Қазақ дін танымы. Кеше, бүгін және ертең.

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 61

(жалғасы 2-бөлім)

Шайтан қашықта емес; өзіңде, қаныңда, туысқаныңда, ұрпағыңда үнемі қасыңнан табылады. Йодтың, су тегінің және натрий қышқылының қосындысы түрінде адам тәнінен де, көктен де орын алады. Сыртан Ібіліс «теріс ой» болып сөзді салады. Қазақтың елдігін ұрпағын аздыру үшін ең күшті, қаиетті аманатын яғни әлмисақтан бергі антын бұзса болды, Абыл мен Қабыл арасында болған қызғаныш пен көре алмастық, ағайынын оп оңай өлімге қиятын, қастандықтың құрбанына ұшырау даусыз. Аз ғана қазақ ондай дертке сынақтарға ұшырап, нәтижесін әрбір пенде бастан өткеріп жатырмызда. «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ!»

Әйелдерімізге европаша теңдік бердік деп, жүгенсіз жалаңаш көшеге жіберіп, ұят кеткесін иманымен бірге іштен «қызыл» «үміні» (имунитет) жоғалып, шеріктер (азғындары) қосылып, азғындық дертіне ұшырап, ұрпақ азып, қайқы құйрық құлдарды көбейтіп, «гендірлік» қырылудың алдында ғана тұрмыз. Қыздың бетінің ұяты, қызылы кеті дегенше қызуы да, аналық адамзаттың нәрі сүтіде кетті дей беріңіз. Ата –бабаларымыз қыз баланы ешқашанда ер баламен тең ұстамаған! Қыз жат жұртық деп, ер баладан артық мән беріп, тәрбилеп, ерекше күтімен бәйгеге қосатын тұлпардай баптап, «ат ататып сүйек сындырмасын» деп тілеген Құдайдан!

Ал әйелін шайтанның құлдығына беріп, ауру сырқау қылып, жұртың қара сұғын-қадалтып, тәнге «құсығын» жинатып, аздырған еркекті «шалбары жоқ» — еркектің намыстық, жыныстық қасиеті жоқ деп түсінген. Қазіргі қазақта бір жағынан дінменен, екінші жағынан орыстың, европаның тілімен, ана тілімізден қашқан жастарымызда, үлкенімізде жерлік қуатымыз жоғалып, қылығымыз өзгеріп, шерік қосып, қыз теккелер саны күннен күнге артып жатыр. Ақылы толмаған жастарды ант беруге қажыға немесе өзге елдің шерігін (әлқуат) алуға «умраға» деп, кіндігін өз жерімен-діңімен бекітпей, тегінен үзу үшін, өзге елдің қылығына, әдетіне жалғап, серіктерін (үнін, ақылын) қостырып, діни сауатыларымыз шерік қатып, күдіксіз серік қосып, құран аяттарына ортақ қосып кәпірге айналуда.

Шеріктің қағидасын Забурден, ал Забуді Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымыздардан, ал оны толық меңгерген бабамыз Амур Дария Забур патша Таразда билік жүргізіп, Ескендір патшаға құдайдың сүйген елі екенін дәлелдеп, өзі Новаиде жатыр. Шерік қосудың тағы бір белгісі; «Қызылбастан қыз алсаң, үн жоғалар, үн жоғалса, көкіректен сөз жоғалар» деп арап тектес елден қызын да алуға болмайтынын, шерікпен, серік қосылатынын ескерткен нақыл қалған бабаларымыздан. Алла жолы мен дін жолының қағидаларының негізі бір жерден тоғысқамен, орындалу тәртіптері бөлек. Меккелік араптар басымдылығы дін жолынан басталып, намаз оқудан басталса, түркі халқы тазару, намаздарды орындау арқылы ғана Алла жолымен намаз оқуға дейін жету керек.

Ал барлық ислам елі төрт кітапты бір жүйеде құлшылықта тоғыстыру арқылы ғана намаздарды толық орындап, тура жолға түсе алады. Алла жолының басты қағидасы артық хайыр жасау! Ал қазақтың әдет-ғұрпы қонағымен барын бөлісіп, немесе бір-біріне, ағайдарына қайрымдылығымен, қолындағы бір үзім нанына дейін өле жегенше бөле жеу. Аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла Тағала оны толық біледі.» (3-92) Шайтанның негізгі аздыру амалы; адамдарды кедейлікпен қорқытып, артық берсең Алла енді бермей қояды-деп, жаратқан атынан уәде беріп, сол арқылы пенделерді сараңдыққа тәрбиелеп, жолдан шығару.

Сонымен қазақ елінде шайтанға көмекшілікке тұрған діншілдермен, европашыл әкім қаралар, тілші жазғыштар арқылы шайтанның үстемдігі қазақ жерінде түгел орнады деп айтсақ жаңылмаймыз. Егер нанабасаңыз діни сауаты деген пенделердің еңбектерін оқып немесе сұхбат құрып көрсеңіз сізді бірінші шайтамен, жынмен қорқытып алып, қақапанына түсіреді де ақылыңызға ноқта салып, сыпайы ғана сіздің арап тілін білмейтініңізді пайдалана қояды. Тіл негізінен шайтанның басты қаруы. Көркем сөзден қашады, жанады. Қандай адам не нәрсенің сырын, ғылымын білмесе соның құрбаны немесе қызметшісі болады.

Қазіргі қазақ діншілеріне түгелдей тән қылық шайтанды жеңу, жынды меңгеру амалын үйретуден көрі қалай тығылып қалу немесе бұғып қалуды дәріптейді. Сол себептен де шайтанға, жындармен қара күштерге қарсы соғыс жариялап, тура жолға бағыт алған керуеннің жолын кесіп, жол торушы қарақшыларына айналып алды. Оған қазанның құлағын ұстап, елді игілікке, ізгілікке шақырушы дәрежесін бергеннің бәрі дерлік, аяғын тәй-тәй баса бастаған ұлы көшті керуенің алдын кесіп, болашақта өнімін жемісін берсе жеңіліске ұшырайтынын сезгендей жанталасып; «Қазақ халқы бұрыннан адасқан, әулие деген «ширік», адамға пайда да зиянда тигізе алмайды. Әулие аралап, күнәдан тазару деген не сұмдық! Арақтан тиып, арамнан заңсыз яғни қылмыстық жолмен емдеген не деген сұмдық!

Ал олардың дін ғылымы түгіл қарапайым жартылыс заңына қайшы; олар жын арқылы емдейді деген не сандырақ? Онда боқты, боқпен жуып кетіруге болатын болғаны немесе жындар, шайтандар бір-біріне соғыс ашып құртатын болса біз білмейтін жаратылыстың басқа кезеңі басталып, бәріміз періштеге айналып, онда жаратқанға жалбарынудың, құлшылықтыңда қажеті болмай, тек мадақпен сәзжде жасау қалады емес пе? Кезінде тәураттықтар Ғиса пайғамбарымызға осыдай ақымақтық сөздер айтқанда; «Егер бір күштінің үйіне ұрлыққа түсетін болсаң үйдің егесін байлап тастамай үйін тонау мүмкін бе?» деп қарсы астарлы сұрақ қойған екен.

Болмаса халықты тазаруға шақырып, Аллаға мадақ айттырып, сүйген құлдарына сәлем бергізіп, өздеріне жәрдем сұрауды үйретіп, сол үшін жол қаражат және садақа ақшаны жинап, байып кететін болды, садақа бергеннен халық кедейленіп, ал Алланың оған беретін несібесі тоқтап қалуы мүмкін деп, ашықтан-ашық елді құран аятына қарсы шығуға яғни Алланың өзіне қарсы болуға шақыруды, жаратқанның үкімін мазақ қылғандарды мұсылман атауға да кейде ауыз бармайды. Қиындыққа душар болып, жамандықтан, ауруынан құтылуға берген қаражатынан неге салық төлеу керек!

Мемлекетіміздің жын-шайтандардың мекені ойынхана- казиноға барып, қанша ақшаңды алдап алуға заңмен ұлықсат және алдайтын сарайлары да бар. Ал сол ойыныңнан от шығып үстіңе жүктелген жүктеріңнен тазарып, ел жұртыңа тілек тілеп дұға жасайтын орындарға «лицензия» алып бармасаңыз қылмыс болып табылады. Оған негіз; шариғатта олай, араптарда бұлай..тб. Діни сауаты жоқ адасқандар!-дегендей толып жатқан жарнама елді бір-біріне айдап салған, Ібілістің лаңына белшеден батып, арты әртүлі адамдар өлімімен апатарға, жазылмас ауруларға, ұлттық қайғыға әкелетін Ібіліс жолына яғни өлім жолына түсіп алдық. Жасасын бірбеткейлік, жойылсын ескілік!- деген ұранға айналды.

Болашақ бұл бағыттан таймасақ, жастарымыздың жүректері рухани өліп, қайта тіріле алмай бүлдіргіге «тероризмге» немесе өзін-өзі өлтіретін жалған діннің құрбанына айналып, жеті айтпақ түгілі сан айтсаң да, намаз оқудан басқаны білмейтін, жүректері рухани өлімге ұшыраған, сырты бүтін, іштері түтін, сырт бейнесінің өзі кім екені белгісіз мәңгүт, мақтаншақ, құран жаттағыш надан, тек дінде солай деп айты десе артын тексермей нана салатын, қара сақал, қаба сақалды жалаң аяқ, ит иісті, әлемдегі екі жүзділер санын толтыра бастайтыны даусыз.

Белгілері басталыпта кетті. Сенбесеңіздер мешіттерге жиі барсаңыздар болды. Аятта: «…Алла бүкіл тәккәпар, мақтаншақты (білдіман) жақсы көрмейді.(23) Олар сондай сараңдық қылып, кісілерді де сараңдыққа бұйырған. Ал кім жалтарса, Алла тым бай, мақтауға лайық.» (57-24) Бірақ; Алла тағала жаман адамдар арқылы да дінін нығайтуға күші жетеді –деп сүйікті пағамбарымыздың өсиетінен күш алып, сонда да аруағын құрметтеп, белгілер қойып, көпшіліке ас беріп; «Ит үреді, көш жүреді.» деп қазақтың әдет-ғұрпын жалғастырып, тағынан түсіп қаламын деп қорықпайтын әкімдердің және құранды оқымай, зертемей жүрегіне жазылып туған, бірақ діни сауатсыз аталған текті жастарымызбен, көк жиекті көріп өскен санаулы үлкендеріміздің ниетінен, тілегінен жасап жатқан амалдарынан болар, көрші елдерге қарағанда көш ілгеріміз.

Құдайға оғанда мыңда бір шүкір етіңіз оқушым. Сондай тегіне тартқан тектілеріміз көбейе берсе деп тілейік!«Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. Әмірлерін (әулиебаталарын) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.(16) Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (әдет-ғұрыпты орындау) оны сендер үшін неше есе артырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.» (64-сүре 17аяттар) Демек намаз оқып сұрағаныңды ғана алсаң, намаз орындап артығымен көбейтіп, дәрежелеп аларсың, сараң болма, жомарт ізгі бол дейді жаратушымыз. Онда жаратқанға үкімге қарсы шыққан діни сауатылар, осы уақытқа дейін халықты алдап, Алланың атынан серік қосқан болғаны ма?

Олай болса қазағымыздың кейбір әкім қараларымен, жол торушы заңгер, ояз жасауылдармен, жандайшаптары түгел кәпірге айналып, аруақтың назы, құдайдың қаһарына қалатын болғаны ғой? Жоқ! Жаман да болса өз ағайынымыз, өз қазағың, кекшіл болмай көпшіл болып бітімге шақырайық. Аятта; «Сендердің біреулеріңе өлім (ауру) келіп; «Раббым! Мені жақсы бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп ізгілерден болсам! Деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.» (63-10)

Болашақтағы қиямет-қайым белгісінің бірі, садақа алатын адамдар болмайды. Себебі садақа сенің қайғың, қасіретің алған аманат жүгің! Ал оны екінің бірі мойнына жүктеп, сенен жеңілдете алмайды. Тек жаратушы тарапынан ғана белгілі адамдарға ұлықсат береді, аянмен ескертеді. Енді жаратқанның мейрімі түсіп, әзірше бір-біріңе садақа беріп, тазарыңдар деп үкім беріп қойса, қуанудың орнына артық қайғыны бастарымызға, жан ұяларымызға, елімізге сатып алғанымызға менің түсінігім жетпейді. Түркия мемлекеті мешітке береген садақаны да өздеріне жұмсатпайды жалақысын үкімет береді. Ол елінің діншілерін артық жүктелуден сақтау амалы.

Шындығында осындай қарапайым ақирет сауда-саттығын ұмыттырған надандықтарға түсінуге ақылым жоқ деуге болады. Тек менің білетінім; қазіргі таңда садақаның жүгін артығымен жүктелуге ынталылар; мешіт т.б басқалай ақшамен емдейтін емшілер, өз еріктерімен артығымен жүктеліп алып жатыр. Көтергенінше ала берсін, тек арты немен аяқталарын бір Аллаға мәлім. Себебі аруақтардан бата алып, бірлесіп тазару амалдарын жасап жатқан жоқ көбісі. Сондай Алла жолында соғысқандарға тиісті садақаларға әкім қараларда көз алартып, жаратқанның үкіміне ақша төлетіп, «бизнеске» айналдырып 7-атаға дейін ұрпақтарын қысқартып, болашақта келетін сынақтармен, өлімге, қасіреттерге өздерін дайындап жатқан жайы бар. Алла иман берсін оларға, шайтанның шеңгелінен босануға ақыл бере көр деп тілеңіздер ағайын!

Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар. Мүмкін ақыл аруақпен еніп, күнәсін жуып үлгірер. Сондай болуға тиісті ертеңімізді ойлау үшін де өткеннен хабардар болғанымыз жөн болар. Ал өткеннен қалай хабар білмекпіз? Ол үшін әрбір ізгілікке жақсылыққа бастаған істен, жиіркенгеннен аулақ болып, жалғандыққа себепші болған әдетімізден арылу керек. Шариғаттың негізгі заңдылығы Інжіл қағидасы, насихаты. Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен үлгі, өсиеттері. Адам атадан бері жалғасты келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді құран насихатымен, көктен келіп жатқан уахи батамен ескіргенін жамап, тозғанын жаңалау керек! Тылсымнан түскен хикметтерге, баталарға нақты ғылыми сараптама жасалу керек. Қазақта ондай зертегісі келетін ғылымдар болмай немесе сауаттарымыз, біліміміз жетпей жатса шеттен ақша төлеп шақырту керек!

Сырт көз сыншыл, әділдігін айтар. Себебі діни сауаттылардан (текті, қасиетілер) айырмашылығымыз құдайдың түсірген хикметін көрсеттетін нақты дәлелдермен көрсеттетін шәкіртерімізде бар. Әйтеуір ұраншыл, пәтуасыз асыра сілтеу құрығынан тығылып болса да аман алып қалып, текті шәкірттерді болашақ «қожаларды» тәрбиелеп, халыққа және әлемге де ұялмай көрсеттетін жағдайға жеттік. Бұл жетістігімізге Раббыларымызға мыңда бір шүкір! Енді халық алдында ашық түрде, «медицина», жан ғылымын зертеушілермен, діи хазірет, шейхтармен емшілік, көріпкелдік құпиялармен сынға таразыға түсуге шақырамыз. Құр сөзден іске көшетін, нақтылықпен халық алдында сыналатын кез туды. Ақ қарасын бағалауды халықтың өзіне ұсынайық!

Діннің толық нәтижесі, жемісі тірі адамға пайда беріп, аурууынан сауығып, несібесі молайып, ақыл-ойы дұрысталып, әр түрлі қасиеттері оянып, шабыт, өнер, ақындық, шығармашылық, шешендік қабілетімен көріпкелдік (интуиция) сана-сезімін артырмаған дін- адасқан дін. Дін деп айтуға болмайды. Болмаса қандай да бір қарсылықтың (жын-шайтан.тб) заманға сай құбылыстың зиянынан ғана сақтануды меңгеру емес, керісінше зиянсыздандыру әдістерін меңгеріп және оларды жақсылыққа ізгілікке қызмет жасату керек!

Шайтанды нәпсіге айналдырып, нәпсіні тәрбиелеп, өзіңнің қол балаң болғанда, жынды меңгеріп күш көлік қылып малдан, ламға, құланнан-ланнан «нал»-ға ақшаға айналдырып, «Ібілісті» қайта періштеге (кісі) айналдырып, өзіңе қызметке тұрғызып барып, Раббыңа қосыласың. Сондықтан «ештен кеш жақсы» дегендей, алда елімізге, жерімізге келіп тұрған сынақтардан, әр түрлі өлім апаттардан жеңілдікпен өту үшін, қоғам болып ұйымдасып, әлемге үлгі ұрпақтарды емшіліктің, көріпкелдіктің, тылсымның жаңа белесіне көтерілуге жаратқаннан мүмкіндік берілсе, шеттен келген азғыруға еріп, ғылымын білмей, одан неге бас тарту керек?

Келіңдер зертеңдер, сынаңдар деп, шырылдап, талайының есігін қаққаныңмен әлі сол үнсіз жартас. Сонда кімдер надан, кімде таза дін бар? Солақай заңшылдардың, қазақ тілін мазаққа айналдырып; «заңсыз пара алған, заңсыз есірткі сатқан, заңсыз адам емдеп, жақсылық хайыр жасаған..т.б» олай болса заң жүзінде пара алатын, есірткі сататын, көлеңкелі қылмыстармен айналысатын халыққа көрсетпейтін, өздері ғана пайдаланатын заңдары болғаны ма үкіметтің? Осындай ақылға сыйымсыз сорақы заңдарға енді «заңсыз зираттаған» (қылмыстық жолмен) деген заңды шығарған, ойлап тапқандарға, онда болашақта ақиқатын көрсетіп, заңмен тілдерін кесуге де болатын шығар?

Көшеден болмаса, әйтеуір ішімізден өздері қалай жүрерін білмей жүргендерді таңдап тауып алып, болмаса көрмей, білмей алыстан сермеп, оймен жорып, долбарлап жазып, адам жазған шеттен алған заңмен қудалап, енді көктеп келе жатқан дініңнің- діңінің тамырын сумен емес, өтіріктің умен суғарып, тарихта болашақ алдында, таңбаланғандарды; «залымдар, кәпірлер отанын сатқандар!» деп атаудан басқа қара халықтың шарасы да нанатын шариғатыда жоқ.

Ең ауыры да қара халықтың қабырғасына бататын жағдайдың бірі; Алланың қазақ халқының бақытына және әлемнен өз орнын табуына жіберілген армыздан тағайындаған ел басымыздың да сондай адам шайтандарға алданып, қазақ тарихында әділдікпен, елін қорғаған тарихтан орнын алған хандардың бірде-біреуінің істемеген және түркі ата-заңының туы болып саналатын аруағына қолы түгі тілін де тигізгенді қатаң жазалаған ата заңымыздың «жалауының» бұзылуына жол бергізгендігі!

Шыңғысқан бабамыздың ең үлкен артына қалдырған мұрасы, алтын ғасыр орнатып, сарайлар салып, елді тойындырғаны емес, текті қыпшақтардың аруақ заңын, дінін әлемде биікке көтеріп, әлемдік рухани байлығы, Адам атадан келе жатқан мұрағат; «Отырар кітапханасын» елді азғырған діншілердің, қызылбас, арсат, парсаттардың өзгертуінен сақтап, біздерге тығып қалдырғандығында! Әлем таба алмай жатқан Шыңғысқан тықтырған қазынасының үстінен күнде өтіп жүрміз. Ал Ескендір Зұлқарнайынның мұрасы әлемде қалалар салып, елдерді өркендеткенінде емес Ер Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарға түсірілген дінді , рухани байлықты, аманатты ақтап мәңгілікке аттары қалды.

Әлем алдында Қазақ аруағының дінің ең биік дәрежесі екенін дәлелдеуге, көктегі сақтаулы рухани байлық, қазынамызға қол жеткізу үшін; «жер дауымен, жесір дауын» халық игілігіне, ата заңымызға сай шешіп, жесіріне, жетіміне қайыр жасаған қылмыс деген елге қасірет әкелген заңға тосқауыл қойып, жаратқанның алдында ел басымыз аманттан ақталсын деген үмітпен елді бірлесуге шақырамын. Сондықтан жаратқаннан ел басының ғұмыры ұзақ болсын деп; ел заңымен жер заңының яғни ата дініміздің қалпына келтіруіне үлесін қосып, тарих алдында жүзі жарық, артында дұрыс ізі қалсын деп тілеңіздер, сұраңыздар ағайын! «Жаңылмайтын бас, сүрінбейтін тұяқ болмас!».

Бауыржан атамыз жолдасына соғыстан жазған хатында: «Кемеңгер жігіттерге ақыл айтудан мен аулақ, бірақ ойдағы нәрсе халық ісі болғаны үшін жазғаным еді. Біздің кейбір, әжептәуір адамсынған жігіттеріміз баспа бетінде, көптің алдында «біз қараңғы жабайы, надан, сорлы едік.. біздің дүниені танымаған, даланы жайлаған айуан қатарлы халық едік..» тағы осы сияқты бірнеше жалған, өтірік өсек, қиянат жалынышты сөздер айтып, ел еңсесін селге салып, жер етіп жүргендер аз емес пе?

Біздің бабамыз кімнен кем, кімнен сорлы еді? Мың жыл жасаған қазақтың ішінен ақылды, пайымды адамдар бүгінгі таңда ғана шығып па? Кемеңгерлік, данышпандық, ел қасиетін, бабамыздың аруағын тепкен тентектердің аузына қашан тиым салынады? Бабамыздың адамгершілігі, ерлігі, арқылы сипат, салтанаты көп алдында әділ баға алып, немере-шөберелеріне қашан мақтаныш, тымсал мысал болып жұрт алдында еңсемізді қашан көтереді? Басқалар бабалар аруағына сыйынып, бас ұрғанда, ондай міндетті борышымызды басымыздан атқаруға біздің ұялуымызға жол болсын? Басқалар бабаларының мінез-құлқына, өсиет, ақылына, әдет-ғұрпына жаңа өспірім балаларды тәрбиелегенде, біз халық қасиетін, тарихын мәдениет, әдебиетін елден жасырып, архив пен филалға тығып, сүрі еткеніміздің жолы қайдан шыққан әдепсіздік?

Ұялмай- қызармай консервировать ету-жастарға қара перде емес пе?…Бояушы бояушы десе, сақалын бояйдының кері келіп, ескіні естен шығарып, жаңаға басы айналған милауларымызды таяқ алып, қой баққаны елге де, іске де, тарихқа да көп олжа болмас па еді… Өз басын, ұлтын қадірлемеген азамат елге тұлға болмас, жат ұлт елдің қадірін адамгершіліктен тани да алмас, оны сыйлап, ізеттеп, құрметтеп те алмас.. Оларға: «Енеңді.. сені де әкең ұлым депті ғой» дегенен басқа не айтамын.»

Майданда жүріп елдің келешегін ойлаған, батыр атамыз енді тылсымнан елдің болашағы үшін соғысып жатыр. Елге қорған, артына өшпес із қалдырған аталардан асып қайда барамыз, арамызда елге тұтқа, жылағанға жұбаныш, елдігін жоғалтқан тентектерге тұсау салып, небір сайқал сатқын саясатшылдардыда арқаларынан қағып, ел кемесін жартастарға соқтырмай алып келе жатқан, көңілге жұбаныш кемеңгер ағаларымызбен замандас інілерімізден, аналарымыздан кейбір сөздерім ауыр тиіп жатса алдын ала кешірім сұраймын.

Бірақ тарих үнемі қайталанып, сол қателіктерді түзеумен ғана ұрпақ сабақтастығын, өркенитті қалыптастыруға болады. Тек арамыздағы бас бұзар тентектерге, батыр аталарымыз тірі кезінде заңыңа қарсы тұрып боқтай білсе, енді аруақ болып атада біледі демекпін. Аруақтың назы ұзаққа апармайды. Кезінде халық жауы немесе ішіп, жеп қойды деп бір уыс бидайға бола елін, жерін, ағайынымен қоса отанын сататын тентектеріміз әзірше жеткілікті арамызда. Бұрын ағайынын ит жеккен жаққа айдатса, енді дінімен (отанын) қоса тілінде, шежіресінде күл төккенге айдатып жатыр айрмашылығы сонда ғана.

Болашақта; «Отырар кітапханасымен бірге, Адам атадан бері жазылып келе жатқан, құранда ескерткен; «Теріге жазылған кітапқа серт!» деген аяттың үкімі орындалып, пайғамбарымыз оқып; «Із бөрі» деп ат қойған, бес әулие батасы бар; «Бес таңба» кітабымыз жарыққа шықанда сонда бәрің, үлгі тұтқан шары бұзылып, шарасыздыққа, бүліншілікке ұшырап жатқан елдерге көшер ме едіңдер діни сауатты және ел тізгінін сеніп тапсырған мырзалар? Кезінде сақтың, тектінің қызы Әмина анамыздан туған Жүсіп пайғамбармен және кейіннен Дәуіт пайғамбарымызға еріп барған сақтың ұлдары қожалар болмаса, құрайыш кімнен тарар еді? Ол қожалардың тегін жоғалтпағандары пайғамбарымыздан ислам дінін үйреніп, бәрібір ата жұртына қайта келді.

Асыл текті пайғамбарларымыздың бастарын тауып, әлемге жариялаған кезде қай беттеріңмен ақталасыңдар? Сіздерден тентектер, ондай алысты болжап, ештен кеш жақсы деп, ақиқатың алдында тізе бүгер тектілік әзірге көрінбейді. Енді бой көтеріп келе жатқан жас шыбықтай өрендеріміз; қазақтың қызы түгіл, еркегінде әзірше сыртқа жіберуге болмайды. «Әдеті жаман елге әйеліңді де қонаққа да апарма!» Әлемге әмір жүргізіп, ақыл айтатын қожалығымызды, тектілігімізді таза қанымызды шерік қостыртып бүлдіріп, шерікке тосқауыл болатын дінімізді, әдет-ғұрпымызды жоғалтып алдық. Елге әлеммен бірге төніп тұрған сынақтардың алдын алу үшін Ізбөрі анамыздың, сосын Алтай Жүрсін, Алаш қаһан, Бабыралы Бақанас, алтын адам деген Ұлсай Емер анамыздың, Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың, Қажы бабамыздың, Салих пайғамбар, Ыбырайым пайғамбар, Ысқақ пайғамбар, Жақып пайғамбар.т.б өз кезегін күтіп жатқан жағалы бабаларымыз бен асыл аналарымыздың бастарын көтеріп, әлемге үлгі тұтып дәріптейік.

Пайғамбарлардың дені сақтан тарағанын, құранда ескерткен тура жолды көрсеткен, әлемді шерік қосудан тазартқан Жүніс пайғамбардың тегі Қазақ, Созақ пайғамбарлардың ұрпағы екенімізді әлемге айтып мақтану үшін, асыл бабамыздың топырағын болса да, Жапон жерінен елімізге әкеліп зираттайық! Туған баласы әулие атамызда шет жерде жатыр. Түркі әлемін қырғыннан сақтап қалған Астананың орнында үш елдің туын ұстап, алты алаштың басын қосып сарай тұрғызған, Тұғырыл Торыхан Аякөз патша да қырғыз елінде жатыр. Ешқандайда қаражатсыз Кенесары хан, Наурызбай батыр аталарымыздың басын да көрсетіп, қазақ дәстүрлі дінінің аруақтың хақтығын дәлелдей аламыз.

Егемендігімізге жеткізген жаратушы алдында қанымен, қыршын кеткен, өне алмаған дәнімен, өркен жаймаған сабағымен садақа берген ата-баба рұхына бәрібір боққа айналар дүниеңнің бір тамшысын садақаға жұмсағаннан, болмаса жылына бір барып, құран бағыштағаннан кедейленген бірде-бір қазақты 8 жыл болды көрген де естіген де емеспін. Керісінше мыңдаған жан ұяның бақыттың дәмін татып жатқанына құран ұстап ант беріп, дәлелдеп бере аламын. Надандықтын құрсауынан құтылар бірақ жол, үкімет тарапынан уақыт созбай заңмен қолдап, еліміздің үштен бір бөлігін болсада бабалар батасымен табандарын жаннат есіктерінен өткізіп, таңба алсақ, әлемдегі 50 ел қатарына емес, алдыңғы көш басшы елге айналатынымыз сөзсіз шындық. Ал ұрпақтары оянар деп, күтіп жатқан бабаларымыздың сақтап, күзетіп жатқан, ұрпақтарына деген қазына таңбаларды жарыққа шығарайық.

Жылқы мінезді текті Қазақтың тектілерінің сынықтарын, намыстары болса дүбір шықса, жүректері өліп ,тірі өлікке мәңгүтке айналып, рухыда өліп қалмаса ұйқысынан оянар деп күтіп жатыр бабаларымыз! Жеке-жеке тапсыратын аманаттары тағы бар. Шеріктерді қоспайды бөліп-бөліп алады есеп білмейтін, есек діншілерге де жүктеп, лайықты орнына тапсыруды үйрету керек. Бұл қағида Ясауи бабамыздың пайғамбарымыздың ізгі істеріне жалғап көрсеткен жолы. Ал қауымыңа жеті ата жұртыңа жүктелген аманатқа қиянат жасау, серік қосып, елшілерге, жол басшыларға, халыққа көрсеткен аян- аяттарға ортақ қосып, өзіңе болшақ тағдырыңа зұлымдық жасаудың ең үлкені екенін біліңіздер діни сауатты ағайындар. Тылсымнан берілетін бабалар батасымен ғана құран аяттарының насихаттары ашылып, әлемдегі ең озық қасиетті рухани нәр берген, бейбітшіліктің, бірліктің, елдіктің туын желбіреткен, бұрынғы бабалар тарихына шежіремізге қайта оралайық.

Келешек ұрпағымызға алтын ғасырдың дәмін татыру үшін; Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасап, әрбір әулиенің басындағы тексіздерге көрінбейтін көркем сөз ағашын; көп болып құранмен суғаруға жабылып үлес қосып, жаратқанға дұға тілекпен көкке көп болып жалғансақ қана, жұлдыздар сәулесі жерге жетіп, аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, ұрпағымыз өніп, қарнымыз тоқ болары сөзсіз ақиқат. Бұл аманатқа қиянат жасамаған қазақтың ғана атар таңы және ертеңі! Әлем іздеп басы қатқан тақуалығыңда, заманына сай сопылығыңда, жаннатқа апарар тура жолыңда, дінің де, таза ділің де жемісі сонда ағайын!

Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Қарасай ауданы, Алғабас ауылы Бейбітшілік №6.

Тамыз айы 2010 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *