байлап жастарын.

Тұрақсыз шыр айналған дүние,

Жұтады бәрінің де бастарын.

Ел түгіл жерлеріне кім ие,

Айтпасаң моласының тастарын…

Шын патша мен емес не уайымсыз,

Ғаскерім-өлеңім мен сөздерім.

Олардың патшалығы дайынсыз,

Көреді баянсызын көздерің.

Ойласаңыз, біздің ғаскер өле ме,

Қағазға бір басылып қалған соң.

Бұл мықты әскер емей немене,

Жайылып талай орын алған соң.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Ұлықтаған әулиелер аруағын,

Тектілігі қазақтың болатын.

Құдайдың құдірет қолы боп,

Көркем сөз кісілікке жалғанатын.

Саналы біледі аятын құранның,

Көркем сөз көкке шығар пырағың.

Даналардың қалдырған ғибратын,

Ой мен тілдің арасын қосатын.

Кәпір ел қабірдегілерді тастаған-ды,

Сөз әскерін өз  ұлтының аруақтарды.

Әскерімен ібілістің бауралғасын,

Талай ел соғыстың өртіне оранған-ды.

(Б.Т.К)

***   ****

Қарумен қанша қатты ұрысса да,

Сөзіме жанның әлі келмейді.

Бұл дүние шыр айналып тұрса да,

Ғаскерім қартаймайды, өлмейді.

Білесіз, бұл сөзіме өлім жоқ,

Тағы да жүрген жерін қырмайды.

Дүниенің рахатына сенім жоқ,

Ешбірі баянды боп тұрмайды.

Алмаймын патшалықты берсең де,

Қайтейін, өлім тартып алады.

Мен-дағы, ажал жетіп, өлсем де,

Ғаскерім ақ қағазда қалады.

Оқиды кейінгілер сөзімді,

Бірі ұнап, бірі сынап күледі.

Өзімнің көрмесе де көзімді,

Зарланып өткенімді біледі.

(Шәкәрім әулие)

***   ***

Өлмейтін сөз қалдырған бабалар,

Аманат, уәдемен ел жалғанар.

Тіл мен діл ананың ақ сүтін,

Ақтайды бір есті, арлы зиялылар.

Қазақтың дәстүрі тура жол еді,

Ясауи бабадан ақыл дәптері

Яссы, Мұхаммед, Інжіл боп,

Ғылымын әлемнің бірлеген-ді.

Абай-Шәкәрім насихат сөздері,

Сөз ғылымы қазақтың бұл тірегі.

Жалғайтын ойыңды сәни дәптерге,

Өлмейтін қазақтың дайын әскері.

Өлмейтін бар әскердің кие көздері,

Әулие боп басқармақ мұны өздері.

Алланың серті құлына мирас қылған,

Халифалық  патшалық ісі жердегі.

Надан дінші, зұлым ғалым елді бұзған,

Қазақтың тура жолын кейін бұрған.

Қатындай иірген жібін тарқататын,

Ел билеуші, зиялы болды тажалдардан.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *