VII-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 100

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

…..Әрбір амалды қылсаңыз ізгілік үшін жасаңыз. Сондықтан ізгілік болсын деп мақсат қойып ниет етесіз. Ниет амалдың парызына есеп болмақ. Пайғамбарымыздың өсиеті бойынша амалдың нәтижесі ниетке байланысты деген. Сонымен ниет етіңіз; дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл намаздарды ниетіңізді дәлелдеу үшін қылып, бірақ жүрекпен қабылданбайтын болса ғибадатыңыз дұрыс бола ма? Сіздің ішкі дүниеңіздің таза болуы әуелі иман болып, бұл сыртқа біліну үшін (бой жарығына айналу үшін) сыртыңызды тазалауға жасаған ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған. (Егер сіздің ішкі тазалығыңыз дұрыс болмай иман жарығыңыз сыртқа шықпаған болса, онда бұл ғибадаттың түкке де пайдасы болмас еді) Сіздің ниеттеніп жасаған ғибадат намазыңыз ішкі дүниеңіздің иманның көлеңкесі, бейнесі болып және сол иманды нұрландырып, көрік беру үшін жасалады деп бұйырған, парыз қылған. (Олай болса құр тілмен иман келтірдім деп иманды ізгілік, игілікті  амалмен жинамай ішіңізді жарық қылмай мұндай ғибадатпен тура жолда жүрміз дегеннің өзі надандық болып табылады.) Сол үшін де ғұламалар иман екеу емес біреу, бірақ (иманды келтіру үшін жанды) ізгілікті тағат, құлшылықпен нұрландырады. Мұндай құлшылық болмаса иман күңгірттенеді. Бәлки иманның сөну де қаупі бар деген. Егер надандар мұндай ғибадаттың ізгілікті құлшылықтарын, ішкі сырын (иман жинау, үш сүюді) ескермей қылса,  құлшылығын қылып жүріп (өзінің ғана қажеті үшін намазын оқып, ораза тұтып жүріп-ақ) иманы сөнер деген.

Менің қаупім бар, олар осы (бес парыз, масһаб) ерекше ғибадат екен, біз осыны (намаз оқып, ораза тұтып, қажылыққа барсақ) мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Бірақ бұл ғибадаттың күзетшісі (сенімді бекіту) ғана. Олай болса күзетші (сенімі, намазы, дәреті) күзеткен нәрсесін ойламай, бір ғана ояу тұрмағын (күндізгі рухтың жағдайын ойлап, түнгі жанның ұйқыдағы жағдайын иманын ойламаса) мақсатты ниет қылса, ол қандай күзет болмақ? (Сенімнен бөлек болған Иманын кім күзетпек?) Күзеткен нәрсесі (иманы, жаны) қайда кетеді? Мақсат күзеткен нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе? Ей ишараттан (Құдайлық аяннан, аят белгілерден) хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттың бір үлкені –намаз. Ол намаздың ниеті дәрет алмақ, сонан соң намазға тұрып оқуды бастамақ. Бұл тағаттың (ниеттің) алды жуынып тазалану еді. Мұны ойдан шығаруға болмайды. Бұл амалдың соңы аяқ тазалығы. Мәсіге масих тартумен аяқталу еді. Ал бұлай болмаса (аяқта мәсі болмағанда) тек ишара ғана болмақ. (Толық тазалық дәрет күзетшісі болмайды) Дәрет алғанда к..іңізді жуасыз, сіздің к…іңіз ешкімге керегі жоқ еді. (өзіңізге ғана ниетіңізді, күзетшіңізді сақтауға  керек амал) Мұнымен сезімді тазалыққа тәрбиелеген кәміл ықыласыңызды көрсетіп, ішімнің тазалығын кейіннен (іштен шыққан нұрыма қарап бағалап) халық білер, сыртымның тазалығын да пәк етемін және көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін, осындай пәктік арқылы ғана Аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз. (олай болса көрінбейтін ағзалар түгіл, көрінетін тәннің мүшелерін яғни жалаң аяқ, жалаңбас, білекті  басқа да беттен, алақаннан басқа тәннің мүшелерін ашып тастап пәк болдым деген надандық қана және мұндай тазалықпен дұғаңыз да қабылданбайтыны да сөзсіз).

    Енді намаздың аты-салауат. Салауат-дұға (айту, жасау) мағынасында айтылған. Аяқта, мойында (баста) болған масих тартулар-ол жуынудың емес, өздері де жуулы, киіммен қорғалған (күзетшісі бар) деп көрсеткен ишара еді. Намазда әуел құлақ қақтыңыз-егер Алла тағаланы жоғарыда деп, мекендеп отыр деп ниеттенсеңіз де, қолыңды биігірек созу да (маған қара, көр дегендей) әдепсіздік болып, күнә дариясына батып кеттім, яғни дүниенің әуресіне салмай қолымнан тарт және осындай жағдайдан құтылуға қылған жәрдемшіге шақырған ишара болып шығады. (намаз оқудан, салауат айтудан бұл амалдар мәнді, зор ерекше болып көрінеді) Онан соң қиямда  тұрып қол байламақ-құл болып қожа алдында тұрмақ-бұқараны басқарушы патша алдында тұрғаннан артық, Алланың қадірлігіне (құдіретті, күшті сипаттарына яғни ӨЗІНЕ) өзіңнің әлсіздігіңе мойынсұнып түсінгеніңнің беріктігін көрсеткен ишаратың. Қыбылаға қарамақ-әрине, құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зияратын (Мекке) парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишаратыңыз. Сонан соң өз мақамыңмен фатиха сүресін оқисың, мұндайда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар. Рүкүғ (тізеге қол қойып еңкею) бас ұрмақ-құдай алдында тағзымға ұқсас, ол да ишарат. Сәжделер (басты маңдайды жерге тигізу)-әуелде жерден жаралғанға (жер ана рухына) ықыласың, екіншісі жерге қайтамын деген ықыласың, бас көтермек және тіріліп сұрау, жауап бермегіңе ықласыңның ишараты болмақ. Намаз бітерердегі соңғы отырысың-дұғаның алдындағы Аллаға сәлемдемесі сосын дұғамен куәлік беру, одан пайғамбарымызға салауат айтып, ең соңғы сәлеммен намазды аяқтайсыз. Яғни Алла тағаладан тілек тілеп дұға жасайсыз. Ол дұғаның қазынасы болған болған күллі мұсылмандарды (әулие-әмбилер мен ата-баба аруақтарын) ортақтастырып, оларға да сәлеметшілік тілеп және рахметін (тозақтан құтқарып, жаннаттан орын беруін)  тілеп бітесіз. Бұл сөзден қандай ғибрат алдық? (38-сөз)

Сонымен Абай атамыздың пайымдауымен намаз оқу дегеннің өзі; «Енді намаздың аты-салауат. Салауат-дұға (айту, жасау) мағынасында айтылған.» Біздердің Алла тағалаға мадақ, сәлем және тілек тілеп, жәрдем сұрауымыздың бәрі салауат намазына жататынын да естен шығармаңыз. Сонымен біздің Ясауи ілімімен сопылық негізде дәстүрге айналған дін ұстанымыздың масһаб білімінен түбегейлі айырмашылығы да бар және шарттары да бөлек екені сөзсіз. Намаз оқып, ораза ұстанып құдай тағалаға жақындықты білдіру үшін алдымен иман жинап ішті ет малды және  қанды тазартып жүректі нұрландыру шартты екен.  Олай болса; «…Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді, Оларға кез-кезімен нәби (пайғамбарлар) келді. Қағида (дін шарттары) шариғаты өзгерсе де, Тағриф (ниет амалы, тазалығы) Алла еш жерде өзгермеді. Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес, Әһлі (қасиетті) кітап бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен Бос сөзбен қастаспай түзу келмес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп тәхих (анық) біл. Ойлан дағы, үшеуін тарқатып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл…Руза, намаз, зекет, хаж-талласыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс…»  Сонымен Абай атамыздың өсиеті бойынша әуелі махаббаттың үш сүю шартын тарқатып меңгеріп жақсы аталмай қандайда ғибадаттың, салауаттың  өз орнына барып нәтижесін беруі де мүмкін емес екен. Олай болса онда осы үш сүю (Алланы тану, адамзаттың жаратылысын тану, Хақтың жолын меңгеру) махаббаттың шарттары мен иманды-жақсы болудың сырын енді тарқатып  Абай атамыздың  өсиеттерін түсіну арқылы талқылап та көрейік. Мұндай жағдайда бабалар аманатымен  ұстанған дін дәстүрімен салыстыру үшін, әуелі бүгінгі рухани жағдайымыздан хабардар болу да керек.

Сонымен біздер қазіргі таңдағы ел билігіміз бен дін ғалымдарымыздың пайымдауынша халықты рухани тазалыққа сырттан келетін түрлі діни ағымдар мен азғырушы ақпараттар ағымына қарсы тұрмақшы, рухани тәрбиеші дін ұстазымыз  Ханафилік масһаб дін білімі және оның бес парыздық шектеулі, шартты ғибаттық үлгілері екені де мәлім. Бірақ енді біз мұны дәстүрлі дініміз деп қабылдайтын болсақ, онда шежіреміз, тарихымызбен біріккен Аланың жібі болған бабаларымыздың аманаты түгіл, бір ғана Абай атамыздың насихатына қарсы болатынымыз да сөзсіз. Жалпы қазақ билігімен мұндай дәстүрміздің сыртын ғана мойындап ішкі дүниесіне  қарсы болып, қарсылығымызды заңмен қолдап, бекітіп оған мойысұнуға халықты да мәжбүрлеп, Абайына, рухани даналығына қарсы болып жатқан зиялы қауым мен ел билігіміздің ашық саясатынының шайтан жамағатына айналғаны да даусыз.  Себебі дәстүр дегеніміз шартты ұғымдағы құшылықтың, намаздың, салауаттың ғана түрі емес. Абай атамыздың насихатындағыдай, Алла тағаланың шексіз  қарсылықсыз 8 сипатынан, онан тарқаған қарсылықтармен бірленген 99 көркем есімдердің адамзаттың бойындағы қасиеттерге айналып бейнеленумен, Алла достарының үлгісі болған қасиеттеріне жалғану арқылы өзіміздің бойымыздағы сыртқы өсіретін, өндіретін жарықтық бақшамызға алумен, күтіп қорғаумен және бұл көркем есімдерге қарсы тұратын 8 түрлі қарсылық күштерден де көбейіп өніп тарқайтын себептерді, шеріктерді күресіп жеңіп оны бағындырумен байланысты ғана жақсы аталмақпыз. Қарсылық күштерсіз, ібілістің араласуынсыз  біздердің білімділігіміз де өркениетті меңгеруіміз де рухани қозғалыссыз, күрессіз мүмкін де емес екенін білсеңіз жындарды, шайтандарды, шеріктерді мүлде адамзаттың тағдырынан аластауға,  себебін меңгеруді ұмыттыруға тырысқан масһабтық дін ғалымдарының керсінше ібілістің еркін орындаушы тажалдарға ғана көмек беріп жатқанын аңғаруға шамаңыз да келеді. Мұны Абай атамыздың өркениетті қалыптастыруда дін ғалымдары мен әкім-ғалымдардың ерекшелігін білдірген насихатынан түсіне аламыз. Бірақ қандай тұрғыда, дәрежеде, қызметте болсын жаратылысымызды, өзімізді тану басты міндетіміз болу керек. Сондықтан Алла тағаланы тану үшін де оның бізге үлгі қылған достарына, олардың мирас болған хикметті ахуалдарына, халдеріне, рухани қуаттарына, иман серіктеріне қосылып жалғанумен ғана жақсы болуға біз бағыт алып және бұл діннің де негізгі басты шарты деп білген жөн. Себебі біздің  махаббатпен қылмақ ғибадат намазымыздың өзі салауат айтумен, дұға жасаумен оның жаратқаннан қабылдануы да біздің ішкі дүниеміздің нұрлануымен ғана нәтижелі болмақ. Олай болса нұрдың да біз қалай пайда болу, зейнеттеп алу сырын да меңгеруді түсінуге талпынсақ, онда Алла тағаланың 8 сипатынан тарқатып 9 көркем есімінен үлесін алған Алла достарына, пайғамбарлар мен әулие-әмбилердің жанына, киелі рухтарына жалғану арқылы ғана біз мұндай сыйды ала алатынымыз да  даусыз. Және бұл сипаттарды терең меңгеру үшін де біздер Абай атамызбен де шектеліп қалмай, осы замана білімімен де тереңдей зерттеп түсінуге талпынуымыз да керек. Сонда даналықтың өлшемі де шартты болмай, шартсыздың әрекетімен үнемі қуаттылығы артып жетіліп отыруға тиісті екенін де ақылмен қабылдаған жағдайда, онда біздер Ханафи масһабының пайда болған мезгіліндей ғана даналықты меңгерген әулиелерді алып, олардың жасаған ғибадатына ғана сүйеніп, онан кейінгі талай замандардың өркениетінің, әлемдік қозғалыстың кеңіп өсіп, жылдамдығы да артуын мүлде дін өркениетінен алып тастаған боламыз. Бірақ адамзаттың жаны үнемі жетілуде, кеңуде, қуаттылығы артуда екенін білген қандайда бір есті адам баласының мұндай надандықты қабылдамауы да сөзсіз. Ал рухани жағдайға келсек, рухани қуаттарды, өнерлерді, кәсіптерді меңгерумен де білімінің қуаты артып, жанның ілімі пайғамбарымыздың келген заманымен қуаты өспей дамымай тұрақты тоқтап тұрады деген надандық қана болмақ. Және қандайда бір өркениетке, адамзаттың дамуына Алла тағаланың құдіретті, ғылымды, әділетті сипаттары арқылы ғана дамиды деп иман келтірген әрбір есті адам баласына, оны меңгеруші Алла тағаладан уахи үкімдер алып дамытуға үлес қосқан достарын, елшілерінің кітаптарына жалғануды серік қосу дегеннің өзі бағзы замандағы білімсіздіктен, ілімнің жетілмеуінен туындаған ақымақтық надандықты қайталау ғана болмақ. Және шартты жағдайдағы өзгермейтін шариғаттың масһабтық білімін немесе бір қандайда бір дін ислам топтарын, тарихаттарды тұтастай  тура жолда болып,  шектеулі ақылмен байланысты даналықтан да жоғары тұрған таза ақылға жалғанған данышпандыққа апаратын бастау деп халықты алдаудың да тажалдық екенін Абай атамыздың насихатынан да мәлім екенін білуге болады. Ішкі дүниенің нұрлануы дегеніміз тағдырмен тікелей байланысты болып, әрбір пенденің жеке-жеке алатын жобасына, Құдай ісіне ғана тәуелді екеніне де алда талай мысалдар береміз. Себебі толымды, бірленген ақылсыз иман келуі де мүмкін емес. Ал ақылдық қуаттың  да шамасы мен ерекшелігі де әрбір пенденің тағдырына, талғамына, қабілетіне, кәсібіне, меңгерген  ілім, білім, өнерлеріне тәуелді болса, онда бүкіл діншілердің ақылын шариғатпен, ғибадатпен сыртын тазаласа болғаны, іші нұрланады дегеннің өзі де күлкілі жағдай екені сөзсіз. Олай болса ішкі дүниені тек исламдық дін ұстаным арқылы ғана тазартуға болады немесе ақылдың қуаттылығын меңгерген даналыққа ғылымсыз намаз оқумен, ғибадатпен жетуге болады дегеннің өзі ақылмен қабылданбайды. Себебі исламға дейін де адамзат түрлі дін ұстанып, даналыққа жетіп, өркениетті қалыптастырғаны да хақ. Абай атамыздың; «Әрбір ғалым-хакім, дана емес.  Әрбір дана — хакім, ғалым.» Ал даналық пен хакімдікті жетілдіретін ғылымды меңгерумен байланысты философиялық ойшылдықтың, абыздықтың, сәуегейліктің, әділетті заң шығаратын биліктің  қасиеттерін меңгерудің діні, білімі адамзаттың жаратылысынан бері жалғасып келе жатқанын да мойындаған жөн. Ал «олай болса тура жолдың ерекшелігі қандай болмақ?» деген сауалға Абай атамыздың насихатынан ақылдылықты, даналықты меңгеру білімінен түсіндіріп көрейік.         (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *