Төртеу мен алтының бірлігі, діл қызметшісінің кісілігі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 204

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

  

       Діл бақшасының күзетшілерін; «ар-ұят», «ар-ұждан», «ар-намыс», «ар-ман» деп атайды. Осы төртеуін түгелдей білген жағдайда; «Төртеу түгел болса төбеден жүрекке енер зейнет» деген аталарымыз. «Осы төртеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржолата сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды нәрселер, әдеттер бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, күншілдік, мақтан. Бұлардан ұшы қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылу айласын іздеу керек. Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.»«Шәкәрім ата). Жаратылыста негізінен 3 түр-рең яғни бояу түсінен басталып 8 түрмен негізгі бояу түрлері пайда болады. Енді аруақ ұғымы негізі қызылмен байланысты болып; 5 түр, жеті жолмен жалғанған, жеті үнмен байланысты болып, бұл 7 адамгершілік парасаттылық негізді, «зайырлықты» қалыптастыратын себептерін, «қолдауды» Шәкәрім атамыз: «Шошыма достым сөзімнен Сөз-құдайдан шыққан бу Ұқпасаң көр өзіңнен жұтқызайын нұрлы су…Өлсең сөзбен тұрғызам, Еріксіз мойын бұрғызам. Айтқанымды қылғызам, Жүрегіңе төгіп у…Қасиетті баламын, Жаныңды билеп аламын. Денеңді отқа саламын, Жалыны шықсын гу де гу. Байлаймын да көзіңді, Патса қылам өзіңді, Ұғып отыр сөзімді, Ел билетем жеті ру. «Мейірім», «Ынсап», «Әділет», «Шыдам», «Шыншыл», «Харекет» Түп қазығы: «Ақ ниет»-Бұл жетеуін ел қылу. Ешкімге зиян тигізбей, Кәріптің көңілін күйгізбей, Сайтанға беттен сүйгізбей, Жүрегіңді нұрмен жу. Мақтанды алма ойыңа Кек сақтама бойыңа. Ойнаса у да шу. Егер мұны қылмасаң, Айтқаныма тұрмасаң, Өз нәпсіңді бұлдасаң, Саған арам сөз ұғу. Мақтанып оттай саулама, Жақынды жаттай жаулама. Өлсең де адам аулама, Аң жейтұғын болма аю. Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас үйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!».

          Ясауи бабамыздың; «Кісілігіне немесе әулиелігі, тақуалығына қарап сөзін алма, сөзінің ғылымының маңызына қарап қана кісілігіне табын» деген өсиетін осылай кеңітіп ашып көрсеткен. Ал кісілігін айқындайтын қуаттың белгісін;«Адам басқа мақұлықтардан айрықша қасиетімен ерекшеленеді. Өйткені оның ағза мүшелерінің көмегімен іске қосылатын күштер пайда болатын жан дүниесі бар, сондай-ақ онда ағза мүшелерінің көмегінсіз-ақ қарекет ете алатын алапат күштер бар, бұл күш оның санасы болып табылады.»(Әл-Фараби) Ғылымдыларымыздың да дін ғалымдарымыздың да жалпы әлем болып халықтың сана-сезімін, ұлттық санасын қалыптастырамын деп талай ізденістермен түрлі пайымдаулармен және менікі дұрыс деген психолог, теолог мамандарының таба алмай жүрген құпиясын бір-ақ нақылмен көрсетіп кетіпті. Бұл жағдайдың сана күшінің қалай пайда болуын аталарымыз: «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деген мақалдың негізі мына құран аятына байланысты айтылған: «Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар.» (29-21) деген 21-санды сана қуатының аспан денелерімен байланысты және жеті желдің, жолдың  7+7+7 үш түрлі байлықтың, 3 түрлі аруақтық қуаттардың бірлігінен пайда болатын өрістік сипаттарын меңгеріп, жанның сүннеттелуін қалыптастыратын «Ар» және «Ман» қуатты меңгеруді ескерткен. Ал, Алланың қалауы; «Ғанкәбүт» сүресін және жұбы 92-сүрені пайғамбар намазының 21 санмен байланыстылығын ескертіп тұр. Бұл біздің масһаб имамдарының намаз оқумен «намазхан» боласыңдар деген, дауыс, үннің кемелденуімен ақыл толу үшін 5-тің 8 сатысын меңгеріп, 40-қа келмей және онан кейін 9 жыл «Мұсыл»-Тәубе өз елінде умра қажылығын өтемей, бірден Меккеге барып, Адам атамызға, Ыбырайым пайғамбарымызға от негізіне жалғанумен қажы болып, солға бұрылып бірленумен, көлеңкенің ұзарып ақиретке өтуімен пайғамбар үмметі, сахабаларға, шейіт, шаһиттерге, әулие-әмбилер қатарына «қосылдым» деумен тең. Көлеңкелердің жеткілікті ұзаруымен солға қарай бұрылып, бір-біріне жалғануымен, жоғарыдағы аяттағы; «Екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар» деген ескертумен ойдағы, сөздегі жындылықтың, жастықтың мастық қылықтарынан толық арылумен, рухани өліп қайта тазарумен ғана төртке айналуын көрсетеді. Және бастапқы негіз «екіні», иманның шыңы, адамзатқа берілетін екі нығметпен және бірге, Раббысынан айналуға көрсетілген құлшылықтың жалғану белгісін білдіреді. Сондықтан әуелгі алтауға айналып, ішкі 5 күнге жалғанып, 6+5=11 санды «Құт-аб» тың пайда болуымен; «Әркімнің алда-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы періштелері бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11).

         Бұл 11-санның құранның ішкі сағатын, ғылымын алып, құран сүрелерін көлденеңінен 11 кезеңдік белгісін және діл білімін, әйел, еркек қандарындағы періштелердің жарыққа, қауымға, бойға айналуын  көрсетіп, Алланың өзі — нұры дегеніміз осы жағдайлардан туындайды. Ал бұл сүре елшіліктің белгісі кітаптарды, сөз ғылымын, қасиеттерді меңгеру істерімен еркекке тән сипат болып, бұл аят әйел, еркек жанының бірлігі де болып саналады. Сондықтан бұндай жағдайға жету үшін ана сүтімен келетін қасиеттермен неке арқылы әйел затынан жыныс, бой, ар тазалығынан пайда болып және еркек шауқатын тазалап, қан арқылы өңдеп, қан суы  діл біліміне яғни көңіл суына қосып, шарапқа айналдырып күйеуіне қайта сыйлайтын «імүндік» тұз қуатына (винный уксус-шарап) тәуелді болып келеді. Сондықтан аталарымыз «Тұз ауыр ма, қыз ауыр ма?» деп астарлаған. Мінезі салмақты, ар-ұятты, тәрбиелі қыздың да тұзы ауыр, салмақты яғни еркекке берер сыйы; жыныс қуаты, көңіл суы қасиетті, таза және өмірге қасиетті, текті ұрпақ әкелуге қабілеті  қалыпты болады. Және етегі толық қалыптасқан аяғы таза әйел затының да екі аяқ арасындағы нұры, киіз қазығы яғни сәукелесі-үйі де таза болып, ондай таза үйден азықтанған еркектің де күйі болады. Ал жалаңаш, жеңілтек, арсыз қыз, қазіргі таңдағы көшенің және сұқ көздердің сәніне айналған; «сексуальды»-күйшіл, ойнасшыл, көрінгенің көзін өзіне қаратып күйлеткіш қатындардың; «Тұзы сор» болып, ондай некеден еркектің «Еңбегі (шауқаты-бой қуаты)-еш, әйелден алған көңіл су, яғни тұзы сор» болып, ондай жұптардың жоғарыдағы сандық қуаттарды періштелік нығметке жетіп бақытты болуы екі талай. Және бұндай жағдайда ондай еркектің мойыны жіңішкеріп, әйел мінезді, еліктегіш сияқты жіңішке әсіре қызыл, есту қабілеті де нашар, қатын сияқты көріп ойланатын болғандықтан аталарымыз; «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп астарлап мақалдаған.

       Енді әйел, еркек некесі арқылы бір қауым періштелер пайда болып, пайғамбарымызғы неге көп әйел алуға мәжбүрленгенінен осы астарлы ғылымның діл бақшасының негізі мен тағдырға жазылған 4 сөзден туындайтын 4 кісілік нұрды меңгерумен мұсылманға 4 әйелге дейін алуға ұлықсат берудің негізі парасаттылық қуатты 7=аруақтық күрделі жан-қан қуатымен және рухани негіз 4 кісілік нұрды, періштелік қуатты меңгерумен байланысты. Сондықтан қазақ ата-аналарымыздың да әмеңгерлік және құда түсу арқылы да атқарылған, жесір және тоқал алу сияқты әдет-ғұрпымыздың негізі жан ғылымына байланысты, тағдырдан бұрынғы жеті атамыздан келе жатқан қауымға келген тағдыр сынағын жеңілдетіп, қан араластырып тектілікті сақтау жолында әйел халқының жанының азбауын, өсіп-өнімін тазаруын тұрақты сақтап және әйел қанына байланысты ұрпақтарымыздың басына жүз жыл айналып түрлі аурулар, рухани кемістік, мүгедіктік жағдайлардың қайталанып, нәсілдік сынақтар болып қайта келетін және елдің басына жалпы қайталанатын нәсілдік, қылықтық заман сынақтарын жеңілдету мақсатында қорғаушы періштелерінің санын көбейтіп, көкте қазынасын аруағын жинап, өсіп-өнуге және де ұрпақтарымыздың болашағында мүгедек, соқыр, саңырау сияқты түрлі жаман аурулар мен рухани кемістік жағдайға түспеуіне қосымша мүмкіндік берілудің сыры жатқанын көруге болады.

        Қазіргі таңдағы «Гендер-еркін» т.б. басқалай тәннің сұлулығына мәз болып, еркектен қалмаймын деген, отбасы сынағынан қашып, жесірлікті жеңілдік қылып, дүние тіршілігіне айырбастаған, еркек шауқатынан жанына неке төсегімен қуат ақпарат алып және көңіл суын тазартып еркек етін тазарта білмеген әйел затының 100 жыл өткеннен кейін аруағының тірілуімен керісінше мүгедек, жынды, ауру, несібесі кеміс, бір жыныстылыққа құмарлық аурулармен азғындыққа түсумен тозақтық сатыларынан, дүние азабынан қайта өтуі сөзсіз және хақ. Сондықтан осы періштелердің неке және жан-ұя татулығы арқасында бірленіп, 18 мың ғаламмен байланысқа толық түсуге, «Төртеуді түгелдегендер» үшін аятта: «Әрине жолдастарының жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.» (7-184) (1+8+4=13). Бұл аятпен жоғарыдағы 13 санды қасиеттің негізін де қандай дәрежелік күштер мен періштелік қуаттарға, қасиеттерге байланысты болатынын ескертіп тұр. Негізінен 18 мың ғаламның барлық сипаттарынан белгі алумен, адам баласының 100-мен яғни малдық қуатымен қосылып түрлену арқылы және оң, сол және алды-артқы періштелердің тазалығынан, олардың тұтастай ескертуші болып, иман жолдасқа, серікке айналуын, ондай адам баласының ескертушілер, елшілер қатарынан болып табылатынын, пайғамбарлық қасиеттің негізін ескертеді. Бұл жағдай пайғамбарымыздың 50 сауап намазын көктен алып келген үкімін белгілеген; «Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т)-ның барлық нәрсеге толық күші жетеді.» (2-284) Бұл аятпен соңғы екі «жұлдыз»-15;16 аяттарымен аралықты белгілеп, 4 күнге жалғанып бірақ әрі қарай төрелік пен қожалық, елшілікті меңгеру Алланың қалауына ғана тәуелді екенін көрсетеді. Ал пайғамбарлық қасиеттің елшілік дәрежесін меңгеру үшін аятта: «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды.» (72-26) деген аятпен 6-күзетші періштеге жоғарғы дәрежелі ақпараттың келмейтінін ескерте отыра: «Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды.» (72-27) жын қуатын толық игеріп және ішкі мәні; 27 санды сөз құпиясын, қуатының астарын меңгеруге байланысты іске айналдырумен қолындағы аруағын да толық меңгергендер, ішкі сезімді бірлей білгендер (6+1(5-күн)=7; жеті санымен ғана елшілік дәрежесіне яғни 72+27=99 сипатты Алла Тағаланың көркем есіміне жалғанумен байланысты болады.

          Жоғарыдағы 11 санды «Құт-аб» «Бір» болып есептеледі де бұл адам баласының сыртқы әлеммен тұрақты байланыста тұратын адам баласының жан дүниесінің мүлкі, рухани қазынасына жатады. Енді бұл 1 қуаттың, ақшаның екінші жұбы болу шарт. Ол адам қанындағы 11 жұлдыздың бірлігімен, тағы сырттағы 5 сезім шеріктерінен келетін қуаттарды 6-мен алу арқылы барлығы 5+5=10 күнмен, енді 6+1(11) қосындысымен барлығы тағы дәрежеленумен 17-ге айналып, «Ісра»(ар+іс) төртеу мен алтының бірлігін қалыптастырған; (46=4+6=10) толық аруақтың бейнеленуі  болып шығады. Енді пайғамбарымыздың; «Кімге Алла тағала салиқалы әйел берген болса, діннің жарымына жәрдем етіпті, ал қалған жарымына өзі тәуба етсін.» (838-өсиет)«Әйелдің ерінде қанша ақысы көп болса, ерінің де әйелінде ақысы сонша болады.» (137-өсиет) Әйелдің еркектен алатын жалақысы, парасы ақшасы, сезім қуатын жетілдіруші күн негізді ұрықтық бел қуатының сырын қазіргі білімді заманда онша көп түсіндіруді қажет етпейді де, ал енді әйел затының мақсаты мен мүддесі және жан сырының ерекшелігінен мүлде білімсіз болғандықтан, әйел заты да өздерін маймылдан жаралған сияқты сезінумен, әлем еркектері әйел затынан жалақысын, тұзын қан шарабын алып, жанын тазартуды ұмытқасын ондай әйелдерді жар қылған еркектердің белсіздік және түрлі «ит» ауруымен азып, тозып ақырында жаратқанның мұндай ерекше берген бақыт сыйын күтіп, баптап діл бақшасын,  ұлттық дін тәрбиесін, ар заңын мүлде ұмытумен әйелден ішетін шарап — су орнына, у ішуден жиренген жанның, рухани иман жолдас қауымының да түрлі айуандарға, жәндіктерге айналуымен, нәпсілік құмарлықтың да өзгеріп, бір жынысты қатынасқа хайуанға айналып жатқанымыз сөзсіз.

         Бұл жағдайды толық түсіну үшін енді осы сандарды қалай меңгеруді және қандай хикметтермен байланысты болуын «Ісра» сүресінен сандық мәндерінен үгітін, насихатын алуға болады. Берілген өсиеттің, хадистердің сандық мәндерінде де үлкен сыр жатыр. Бұл жағдайдың кезінде мейлі арап дін ғалымдары болсын сандық мәндерді бостан-бос белгілемегенін, қазіргі дін ғалымдарынан көрі сөз ғылымын әлде қайда артық меңгергенін көрсетеді. 838-санының өзінде Алланың сегіз сипатының әйел ділі арқылы және еркектің құлшылық діні арқылы бір-бірімен некелесетінен яғни 8+3+8 бастапқы 3 қозғалыстың 30 параға айналуымен, барлығының қосындысы 19 санды ортақ белгіні көрсетіп тұр. Бұндай барлық өсиеттермен, киелі кітаптармен сандардың мүлтіксіз бірлігі арқылы жалпы әлем діндерінің, пайғамбар нұсқауларының басын біріктіріп бір ғана өсиетпен белгілеп, төрт дәрежелі сандар арқылы да түсіндіре білген Ясауи бабамыздың 3 түрлі ғылыми негіздегі «Сәни» дәптерлері болып табылады. Сондықтан бұндай сандарды екі, немесе бір дәрежеге қарай түрлендіргенде құран аяттарының ғылымынан ауытқымауы шарт. Ондай күрделі еңбекті түсіну үшін әуелі құранның екі, бір дәрежелік сандар тағлымымен көрсетілген аяттардың қарапайым астарлы үгітін шеше білу керек. Сондықтан да; «Алла есепшілердің ең жүйрігі сақ боларсыңдар!» (6-62) деп ескерткен.

          Мысалы 11 санды «Құт-аб» қасиетті меңгеру үшін аятта: «Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.» (17-11) және (13+11=24) «Ол екеуіне кішпейіл мәрхаммет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхамметіңе бөлей көр!»,-де» (17-24)  Сабырлық, тақуалықты меңгерумен бірге ата-ананың Раббысының мархаметіне бөленіп, жаннатық болмай нәтиже бермейтінін ескертеді. Сондықтан да пайғамбарымыз: «Бір бала ата-анасының хақын өтей алмас. Бірақ оларды құлдықта тауып, сатып алып азат еткенде ғана өтей алады» (Мүслим Әбудауыт, Тырмизи және ибн Мажадан) деп өсиет қалдырған. Бұл құран сырын інжілде ашықтай насихаттағандықтан ислам, масһаб ғалымдарының жүректеріндегі шайтандары қарсылық білдіріп, сондықтан бұл аяттардың үкімін орындаған яғни тозаққа түскен «аруақтың басын-жанын жарыққа шығара көр»,- деп құран оқып, жаратқанға жалбарынып, құрбан шалып, Раббысының үкімін орындап, «Ақ»-ты іздеп, ақтық жауып, зияраттаған  қазақты «серік қосушы» атап, ал өздері Құдай патшалығына кірмек түгіл, жұртты теріс азғырумен  құран үкімдеріне жала жапқан шайтанның жамағаттарына айналып, жолдан тосқан кәпірге айналғанын сезбейді де. Бұндай пенделердің Алланың нұрын ауыздарымен өшіруге тырысқан әрекеттері көзге айналып, бейнеленіп енді болашақ тағдырларында,немесе ұрпақтарында міндетті түрде зұлымдық, қасірет, қайғыға соқтыратын себептерге ел басшылары мен жазушы, ғалымдарды, заңгерлерді де  арандатып, қайғы-қасіретті жан ұяларына, өз бастарына және жалпы елімізге келген түрлі сынақтарға себепші болуына және осымен өз аруақтарына, ата-аналарының кісілеріне, кітаптарына яғни Алланың құдірет қолының қозғалыс себептеріне қарсы шығуымен, кешірілмес күнә жасап, енді солар арқылы жуық арада жазаланып, Құдайдың қарғысына ұшырауына жәрдем бергені хақ. Және әрбір істердің нәтижеленетін мерзімі де болуы хақ!

       Енді бұл 24 санының Алланың тағайындаған нұры күзетші кісісі-кітап болып есептелетінін; «Мұса олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: «Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұхтажбын» деді.» (28—24) Ал енді көлеңкенің, серік періштесі иман жолдастың қиын-қыстау жағдайда қолдай беретін аруақ періштелері екенін; «Ақыры өздеріне көрсетілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі (періште, күзетшісі, иманы) нашар, саны аз екенін біледі.» (72-24) Осы 24-санды нұрдың екінші жұбы 42-санды «Шура» сүресі болып, енді масһаб, «Фиқһ» дін ғалымдарының, қазақтың салт-дәстүрін, намаз орындайтын дінін «серік қосуға» айналдырып, пайғамбар өсиеттері мен сүнеттерін де теріске алып, мазақтайтын заман келетінін, оны сол құран түскен уақытта-ақ шешімін, үкімін алдын-ала белгілеп, тағы да 24-санды аятпен: «Мұхаммед олар сені: «Аллаға өтірік жала қойды» дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарды. Өйткені Ол, жүректеріңдегіні толық біледі.» (42-24) деген үкіммен «Мен сендерге (аруақтарың, қолдарың арқылы) күре тамырларыңнан да (ағаштарыңнан да) жақынмын», діліңдемін деген аятын осылай растайды. Енді біздің дін ғалымдарының мезгілді, қозғалысты туындататын осындай 6 періштеден тұратын «Уақ»-тың әсерімен; 24:6=4-негізгі мезгілге айналып, кісінің сипатын беретінін және оның енді «Ар» қуатымен қосылған жағдайда ғана «Аруақ» деген тәңірлік үш сипатының (Субханалла, Әлхамдулла) нәтижесі; «Алла—уақ—бар» (Алла-Бар—уақ) таспихының негізін жоққа шығарған бүкіл ислам ғалымдары мен имамдар, хазіреттер кім болып шығатынын; «Олар сөзді зерттемей ме?Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) деген аяттың мүміндік белгісіне кімдерді жатқызуға өзіңіз бағасын беріңіз! Барлық қозғалыс негізінің ішкі көктем, жаз, күз, қыс мезгілдік сипаттарын яғни күннің жарығының қаншалықты зейнеттелуін соған байланысты адам өмірінің де осындай мезгілдік уақытынан тұратынын қазақтың бүкіл даналары негізгі үш мезгілді құр жіберме, ал қысың ағарып қартаюмен немесе қайғы, қасірет және өліммен де байланысты екенін насихаттаған. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *